Видеокөрініс.
Бірінші сюжет. Қабанбайдың тактикасы.
Қажетті заттар : бумажный карта т.б, стол
Қабанбай:
Өте қалың қолмен соғыспай, адам мен атты тынықтыра отырып, Орта жүздің әрбір батыры қол астындағы жасақтарымен алма-кезек соғыс жасасын. Сонда адам тың, ат әлді, шығын аз болады. Ал жау жақ үрдіс соққыдан әлсірей береді. Майдандағы батырлардың барлығы біртұтас қолбасшыға бойұсынсын, үш майданға ханның өзі қолбасшылық етсін. Өйткені батырлар да қажым шалдығу жәйттері орын алады.
Видеокөрініс . Суреттерін екі екіден коллаж жасап көрсетсек.
Бас қосуға қатынасқан батырлар мен ақылшылар түгелдей бұл жобаны бір ауыздай қабылдайды. Сонымен бүкіл шеп мынадай орналастырылады.
1) Барлық жасаққа Қабанбай қолбасшы, Қазыбек ақылшы болсын. Бұқар барлық майдан жеңісін бақыласын.
2)Жәнібек батыр екі жүз жасақ алып, Есенкелді батыр ақылшы болсын
3) Ақбанбай батыр екі жүз жасақ алып, Боранбай батыр ақылшы болсын.
4) Бармақ батыр екі жүз жасақ алып, Сүбебай батыр ақылшы болсын.
5) Баймұрат батыр екі жүз жасақ алып, Байғазы батыр ақылшы болсын. Бұлар 4 жаққа бөлініп, Жәнібек пен Барақ ту сыртына жасырын өтіп, жау қашатын болса алдынан орап соққыласын әрі жау жолындағы халықты қорғасын.
Қабанбай :
Белгіленген бір түннің ішінде әр 4 жасақ өзінің тиісті орнына келіп сақадай тұрсын.
Видеокөрініс: жапандала. Көрініс : жаназа намазын бағыштау, табыну т.б
Видеокөрініс: Шайқас кезеңі, Жорық т.б. Көрініс : Шайқасуға дайындалу.
Арқауыл (Диляра ):
*Қабағын түйіп қатулана айқайлады*
«Ер кезегі үшке шейін, сені өлтіріп және екі батырыңды қоса жайратып еплігімді елге көрсетемін, сандарыңды үшке толтырып, осы орында тұрып қандарыңды шашамын. Егер мені өлтірсең, майданда ер болсаң үшке деін тұрасың !»
Қабеке :
«Ісім адал, жауызды өлтірсем қазымын, елім, жерім үшін сенен өлсем шейітпін. Сен сияқты «Құтырған қасқырдай жалақтап, талай нақақты өлтірген тамақтап, жұтуға келген алақтап» озбырлар өлімге махкүм.
*Найзасын көлбей ұстап қарсы ұмтылады*
Видеокөрініс: Шайқас кезі
*Қабеке Арұауылды жайратып, өз сарбаздарына Аттанды Алаш алғааааа»
*Соғыс жеңіспен аяқталды, Абылай бас батырды өзіне шақырады*
Абылай :
Хан ұраны Қабанбай
Қазыбек үні самардай
Ұранмен қызып денеміз
Ұсталдық жауға қамалмай
Сасқалақтап жау қашты
Тіресуге ақыл таба алмай
Тоз-тоз болды жауыздар
Шыбын жанын баға алмай
Елім көрсін қызығын
Жеңісіңнің жемісін
Хан ұраны Қабанбай
Құтты болсын жеңісің
Дарабозым Қабанбай
Батыр туған ел үшін.
*Осыдан соң Қабанбай беделі асқақтапты*
Абылай : Дарабоз сен алты алаштың басын бір тудың астына біріктіру соншама тартысты, ауыр болады деп ойлайсың ба?
Қабанбай : Оған сөз бар ма хан ием ! Қашанда бүтінді бөлшектеу оңай, ал бытырап кеткен дүниені біріктіру – жатқан бір қиямет. Өйткені, заман солай.Бұл күнде әркім өз бетінше жол тапқанды, ортақ өгізден оңаша бұзауды қолай көреді. Ағайынның қолтығына дым бүркіп, азғыратын дұшпандарың тағы бар. Соның бәрін есепке алғанда, кешегі кіндіктес бауырың бүгін өзіңе қарсы шауыр, қан майданда қылыш айқастырса, оған таңданудың қажеті жоқ. Қақтығыс болған соң қан төгілмей тұра ма , біреуге қолың қате тисе, енді біреуге бата тиеді, Хан ием !
Абылай :
Жөн айтасың, Дарабоз . Менің де ой ниетім осы төңіректе еді, сен дәл түстің ! Өзің ең ақырына дейін қолдайсың ғой мені?
Қабанбай :
Сонша уақыт бірге келіп, енді бұра тартқандай қайда барамыз? Қырық бірдің қырқына бірге шыдадық, енді қалған біріне де шыдармыз. Мен өле өлгенше Абылай туының астындамын !
Абылай :
Бәрекелді, Дарабоз ! Осылай айтарыңды біліп едім ! Егер осы жолы көпшілікті иландырып, соңымыздан ерте алсақ, болашақ бірліктің басталғаны !