Негіздері



Pdf көрінісі
бет132/228
Дата21.11.2022
өлшемі8,4 Mb.
#159250
түріОқулық
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   228
Байланысты:
tұңғyshbaeva-z.b.-czitologiya-zhәne-gistologiya-almaty-2015-274-bet.

73 – сурет
Личинка алдындағы даму 
сатысы 
Нерв науашаларының қосылып, нерв 
түтігінің түзілуі (1), хорданың түзілуі 
(2), 
сомиттердің 
және 
целом 
қапшықтарының түзілуі, (3). 4 – ішек
асты вена, 5 – спланхнотом, 6 - 
спланхноцель








157 
Нерв түтігі бластопордың саңылауы арқылы алғашқы ішектің 
қуысымен қатынаста калады. Ішекті нерв түтігімен жалғастыратын осы 
каналды нерв — ішек каналы деп атайды. Кейін бұл канал жойылып кетеді. 
Нерв түтігінің қабырғасы қалыңдап жұлынға айналады. Нерв пластинкасы 
бӛлінгеннен кейін эктодерманың қалған бӛлігі тері эктодермасын құрайды 
да, нерв пластинкасын қаптап ӛседі. 
Нерв түтігінің қалыптасуымен қатар ішкі ұрықтық жапырақшада елеулі 
ӛзгерістер жүреді, одан бірте-бірте келешек ішкі органдардың 
материалдары 
бӛлінеді. 
Хорданың 
бастамасы 
майысып, 
жалпы 
пластинкадан бӛлініп, ішінде қуысы жоқ тығыз цилиндр тәрізді болып,
хордаға айналады. Хорданың пайда болуымен бір мезгілде мезодерма 
оқшауланады. Ланцетникте мезодерма энтероцельдік әдіспен пайда болады. 
Бұл әдісті алғаш рет А. О. Ковалевский жазған болатын. Мезодермалық 
қапшықтың қуысы - целом, немесе дененің екінші қуысы. Ішкі ұрықтық 
жапырақшаның екі жанынан іші қуыс қалта тәрізді ӛсінділер түзіледі, ол 
бірте-бірте ӛсіп энтодермадан бӛлінеді. Мезодермалық қапшықтар тері 
эктодермасы мен энтодермалық ішек түтігінің арасын қуалап ӛсіп, ұрықтың 
орта сызығының шамасында ұштасады, ұштасқан жері тесіліп оң және сол 
целомдар қосылады да бір тұтас целомдық қуысқа айналады. Хорда мен 
мезодерма бӛлініп жеке шыққаннан кейін энтодерманың шеттері түйісіп 
тұйық ішек түтігін құрайды. Осы процеспен бірге мезодерманың 
сегменттерге бӛлінуі мен жіктелуі басталады. Оң және сол мезодермалық 
қалталар сегменттерге бӛлінеді. Сегменттерге бӛліну ұрықтың бас 
бӛлімінен басталып құйрық бӛлігіне қарай таралады. Сегменттер арқа 
бӛлігі — сомиттерге және құрсақ бӛлігі — спланхнотомға бӛлінеді. Тұлға 
бұлшық еттері дамитын сомиттер бір-бірінен оқшауланған күйінде қалады, 
ал спланхнотомдар қосылып кетеді, бірақ қуысы (целом) сақталады. Ішек 
түтігінің бас бӛлігінде ауыз, артқы ұшында аналь тесіктері пайда болады. 
Ланцетниктердің личинкалық кезеңі үш айға созылады. Осы мерзімде 
органдардың дамуы мен ұлпалардың жіктелуі аяқталады, личинкадан бірте-
бірте ересек ланцетник дамып жетіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   228




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет