Негіздері



Pdf көрінісі
бет140/228
Дата21.11.2022
өлшемі8,4 Mb.
#159250
түріОқулық
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   228
Байланысты:
tұңғyshbaeva-z.b.-czitologiya-zhәne-gistologiya-almaty-2015-274-bet.



аж 
ка 
г т 
аж 
н 
ка
т 


168 
Таңбалау тәсілін қолдану ұрықтық қалқаншаның презумптивтік 
(жорамал) бӛліктерінің картасын құрауға мүмкіншілік береді. Алғашқы 
жолақтың түзілу кезінде, алғашқы түйіннің алдыңғы жағында хордалық 
пластинка материалының орналасқаны анықталды.
Оны болашақ нерв пластинкасының эктодермасы қоршап тұрады. 
Алғашкы жолақ мезодерма дамитын материал болып саналады. Ұрық 
қалқаншасы аймағының қалған эктодермасынан тері жабындысы дамиды. 
Алғашқы түйіннің жоғарғы ұшында алғашқы шұңқыр деп аталатын ойыс 
пайда болады. Алғашқы жолақтың орта сызығы бойында алғашқы 
шұңқырдың жалғасы болып табылатын алғашқы жылға түзіледі. Алғашқы 
шұңқырдың алдыңғы жиегі арқылы клеткалық материалдың ұрықтың ішіне 
қарай ауысуы басталады. Алғашқы шұңқырдың алдыңғы жағында 
орналасқан хордалық пластинканың клеткалық материалынан эктодерма 
мен энтодерманың арасында ӛсетін хордалық ӛсінді (хорда бастамасы) 
қалыптасады (80-сурет). Алғашқы жолақтың материалы ұрықтың ішіне ӛтіп, 
хордалық ӛсіндінің екі жанына жайғасады. Ақырында хордалық пластинка 
мен алғашқы жолақтың материалы ортаңғы ұрықтық қабаттың құрамына 
кіреді, сыртта нерв пластинкасы мен тері эктодермасы ғана қалады. 
Ортаңғы ұрықтық жапырақтың құрамына нерв пластинкасы астындағы 
хордалық ӛсінді және оның оң және сол жағында орналасқан мезодерманың 
материалы кіреді. Хорданың маңында орналасқан мезодермалық қанаттар 
сомиттерге, нефротомдар сабақшаларына және спланхнотомдарға жіктеледі. 
Сомиттер мен нефротомдар мезодерманың сегменттелген бӛлігі болып 
саналады. Спланхнотомдар сегменттерге бӛлінбейді, ӛздерінің жиегімен 
сары уызды қаптауға қатысатын ұрықтан тыс мезодермаға тікелей ұласады. 
Бластодискінің ұрықтық және ұрықтан тыс бӛліктерінде спланхнотомдар 
ортасында саңылау тәрізді целом қуысы бар висцеральді және париетальді 
жапырақтарға жарылады (81-сурет). Нерв түтігінің қалыптасуы және 
мезодерманың жіктелу процестерімен қатар энтодермалық пластинка 
ұрықтың ішіне қарай ауысады. Хордалылар типін сипаттайтын жота 
органдары (біліктік органдардың) комплексінің бастамалары біршама 
ӛзгеріссіз түзіледі. 
Құстарда сары уыздың кӛп болуына байланысты сары уыз қапшығы 
қалыптасады. Сары уыз қапшығының түзілуі, сары уызды бластодискінің 
қаптай ӛсуі арқылы жүреді. Сары уыз қапшығының қабырғасы висцеральді 
мезодермадан және ұрықтан тыс энтодермадан тұрады. Сары уыз қапшығы 
уакытша мультифункциялы орган: сары уыздың қорытылуы мен сіңуін 
қамтамасыз етеді, сонымен бірге ұрықтың қан жасаушы органы және 
эмбрионның тыныс алу органы; кейін ұрықтың ӛзінде қан жасаушы 


169 
органдар - бауыр, кӛкбауыр, сүйек кемігі пайда болады. Сары уыз 
қапшығыңың ішкі жапырағының клеткалары (сары уыздық эпителийдің 
клеткалары) сары уызды ӛзгертуге кӛмектесетін ферменттерді бӛледі; бұл 
клеткалар сары уыздың ыдыраған ӛнімдерін сіңіреді. Эмбрион кезінде сары 
уыздың бәрі толықтай пайдаланбайды, қалған мӛлшерін жұмыртқадан 
шыққан ұрық, кейінгі бірінші тӛрт күнінде қорек ретінде пайдаланады. 
Ұрық денесінің «ұрықтан тыс бӛлшектерден» морфологиялық ажырауы 
сары уыз қапшығының дамуы басында жүре бастайды. Ұрықты «ұрықтан 
тыс кұрылымдардан» бӛлетін ұрық денесінің маңында ұрықтан тыс 
эктодерма мен ұрықтан тыс мезодерманың спланхнотомының париетальді 
жапырақшасынан тұлға қатпары түзіледі (81-сурет). Бұл процесс ұрықтың 
бас бӛлімінен басталып бүйір және құйрық бӛліміне қарай тарайды. Тұлға


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   228




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет