160
Амфибиялар жұмыртқасының гаструляциясы инвагинация және
эпиболия әдістерімен жүреді және гаструляциясы
орақ тәрізді жылғаның
түзілуімен басталады (75-сурет). Жылға энтодермалық алаңның алдыңғы
немесе дорзальды бӛлігінде пайда болатын
энтодермалық клеткалардың
кішкене орақ тәрізді ойындысы. Орақ тәрізді жылға ӛзінің дамуы кезінде
ұзарып, бос ұштары артқа қарай иіліп бір-бірімен
ұштасады да сақина
тәрізді бластопор құрайды. Бластопордан сары уыздық тығын деп аталатын
энтодермалық қалдық шығып тұрады. Бластопордың дорзальді, вентральді
және бүйір еріндерін ажыратады. Дорзальді
ерін болашақ хорда
материалын, болашақ нерв жүйесінің материалынан бӛліп тұрады. Бүйір
және
вентральді
еріндер
болашақ
мезодерманың
материалымен
байланысты. Амфибия бластуласының вегетативті жағында сары уыз кӛп
болғандықтан, кӛлемсіз кішкене бластоцельге симауына байланысты
инвагинация жеткілікті дәрежеде жүрмейді (75-сурет).
Сондықган, оған
эпиболия қосылады, бластуланың анимальді жағы вегетативті жағын қаптап
ӛседі. Осы кезде бластуланың вегетативті бӛлігі анимальді бӛлікке қарай
ойысып бластоцельді толықтай ығыстырады. Аталған ӛзгерістердің
нәтижесінде екі қабаттан — эктодерма мен энтодермадан —
тұратын
гаструла түзіледі. Бақаларда гаструляция барысында ортаңғы клеткалық
материалдың қозғалысы нәтижесінде қуыс - гастроцель (архентерон)
қалыптасады.
Достарыңызбен бөлісу: