170
қатпар ұрықтың бас бӛліміңде пайда болып, тұлғаға қарай тарайды. Бір
жағының амниоттық қатпары, ұрықтың үстінде, екінші жағының амниоттық
қатпарымен қосылады. Осы кезде эктодерма эктодермамен,
мезодерма
мезодермамен бірігеді. Құстардың ұрықтарында сары уыз қапшығынан
басқа тағы да ұрықтық қабықшалар деп аталатын үш уақытша органдар
пайда болады. Олар — амнион, хорион (сероздық қабықша, немесе сероза)
және аллантоис. Амнион бастапқы кезде
ұрық денесіне жабысып тұрады,
кейін оның қуысы белокты сұйыққа толып кӛлемі артады. Амниондық
сұйық ұрықты механикалық зақымдардан,
соққыдан, кеуіп қалмаудан
сақтайды (82-сурет).
Сероздық қабықша эволюция процесінде екі маңызды функцияға ие
болған: тыныс алу және трофикалық.
Аллантоис (грекше аllапs — шұжық)
артқы ішектің вентральді
қабырғасынан шұжық тәрізді ӛсінді пайда болып, ұрық орналасқан
жұмыртқаның бӛлігінде амнион мен сероздық қабықшаның аралығында тез
ӛседі. Ұрықтың бір жағынан екінші жағына ауысып
аллантоис бірте-бірте
амнион мен сары уыз қапшығын қаптайды, ал кейін сероздық қабықша мен
сары уыз қапшығының арасына еніп, ақ уызды да қаптап алады.
Аллантоистың қалған бӛлігі кейін ұрық денесінде қуыққа айналады.
Аллантоис ӛзінің тамырларымен бірге тыныс алу мен трофикалық
функцияларға
қатысады, бірақ оның құстардағы негізгі функциясы ұрық
Достарыңызбен бөлісу: