176
бүрлерінің
трофобластысы
тамырлардың
эндотелийімен
тікелей
байланысады, жатыр тамырларындағы қан ағысынан хорион бүрлерін
эндотелийлік клеткалардың жұқа қабаты бӛліп тұрады.
Туу кезінде
жатырдың кілегей қабықшасындағы ұлпалар бӛлігі ыдырап аздаған қан
ағады, ал кілегей қабықшаның зақымдалған жері тез қалпына келеді.
Гемахориондық (грекше һаіmа — қан) плацента кейбір насеком
жеушілерге, жарқанаттарға, кемірушілерге, маймылдарға және адамға тән.
Плацентаның бұл типінде хорион
жатыр кілегей қабықшасының
эпителийімен дәнекер ұлпасын ыдыратып қоймайды, сонымен бірге оның
тамырын да зақымдайды,трофобласт ана қанына батып тұрады. Туу кезінде
кӛп қан ағады, жатыр эпителийінің кілегей қабықшасы бӛлініп түседі,
Регенерация процесі ұзаққа созылады.
1.10.17 Адам ҧрығының дамуы
Аналық жұмыртқа клеткасында сары уыз болмайды.
Аналық жыныс
безінен шығар мезгілінде жұмыртқа клеткасы үш қабықпен қапталады.
Бірінші - цитоплазманың беткі қабаты болып есептелетін сары уыздық
қабық, екінші - фолликулалық эпителийдің дамуы кезінде ооцитті айнала
қоршаушы жылтырауық қабық, үшінші — фолликулалық клеткалардан
тұратын клеткалық қабық. Ұрықтану жұмыртқа ӛзегінің
жоғарғы
бӛліктерінде жүреді (87-сурет).
Адамның
жұмыртқа
клеткасы
толық
бӛлшектенеді,
бірақ
бластомерлердің ірі күңгірт және ұсақ ақшыл бластомерлерге ерте бӛлінуіне
байланысты бӛлшектену асинхронды жүреді. Ұрықты ана организмімен
байланыстыратын трофобласт пайда болады. Ішкі «күңгірт» бластомерлер
эмбриобласты кұрайды. Эмбриобластан ұрық денесі мен бірнеше ұрықтан
тыс бӛліктер дамиды. Бӛлшектену баяу жүреді. Жұмыртқа ӛзегінде ұрық
бластоцистаға айналады. Клеткалардың бір қабатынан тұратын трофобласт
сұйыққа толы қуысты қоршап алады. Осы шар тәрізді ұрықтың бір полюсіне
ұрықтық түйін деп аталатын эмбриобластың клеткалар тобы трофобластың
ішкі бетіне жабысады. Құрсақтық дамудың
бірінші аптасының соңғы
кезінде ұрық, жұмыртқа ӛзегімен жылжып жатырға келіп жетеді де,
жатырдың қабырғасына бекіп, оның кілегей қабықшасының ұлпасына енеді.
Трофобласт жанасқан жердегі эпителий мен дәнекер ұлпасы ғана емес,
тамырлардың қабырғасы да жойылады. Ұрық жатырдың кілегей
қабықшасының ұлпасына тереңдеп батады (87-сурет), ал
оның трофобласт
бүрлері тармақталып ӛсіп кілегей қабықшаның ыдыраған ұлпаларымен
қосылып ана қанына батып тұрады. Осы бүрлер арқылы ұрық ӛзіне керек
177
қоректік затгар мен оттегін ана қанынан алып, зат алмасу ӛнімдерін ана
қанына бӛледі.
Достарыңызбен бөлісу: