Негіздері


Кӛп қабатты мҥйізденбейтін эпителий



Pdf көрінісі
бет154/228
Дата21.11.2022
өлшемі8,4 Mb.
#159250
түріОқулық
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   228
Байланысты:
tұңғyshbaeva-z.b.-czitologiya-zhәne-gistologiya-almaty-2015-274-bet.

Кӛп қабатты мҥйізденбейтін эпителий
Бұл эпителий механикалық 
әсерге ерекше қатты ұшырайтын ылғалды жабынды беткейліктерге тән. 
Ылғалға қажетті сұйық, эпителийдің астындағы борпылдақ дәнекер ұлпада 
орналасқан бездерден келеді. Эпителийдің бұл түрі ауыз бен ӛнештің ішкі 
қуысын, қынапты, кӛздің мүйізді қабығының бетін, тік ішектің артқы бӛлігін 
астарлайды. Эпителийдің осы түрінде жасушалардың үш қабаты болады: 
базальдық қабат, кӛп бұрышты немесе тікенек тәрізді жасушалар қабаты, 
жалпақ жасушалардан тұратын үстіңгі қабат. 
Базальді қабат, негізінен мембрананың үстінде орналасқан митоз 
жолымен жедел кӛбейетін цилиндр тәрізді жасушалардан тұрады. Базальді 
қабаттың жасушалары базальді мембранаға арнайы құрылымдармен бекіген. 
Жасушалардың ортаңғы қабаты немесе кӛп бұрышты жасушалар қабаты 
десмосомалармен жабдықталған жіңішке ӛсінділермен байланысқан кӛп 
бұрышты жасушалардан тұрады. Жасушалардың арасында эпителиальді 
жасушалардың қалың қабатының қоректенуін қамтамасыз ететін, ұлпалық 
сұйық ағатын, жасуша аралық кеңістіктер болады. Кӛп бұрышты жасушалар 
қабатындағы жасушаларда, Гольджи аппаратының кӛмегімен жасуша 
аралық цемент деп аталатын затты синтездейді. Кӛп қабатты мүйізделмейтін 
жалпақ эпителийдің үстіңгі қабаты жалпақ жасушалардан түзілген, солардың 
ең үстінгілері оқтын-оқтын түлеп түсіп отырады. Түлеп түскен 
жасушалардың орнын тӛменгі жаңа жасушалар басады. 
Кӛп қабатты мҥйізденетін эпителий 
тері бетін жауып тұратын – 
тері эпидермисі. Тері эпителийі ӛзінің құрылысы жағынан алуан түрлі.
Тері екі қабаттан тұрады: терінің ӛзі немесе дерма деп аталатын дәнекер 
ұлпалық бӛлік пен эпидермис дейтін эпителиальді қабаттан. Мүйізденетін кӛп 
қабатты эпителий, құрылысы мен қасиеттері жағынан түрліше қабаттардан 
тұрады. Оны үш зонаға біріктіруге болады. Ең тереңгісі базальді 
мембрананың үстінде орналасқан цилиндр тәрізді эпителиальді 
жасушалардың бір қатарынан тұратын базальді қабат. Бұл қабаттағы 
жасушалардың базальді бетінде, базальді мембранаға кіріп тұратын саусақ 
тәрізді ӛсінділер болады. Осы ӛсінділер арқылы бүкіл эпителиальді қабат 
базальді мембранаға бекиді (93-сурет). 


189 
Базальді қабат жасушаларының, жасуша аралық кеңістікке қараған бетінде 
кӛптеген микробүрлері болады. Базальді мембрана арқылы дәнекер 
ұлпасынан диффузиялық жолмен эпителийге келген қоректік затты бірінші 
болып осы қабаттың жасушалары қабылдайды. Базальді қабаттың 
жасушалары жедел бӛлінеді және жаңадан пайда болған жасушалардың 
негізгі бӛлігі үстінде орналасқан қабатқа ауысады. Базальді қабаттың үстінде 
кӛп бұрышты немесе қанат тәрізді жасушалардың 4—8 қабаттары 
орналасқан. Бұлардың жинағы кӛп бұрышты жасушалардың қабатын 
құрайды. Бұл қабатты базальді қабатпен қосып, ӛсуші қабат дейді. Ӛсуші 
зона жасушаларының қабаты дәнді және жылтырақ жасушалардың 
зонасына ауысады. Терінің бетіне жақын, қалыңдығы біршама болатын, 
мүйізденіп ӛлген жасушалар зонасы орналасады. Кӛбею қабілеті базальді 
жасушаларда ғана сақталады. Эпителийдің тіршілігінде бұл жасушалардын 
маңызы үлкен. Бетіндегі қабаттың үздіксіз түлеп түсетін жасушаларының 
орны осы жасушалар арқылы толады. 
Дәнді зона жалпақ жасушалардың 3—4 қатарынан тұрады, жылтырақ 
қабатты жасушалардың 2—4 қатары құрайды. Дәнді жасушалардың 
цитоплазмасында кератоглиалинның ұсақ дәндері пайда болады. Жылтырақ 
қабатта кератоглиалиннің дәндері қосылып, гомогендік массаны құрайды. 
Мүйізді қабатта кератоглиалин кератинге айналады. Теріде кератин 
маңызды рӛл атқарады. Денемізді кеуіп-қурап қалудан, механикалык 
зақымданудан және микробтардың енуінен қорғайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   228




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет