174
болмағанымен құстар мен рептилийлердегі сияқты сүтқоректілерде де
амнион, аллантоис пен сары уыз қапшығы қалыптасады (85-сурет).
Эмбрион аналық организммен ерекше орган —
плацента арқылы
байланысады. Плацента трофикалық, экскреттік және қорғау функцияларын
атқарады. Сонымен бірге иммунобиологиялық қорғау органы және
эндокриндік орган болып та есептеледі. Құрылысына
қарай плацентаның
бірнеше типін ажыратады:
эпителий хориондық, десмахориондық,
эндотелий хориондық және гемахориондық
(86-сурет). Эпителий
хориондық
плацента кейбір қалталыларға, шошқаларға, жылқыға,
бегемотқа, түйеге, тапирге, кит тәрізділерге және басқа сүтқоректілерге тән.
Байланыстың
бұл түрінде ұрық
хорионы жатырдың кілегей
қабықшасының эпителийіне жанасып ғана тұрады. Хорион бүрлері кілегей
қабықшаның ойыстарына ұлпаларын зақымдамай кіріп тұрады. Сондықтан,
қоректік заттар мен оттегі ұрықтың қанына ана қанынан тікелей бармайды,
85 – сурет. Сҥтқоректілер эмбрионының 11 сегменттік сатысындағы кӛлденең
кесіндісі. Жатырмен байланысы кӛрініс береді:
1
– жатыр бездері;
2
– висцеральді және
3
– париетальді
мезодерма жапырақшалары;
4 - миотом; 5 - аорта;
6
– ұрық ішіндегі целом;
7
– ұрық сыртындағы целом; 8
– сары уыз
қапшығының энтодермасы;
9
– хорион ӛсіндісі;
10
- трофобласт;
11
- эктодерма.
http://histologybook.ru/u_mlekopitajuwih.html
жатырдың кілегей қабықшасы бездерінің секреті – жатыр сүтімен барады.
Туу кезінде бүрлер жатырды бүлдірмей ӛз ойыстарынан шығады. Тууы
ауыртпалықсыз және қан кетусіз іс жүзіне асырылады.
175
Десмахориондық плацента немесе
дәнекер ұлпалық хориондық
плацента (грекше desmos — байланыс, дәнекер ұлпасы) күйістілерге тән.
Ұрық хорионының бүрлері жатырдың қабырғасына
еніп оның кілегей
қабықшасының
эпителийін
зақымдайды,
ұрық
ұлпалары
жатыр
қабырғасының дәнекер ұлпасымен қатынасқа түседі. Сӛйтіп, ұрық
хорионының бүрлері жатыр қан арнасына жақын орналасады, бірақ та ұрық
ана организмімен тығыз байланыспайды. Туудан кейін жатыр қабырғасында
эпителийінен айырылған бӛлімдер қалады. Регенерация тез жүріп қалпына
келеді.
Достарыңызбен бөлісу: