Негіздері


 - сурет. Микроскоппен зерттегендегі ҧлпалар кесіндісінің кӛрінісі



Pdf көрінісі
бет149/228
Дата21.11.2022
өлшемі8,4 Mb.
#159250
түріОқулық
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   228
Байланысты:
tұңғyshbaeva-z.b.-czitologiya-zhәne-gistologiya-almaty-2015-274-bet.

90 - сурет. Микроскоппен зерттегендегі ҧлпалар кесіндісінің кӛрінісі: 
 
А. Жабынды эпителий (эпидермис): 1 – жасушалар қабаты, 2 - базалді
мембрана; 
Б. Борпылдақ дәнекер ұлпа: 1 - жасушалар, 2 - талшықтар, 3 – жасуша
аралық заттар; 
В. Тығыз дәнекер ұлпа: 1 - жасушалар, 2 - талшықтар, 3 – жасуша аралық
заттар; 
Г. Май ұлпасы: 1 - жасушалар, 2 - вакуоль, құрамында май бар;
Д. Шеміршек ұлпасы: 1 - жасушалар, 2 - жасуша аралық заттар; 
Е. Сүйек ұлпасы; 
Ж. Қан: 1 - плазма (жасуша аралық заттар), 2 – формалық элементтер
З. Бірыңғай салалы бұлшық ет ұлпасы (тамыр қабырғасындағы); 
И. Кӛлденең салалы бұлшық ет ұлпасы;
К. Жүйке ұлпасы: 1 - нейрондар (бұл жерде кӛрсетілген Пуркинье
жасушалары), 2 - жасуша аралық заттар, 3 – басқа жасушалық
элементтер.


183 
1. Эпителий — организмді сыртқы немесе ішкі ортадан бӛліп тұратын және 
олармен байланысты қамтамасыз ететін шекаралық ұлпа.
2. Эпителий жасушалары қабат құрап орналасады. 
3. Эпителий ұлпасының негізгі массасын жасушалар кұрайды. 
4. Эпителийге үнемі сыртқы орта әсер кӛрсетеді, соған байланысты
олардың регенерациялық (қалпына келу) қабілеті жоғары. 
5. Эпителий жасушаларының құрылысы полярлы келеді. Базальдық және
апикальдық бӛліктері болады, олардың құрылысы мен қызметі жағынан
айырмашылықтары бар. Мысалы, ішектің эпителиальді жасушаларының
апикальдық бетінде микробүрлер болады, ішкі торлы аппарат ядроның
үстіңгі аймағында орналасқан, ал жасушалардың базальдық
бӛліктерінде микробүрлер мен торлы аппараттың элементтері
болмайды. Эпителий жасушаларының полярлы болуы олардың шекарада
орналасуына байланысты. 
6. Эпителий базальдық мембрананың үстінде орналасады. Базальдық 
мембрана эпителий жасушалары мен оның астындағы дәнекер
жасушалардың тіршілік әрекеттерінің әсерінен пайда болады және осы 
екі ұлпаны, біріншіден - бірін-бірінен бӛліп, екіншіден - оларды
біріктіріп, біртұтас комплекс құрайды. Эпителийдің қоректенуі
базальдық мембрана арқылы диффузиялық жолмен қамтамасыз етіледі.
7. Эпителийде жүйке талшықтары кӛп болады, ал қан мен лимфа 
тамырлары болмайды. Эпителийдің негізгі қызметі ӛзінің астында 
орналасқан дәнекер ұлпасын қорғау. Сонымен бірге, кейбір жағдайларда 
белгілі эпителиальді жасушалар секрет бӛлу және сіңіру функцияларын да 
атқарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   228




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет