Негіздері



Pdf көрінісі
бет152/228
Дата21.11.2022
өлшемі8,4 Mb.
#159250
түріОқулық
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   228
Байланысты:
tұңғyshbaeva-z.b.-czitologiya-zhәne-gistologiya-almaty-2015-274-bet.

Біріншіден -
жасушалары ішкі ортада орналасқандықтан полярлығы 
нашар байқалады.
Екіншіден - 
мезотелий жасушаларының ӛзара байланыстары жеңіл үзіледі. 
Ондай қасиеттер эпителийге тән емес. Мезотелийдің қалпына келуі,
жасушаларының кӛбеюі нәтижесінде іс жүзіне асырылады. Мезотелий басқа 
ұлпалардан дамымайды және оларға айналмайды, ол жоғары дәрежеде 
маманданған ұлпа, жасушалары десмосомалық контактімен байланысқан.
Мезотелийдің ерекше қасиеттерінің бірі, оның жасушалары дене қуысына 
түлеп түсетіндігі мен фагоцитоздық қабілетке иелігі. Мезотелий дене қуысы 
мен ұлпалар арасында "сероздық — гематолимфалық тосқауыл" түзеуге 
қатысады. Ішкі мүшелердің орын ауыстырып козғалуына және бірімен-бірі 
қосылып, бітісіп-жабысып қалмауына мезотелий қолайлы жағдай туғызады. 
Регенерацияға мезотелийдің физиологиялық қабілеті
ӛте жоғары.
Бір қабатты куб тәрізді эпителий
организмде сирек кездеседі, үш 
ұрықтық жапрақшалардың бәрінен дамиды. Ол аналық жыныс безін 
қаптайды, бүйректің жұмсақ затының жинаушы түтіктерін, бездердің ұсақ 
ӛзектерін (бауырдың, ұйқы безінің, сілекей бездерінің) астарлап тұрады. 
Қалқанша безінде де байқалады. Бүйрек каналшықтары эпителийінің 
апикальді бетінде микробүрлер болады және жасушаларының кӛлемі 
бірдей, ядросы цитоплазманың ортасында орналасады. 
Бір қабатты призма тәрізді эпителий - 
сирек кездесетін 
эпителийдің түрі, энтодермадан және мезодермадан пайда болады. Оның 
негізгі функциясы — ылғал беттерді қорғау. Бұл кезде секрет бӛлу немесе 
сіңіру қызметтерін атқармайды.
Осы эпителийдің барлық жасушалары біріне-бірі ұқсас. Кейбір 
бездердің ӛзектерінде кездеседі. Кӛпшілік жағдайда бір қабатты цилиндр 
тәрізді эпителий ӛзгеріске ұшырап, корғау қызметімен бірге секрет бӛлу және 
сіңіру функцияларын да атқарады. Секреторлық және сіңіруші жасушалардан 
тұратын бір қабатты цилиндр тәрізді эпителий ішекті астарлайды. 
Сондықтан оны ішек эпителийі деп атайды. Ішектің түрлі бӛлімдеріндегі 
эпителиальді жасушалардың құрылысы бірдей емес, жалпы алғанда оларды 
екі топқа бӛлуге болады:
1. Ішек қуысындағы қорытылған ӛнімдердің сіңуін қамтамасыз ететін
жасушалар. 
2. Шырыш бӛлетін (бокал тәрізді жасушалар) секреторлық жасушалар.
Ішек эпителийінің сіңіруші жасушаларын жарық микроскопымен 
қарағанда сызылған жұқа қабатпен қапталғанын кӛруге болады. Осы 


187 
белгісіне қарап, оны щеткалық кӛмкерме деп атаған. Бұл құрылымдардың
плазмалемма ӛсінділерінен түзілгенін электрондық микроскоп арқылы 
анықтаған. Әрбір ӛсіндінің ені 0,1—0,2 мкм, ал ұзыңдығы 1—3 мкм, осы 
ультромикроскопиялық құрылымдар 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   228




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет