Негіздері



Pdf көрінісі
бет137/228
Дата21.11.2022
өлшемі8,4 Mb.
#159250
түріОқулық
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   228
Байланысты:
tұңғyshbaeva-z.b.-czitologiya-zhәne-gistologiya-almaty-2015-274-bet.

ж
бе 

1 2 
77 - сурет.
Амфибия ҧрығының гисто- және органогенезі
1 — даму сатысының соңғы кездері, кӛздің (к), мұрынның (м), желбезектің (ж), 
бүйректің (б), бұлшық еттің (бе) бастамалары байқалады; 2 — личинкасы — итбалық; 
артқы аяғының бастамасы – құйрық түбінде орналасқан. 
 
http://slovare.coolreferat.com/
 
1.10.15 Жоғарғы сатыдағы омыртқалылардың дамуы 
(рептилийлер мен қҧстар) 
Жоғарғы сатыдағы омыртқалылар құрылықта тіршілік етуге толық 
бейімделіп, ӛздерінің жұмыртқаларын құрылыққа салатын болған. 
Метаморфоз арқылы даму тікелей дамуға ауысқан. Осы екі ерекшелік бұл 
жануарлардың эмбриондық даму процесіне ӛзінің таңбасын салған. 
Жұмыртқаны жарып шыққан ұрықтың құрылыс деңгейінің жоғарылауы 
сары уыздың кӛбеюіне алып келген. Бұл жағдай ӛз кезегінде жұмыртқаның 
бӛлшектену типін ӛзгертті. Мысал, толық әркелкі бӛлшектенуден, жартылай 
дискілік бӛлшектенуге кӛшті және бластуланың құрылысы мен гаструляция 
әдісі ӛзгеріске ұшырады. Ұрықтың құрылықта қалыпты дамуын 
қамтамасыз ететін жағдайлар туғызу (жұмыртқа және ұрықтық 
қабықшалар) қажет болды. 
Жоғарғы сатыдағы омыртқалыларға рептилийлер мен құстар және 
сүтқоректілер жатады. Рептилийлер мен құстарды біріктіріп, омыртқалы 
жануарлардың зауропсидтер тобына жатқызады. Рептилийлер мен 
құстардың даму барысындағы негізгі белгілері ұқсас. Сондықтан, жоғары 
сатыдағы омыртқалылардың (рептилий мен құстың) дамуын рептилийдің 
дамуымен салыстыра отырып, құстардың даму ерекшеліктері бойынша
қарастырылды. 
м 
к 
б 


165 
Қҧстардың дамуы
Аналық құстардың жыныс аппаратына тән ерекшеліктердің бірі 
эмбриондық дамудың белгілі сатысында оң жақ аналық тұқым безі мен 
жұмыртқа түтігі редукцияға ұшырай бастайды. Ересек аналық құста сол жақ 
аналық тұқым безі сақталады да, ӛзіне тиісті қызметін атқарады. Аталық 
құста, рептилийлердегі сияқты, екі аталық тұқым бездері болады, 
ұрықтандыруды қамтамасыз етуге арналған ерекше мүше болмайды: 
шәуетті тікелей клоакаға шашып жібереді. Шәует клоакадан жұмыртқа 
түтігіне қарай бет алып, оның бастапқы бӛлігіне жетіп, жұмыртқаны 
ұрықтандырады. Яғни, құстардың ұрықтануы — ішкі ұрықтануға жатады. 
Құстарда, рептилий сияқты полисермия байқалады, бірақ ұрықтандыруға 
бір сперматозоид қатысады, ал артық қалғандары сарыуызды қорытуға 
себепші болатын мероциттерді (кезеген ядроларды)
құрайды. Құстың 
жұмыртқа клеткасы тұрмыста 
«сары уыз»
деп аталады. Тауықтың салған 
жұмыртқасының сары уызы ұрықтанған жұмыртқа клеткасы болып 
есептеледі. Тауық жұмыртқасының құрамы бір текті емес, белгілі құрылысы 
болады (78-сурет). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   228




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет