Негіздері


ішкі сапасының әртүрлі  болуына алып келеді, оны  ооплазматикалық сегрегация



Pdf көрінісі
бет110/228
Дата21.11.2022
өлшемі8,4 Mb.
#159250
түріОқулық
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   228
Байланысты:
tұңғyshbaeva-z.b.-czitologiya-zhәne-gistologiya-almaty-2015-274-bet.

 
ішкі сапасының әртүрлі 
болуына алып келеді, оны 
ооплазматикалық сегрегация
деп атайды. 
Ооплазматикалық сегрегация ұрықтанудан кейін күшейеді де, ұрықтың 
бастапқы жіктелуіне негіз болады. Жұмыртқа жасушасына сперматозоид 
енген соң цитоплазмадағы компоненттердің қайта бӛлінуі жүреді, сондықтан 
зиготаның бӛлшектенуі кезінде бластомерлерге түскен цитоплазманың 
құрамы әртүрлі.
57 – сурет. Жҧмыртқа жасушасының цитоплазмасындағы 
химиялық әртҥрлілік
Анимальді полюсі 
Вегетативті полюсі 
Эктодермалық позиция 
Мезодермалық позиция 
Энтодермалық позиция 


128 
Осыған сәйкес цитоплазманың әртүрлі құрамы әртүрлі ұлпалардың бастама 
жасушаларына бӛлінеді.
Жеке даму кезіндегі зигота құрамындағы бастапқы бағдарламада 
кеңістіктік ақпараттар
бар, ол эмбрион құрылымдарының дамуы 
барысында арқа-құрсақ және алдыңғы-артқы координаттарды анықтайды. 
Жасушаның 
позициялық ақпаратына
сәйкес мүшенің бастамасы ӛзінің 
орналасуын координаттық жүйе бойынша бағалап, содан кейін сол жағдайға 
байланысты жіктеледі. Жасушаның орналасуы ұрықтың ұзына бойы осіндегі 
белгілі градиентпен орналасқан кейбір заттардың концентрациясымен 
анықталады. 
1.9.7
Аталық және аналық жыныс бездері 
Аталық жыныс бездері - 
жыныс мүшесінің күрделі бӛлігі. Онда
жыныс жасушаларымен қатар жыныс гормондары да түзіліп отырады. 
Аталық бездердің құрылысы әр түрлі болып келеді. Адамдарда аталық бездің 
пішіні жұмыртқа тәрізді, күрделі түтіктерден тұрады 
(58-сурет)
. Сырты ақ 
қабықпен қапталған, іші тығыз дәнекер ұлпалардан түзілген перделермен 
бӛлінген бӛлімдерден тұрады. 
Олардың әрқайсысы иректелген шәует 
түтікшелерімен толтырылған. 
Жыныс жасушасы ӛтетін әрбір түтіктер арасы 
борпылдақ дәнекер ұлпамен толтырылған. Жыныс жасушасы ӛтетін түтіктер 
иректелген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   228




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет