Негіздері



Pdf көрінісі
бет157/228
Дата21.11.2022
өлшемі8,4 Mb.
#159250
түріОқулық
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   228
Байланысты:
tұңғyshbaeva-z.b.-czitologiya-zhәne-gistologiya-almaty-2015-274-bet.

 


192 
2.1.6 Эндотелий 
Эндотелийдің құрылысында эпителийдің кейбір белгілері мен 
дәнекер ұлпасының қасиеттерін байқауға болады. Кейде оны жеке ұлпа 
ретінде қарастырмайды, бірақ та эпителийге, әсіресе, мезотелийге сырттай 
ұқсастығы болғанымен, эндотелийдің кейбір ерекше белгілері оны дәнекер 
ұлпасының бір түрі ретінде қарастыруға негіз бола алады. 
Эндотелий алғашқы қан тамырларының жасушаларымен бірге 
мезенхимадан дамиды. Жүректің, қан мен лимфа тамырларының ішкі бетін 
астарлайды. Эндотелий жалпақ бір қабатты эпителийдің (мезотелийдің) 
жасушаларына ұқсас жалпақ жасушалардан тұрады.
Азот қышқылды күміспен ӛңдеген кезде ғана жасушалар шекарасы 
жіңішке ирек-ирек сызық болып байқалады. Эндотелийдің жасушаларында 
бір, екі кейде үш ядро болуы мүмкін. Цитоплазмасында жалпы жасушаларға 
тән органоидтардың бәрі де болады. Эндотелий жасушаларының бос бетінде 
микробүрлер байқалады. Эндотелийдің микробүрлері құрылысы мен 
функциясы жағынан эпителиальді жасушалардың микробүрлерінен ӛзге, саны 
аз және бұтақталып келуі мүмкін. Эндотелий базальді мембрананың үстінде 
орналасады. Кӛк бауыр, лимфалық бездер, бауыр сияқты қорғаныш қабілеті 
айқын байқалатын мүшелерде қан капиллярлары кеңейіп, синустар мен 
синусоидтарға айналады. Олар арқылы ӛтетін қанның ағысы баяулайды. 
Аталған мүшелердің эндотелийіндегі жасушалар фагацитоздық қабілетке ие. 
 
Бақылау сҧрақтары: 
1. Ұлпалар туралы түсінік. 
2. Эпителиальді ұлпалардың сипаттамасы және оған тән белгілер. 
3. Эпителийдің морфологиялық классификациясы. 
4. Эпителийдің онтогенетикалық және филогенетикалық классификациясы. 
5. Эпителийдің функциялық классификациясы. 
6. Бір қабатты жалпақ эпителийдің сипаттамасы. 
7. Бір қабатты куб тәрізді эпителийдің сипаттамасы. 
8. Бір қабатты призма тәрізді эпителийдің сипаттамасы. 
9. Кӛп қабатты эпителий. 
10. Кӛп қабатты мүйізденбейтін эпителийдің сипаттамасы. 
11. Кӛп қабатты мүйізделетін эпителийдің сипаттамасы. 
12. Безді эпителий. 
13. Безді эпителий түрлері. 


193 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   228




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет