Негіздері



Pdf көрінісі
бет142/228
Дата21.11.2022
өлшемі8,4 Mb.
#159250
түріОқулық
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   228
Байланысты:
tұңғyshbaeva-z.b.-czitologiya-zhәne-gistologiya-almaty-2015-274-bet.

82 – сурет.
Тауық ҧрығының дамуы 
1 — 6 тәулік инкубациядан кейінгі 
белоксыз және әк қабықшасыз 
жұмыртқаның жалпы кӛрінісі; ұрық (ұ), 
амнион қуысында жатыр және амнион 
қабықшасымен қоршалған (ақ), барлық 
сары уыз , сары уыз қапшығының 
қабырғасымен (сқ) және қан 
тамырлары (қт) торымен қоршалған,
ұрықтан кӛпіршік тәрізді ӛсінді — 
аллантоис (а) шығады; 2 — 10 тәулік 
инкубациядан кейінгі ұрық. 
http://slovare.coolreferat.com/
 
ҧ 
ақ 
сқ 
а 
қт 




171 
қуығының рӛлін атқару. Азоттық алмасу ӛнімдерін ұрық сыртқы ортаға 
шығармайды, аллантоиста жиналады. Эмбриондық дамудың соңында 
амнион, сероза және аллантоис жойылып кеуіп калады, балапан 
жұмыртқадағы ауамен тыныс ала бастайды. Тұмсығымен әк қабықты тесіп 
сыртқа шығады. 
1.10.16 Сҥтқоректілердің дамуы
Жануарлардың судан құрлықка шығуына байланысты оларды қоршаған 
орта жағдайы ӛзгеріп, ұрықтарының дамуы құстар мен рептилийдегі сияқты 
жұмыртқа ішінде немесе сүтқоректілердің кӛбісінде арнайы орган — 
жатырда ӛтетін болған. Бірінші жағдайда дамуға қажетті қоректік заттарды 
жұмыртқадағы сарыуыз бен белоктан, ал екінші жағдайда ұрықтың қорегі 
ана организмінен алынады. Сүтқоректілердің кӛбісінде жұмыртқасы 
эволюция процесі нәтижесінде сары уызын жойғандықтан ланцетниктің 
жұмыртқа клеткасы сияқты ӛте кіші болып келеді және толық бӛлшектену 
тән, бірақ сүтқоректілердің дамуы меробластикалық типпен жүреді. Қазіргі 
кездегі сүтқоректілердің ең жабайысы ехидна мен үйрек тұмсық. Бұлар 
рептилийлерге тән кӛбею және даму тәсілін сақтаған. Бұл жануарлардың 
жұмыртқа клеткасы ӛте ірі (сарыуызының диаметрі 0,5 см дейін) болады. 
Ехидна денесінің құрсақ бетінде болатын қалтаға кӛбінесе бір жұмыртқа 
салады. Үйрек тұмсықта ондай қалта болмайды, інге салған бірнеше 
жұмыртқаларын басып жетілдіреді. Бӛлшектенуі дисклік, гаструляциясы 
рептилийлерге ұқсас жүреді. Жұмыртқадан шыққан балапандары, анасының 
тері безінің сүтке ұқсас секретімен қоректенеді. Сүтқоректілер ұрпақтарын 
тірі туады. Сүтқоректілерде құрсақтық даму кезеңі әртүрлі және ұрықтың 
ана организмімен байланысының түрі де бірдей болмайды. Қалталылардың 
құрсақтық даму кезеңі ӛте қысқа және ұрықтың жатырдың кілегей 
қабықшасымен байланысы жабайы. Қалталылардың кейбір түрлерінің 
(баңдикут, немесе қалталы борсық) тӛл қабының қабырғасы жатырдың 
кілегей қабықшасының ойындысына кіріп тұратын ӛсінділер құрайды. 
Сондықтан қалталылар ұрпақтарын шала туады. Мысалы, ересек үлкен 
кенгурудің аталықтарының үлкендігі адамның бойындай болғанымен
ұрпағының үлкендігі лобия дәнінен болар-болмас қана үлкен. Кейбір 
қалталылар 
ӛздерінің 
ұрпақтарын 
қалтасында 
жетілдіреді. 
Бұл 
жануарлардың жұмыртқасында сары уыз кӛп болмайды. 
Жоғары сатыдағы сүткоректілердің жұмыртқасында сары уыз 
кірінділері жоқ деуге болады және онда дамудың бастапқы кезеңіне 
жеткілікті органикалық, бейорганикалық заттар болмайды. Ұрық ӛзінің 


172 
дамуына қажеттің бәрін ана организмінен алады. Плаценттілердің 
жұмыртқа клеткалары ӛте кішкентай (диаметрі 100-200 мкм) алецитальді 
немесе изолецитальды типке жатады, толық бӛлшектенеді. Бластомерлердің 
үлкендігі әркелкі және олардың санының кӛбеюінде геометриялық 
прогрессия байқалмайды. Бластомерлер саны 2 кезеңнен ӛткеннен кейін 
олардың саны 3, 4, 5, 7, 9, 11 т. т. болып кӛбейеді. Сүтқоректілердің 
кӛпшілігінде бӛлшектенудің нәтижесінде морула пайда болады. 
Бӛлшектенудің бірінші бӛлінуінен бастап бластомерлердің екі түрі 
байқалады: ұсақ ақшыл және ірі күңгірт бластомерлер. Күңгірт ірі 
бластомерлерді ақшыл бластомерлер қаптап ӛседі. Ішкі күңгірт 
бластомерлерден эмбриобласт қалыптасады (83-сурет). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   228




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет