124
Сонымен, ағзалардың кӛбеюі негізінде жасушалардың митоз және мейоз
жолымен бӛлінуі жатыр. Бірақ, олардың бір-бірінен айырмашылықтары да
бар (54 сурет).
1.9.6
Жыныс клеткаларының қҧрылысы. Ҧрықтану
Гаметалар жоғары дифференциацияланған жасушалар. Ұрпақтан-ұрпаққа
тұқым қуалайтын ақпараттың берілуін қамтамасыз етеді. Сома
жасушаларымен салыстырғанда гаметалардың бірқатар ерекшеліктері бар. Ең
негізгі ерекшеліктері:
1) ядроларында гаплоидты хромосомалар жиынтығы болады. Ұрықтану
кезінде гаметалардың қосылуынан түзілген зиготада, сол ағзаның түріне тән
хромосомалардың диплоидты жиынтығы қалпына келеді;
2) олардың кӛлемі мен пішіндерінің және құрамындағы ядро мен
цитоплазманың кӛлемдік арақатысының ерекше болуы.
Аталық және аналық гаметалардың ядросында организмнің дамуын
қамтамасыз ететін тұқым қуалайтын материал тең болады, бірақ
құрылысында айырмашылықтары бар.
Жұмыртқа жасушасының
қозғалу қабілеті жоқ, домалақ не сопақшалау
келген ірі жасуша (55, А сурет). Овоциттің диаметрі 130 мкм, фолликулярлы
қабықшалармен қоршалған, цитоплазмасы мӛлдір, ядросында хромосомалар
жиынтығы гаплоидты, ядрошығы жақсы кӛрінетін жасуша. Ӛсу кезеңінде
а-РНҚ мен т-РНҚ синтезінің белсенділігі артады.
Овоциттің ерекшелігі – жасуша орталығы болмайды, сары уыз синтезі
белсенді жүреді, пісіп-жетілу кезеңінде цитоплазманың шеткі ұшында
мӛлшері 1 мкм, саны 4000-дай
Достарыңызбен бөлісу: