158
1.10.14 Қосмекенділердің немесе амфибиялардың дамуы
Амфибия класына жататын ӛкілдердің дамуы толық зерттелгендіктен
тритон мен бақаның эмбриогенезін қарастырамыз. Қосмекенділердің дамуы
әдетте суда жүреді. Құйрықты амфибияларға (тритондардың) ішкі ұрықтану
тән болса, құйрықсыз амфибияларда (бақаларда) ұрықтану сыртта жүреді.
Аталық тритондар ішінде сперматозоидтары бар ерекше капсулалар -
сперматофораларды суға шашады. Аналық тритон клоакасы арқылы
оларды сорып алып, капсуламен қапталған жеке-жеке уылдырықтарын суға
салып, ӛсімдіктерге бекітеді. Бақалар белокты қабықшамен қоршалған
уылдырықтарын суға салады, олар суда ісінеді.
Жұмыртқа клеткасына бір ғана сперматозоид енеді (моноспермиялық
ұрықтану), содан кейін ұрықтанған жұмыртқа клеткасына басқа
сперматозоидтардың енуіне бӛгет болатын «ұрықтану қабықшасы» пайда
болады. Жұмыртқа клеткасы және одан дамитын ұрық суда ісінетін
іркілдек қабықшамен қапталады. Шӛп бақасы жұмыртқасының түсі қара-
қоңыр болып келеді, ӛйткені анимальді бӛлігіндегі цитоплазманың
беткейлік жағында қара пигмент — меланин болады, оның күн сәулесін кӛп
сіңіру үшін маңызы зор. Жұмыртқаның даму жылдамдығы кӛбінесе
температураға тәуелді. Уылдырықтың вегетативті бӛлігі пигментсіз
болғандықтан, сарғьш-ақшыл болады. Уылдырықтың пигментті және
пигментсіз аймақтарының шекарасы айқын байқалады. Сперматозоид
уылдырықтың экваторынан тӛменірек енеді. Оның енген жері
уылдырықтың анимальді бӛлігіне қарағанда ақшыл болады. Осы тұс
болашақ ұрықтың арқа беті болса, қарама-қарсы жағы ұрықтың болашақ
құрсақ бетіне сәйкес келеді.
Амфибиялардың ұрықтанған жұмыртқасы толық бӛлшектенеді, бірақ
сары уыздың негізгі бӛлігі оның вегетативтік жағында орналасқандықтан
бӛлшектенуі толық біркелкі болмайды. Бірінші екі жылғалар меридиандық
бағытта ӛтеді. Бірі-біріне перпендикуляр ӛтіп жұмыртқаны алдымен екі,
кейін үлкендіктері бірдей тӛрт клеткаларға бӛледі. Үшінші жылға
экватордан жоғарырақ ӛтеді, оны
ендік
деп атайды. Сары уыздың әсерінен
анимальді және вегетативті бластомерлер кӛлемі әртүрлі екені айқын
кӛрініс береді. Тӛртінші (меридиандық) жылғалар (саны екі) бір мезгілде
жүреді, алдымен тӛрт анимальді бластомерлер, кейін тӛрт вегетативтік
бластомерлер екі-екіге бӛлінеді, нәтижесінде 16 бластомер пайда болады
(74-урет). Әрқайсысы екі жылғалардан тұратын бесінші (еңдік) жылғалар
16 клеткаларды 32 клеткаларға бӛледі. Тӛртінші және алтыншы меридианды
159
жылғалар отыз екі клеткалық ұрықты 64 бластомерлерге бӛледі. Алтыншы
бӛлінуге дейін бӛлшектену синхронды жүреді.
Жетінші бӛлінуден бастап ұрықтың екі жартысында жүретін
бӛлшектену бір-біріне тәуелсіз болады. 64-клеткалық сатысынан кейін
геометриялық прогрессия толықтай бұзылады. Осындай әркелкі
бӛлшектенудің нәтижесінде бастуланың анимальді бӛлігінің клеткалары
вегетативтік бӛліктің клеткаларына қарағанда кӛп және ұсақ болады.
64-клеткалық кезеңнен кейін ұрықтың анимальді, сол сияқты вегетативті
жартысының клеткалары тангенциялық (ұрықтың бетіне параллель) бағытта
бӛліне бастайды. Осының нәтижесінде пайда болған бластуланың
қабырғасы кӛп қатарлы болады. Бластуланың вегетативтік бӛлігі қалыңдап,
клеткалардың ондаған қатарынан тұрады. Осының нәтижесінде бластоцель
кішірейіп бластуланың анимальді жартысына қарай ығысады. Амфибияның
жұмыртқасы бӛлшектену нәтижесінде
Достарыңызбен бөлісу: