«Тәуелсіздіктің талантты ұрпақтарын тәрбиелеудегі педагогикалық әдіс-тәсілдерім» Аңдатпа. Эсседе жаңа заманға баға бере отырып, жаңалыққа жақын «заманауи әдіскерлердің»



Дата28.02.2023
өлшемі15,03 Kb.
#170469
Байланысты:
ЭССЕ
акт реф, мәдениет 1 рк, 2сөж ҰДЖТ, Қожаберген Сабира Атом СРСП Альфа ыдырау, 10 ЯДРОНЫҢ ГАММА СӘУЛЕЛЕНУІ

«Тәуелсіздіктің талантты ұрпақтарын тәрбиелеудегі педагогикалық әдіс-тәсілдерім»
Аңдатпа. Эсседе жаңа заманға баға бере отырып, жаңалыққа жақын «заманауи әдіскерлердің» бойындағы қасиеттер сараланған. Автор өзі қолданатын әдіс-тәсілдерін жасақтап, ең өтімді деген екі тәсілге тоқталып өтеді.
Аннотация. В эссе, оценивающем новое время, выделяются характеристики «современных методологов», близких новому. Автор подробно останавливается на используемых им методах и выделяет два наиболее эффективных из них.
Abstract. In an essay evaluating the new time, the characteristics of "modern methodologists" close to the new are highlighted. The author dwells in detail on the methods he uses and highlights the two most effective of them.
Аулада ХХІ ғасыр. Ақпарат пен білім кеңістігі күн санап даму үстінде. Дүние жүзінің дамыған және дамушы елдері өз бағытын адамзатты сақтап қалар мәдениет пен білімге аударуда. «Елдің елдігін танытатын – білімді ұрпақ» демей ме?! Ұрпақтар қақтығысы да орын алып жатқан жаһандық жаңалықтардың жалындаған кезеңінде бірден бір өзгерістер білім жүйесінде орын алуы заңды.
«Ұрпақтар қақтығысы» не себепті орын алуда? «Заманауи» мұғалім мен оқушының арасындағы байланыс қандай болады? Оқушыларды білімге қызықтыруда қандай әдіс-тәсілдер өтімді? Жанашыр, әрі жауапты ұстаз ретінде мені күнделікті мазалайтын сұрақтар легі осылай өрбуде. Себебі, х - ұрпақ пен у - ұрпақтан кейінгі қазіргі z – ұрпақты тәрбиелеудегі өзекті мәселелер төңірегінде басты жауапкершілік ұлы қызметтің жаршылары ұстаздар қауымына жүктеліп отыр. Ұлттық танымды ту еткен Мағжан Жұмабаев «төрдегі орын – мұғалімдікі» десе, Жүсіпбек Аймауытұлы «жаңадан жаңаны жасаушы» деп басты назарды сол кезеңнің өзінде ұстаздарға аударып еді.
Жаңа ұрпақты өзіне еріксіз баурап алатын заманауи «әдіскер-ұстаздың» бойында келесідей қасиеттер болуы тиіс деп ойлаймын:
Біріншіден, кәсіби білім мен білігі қалыптасқан, үнемі жаңа нәрсеге талпынатын ізденімпаз, әрі өз пәніне үлкен қызығушылықпен қарайтын талапшыл;
Екіншіден, жаңаны жатсынбайтын, жаңа технологияларды еркін меңгерген, өз сабақ беру сәтінде технологиялар көмегімен оқушыларды қызықтырып тапсырмалар ойластыра алатын ашық;
Үшіншіден, қазіргі «өз құқығын жақсы білетін» ұрпақты қаталдықпен басқаратын емес, олармен достаса отырып, адами ізгі қасиеттердің үлгісі бола алатын қадірлі;
Төртіншіден, сабақ жүргізуде басқаларына ұқсамайтын өзіндік ерекшелігі қалыптасқан, оқушы түгілі, ұстаздар да жауыр болмайтын өзгеше ойындар мен тапсырмаларды ұсына алатын, жеке қолтаңбасы қалыптасқан жаңашыл. Мен де осы талаптарға сай болу үшін үнемі өзімді дамытып, өзімнің әр өткізген сабақтарыма баға беріп, сырттай бақылаушы рөліне де енемін.
Бір байқағаным, қазіргі оқушылардың білімге және ұстазға деген талаптары өте жоғары. Мен сабақтарымда жиі қолданатын, әрі оқушылар жұмыла қатысатын «рөлдік ойындар», «джигсо әдісі», «swot талдау», «kahoot бағдарламасы», «жеке жоба жасау», «эйлер шеңбері» секілді әдіс-тәсілдерді ерекше атағым келеді.
Осылардың ішінде өзім көп қолданатын «SWOT» талдау әдісін оқушылар ерекше қызығушылықпен, тіпті үлкендердің ойына келмейтін тың идеялармен талдап бергенде ризашылығым одан әрі арта түседі. Сол бір туындаған мәселенің жағымды-жағымсыз жақтарын, мүмкіндіктері мен қауіптерін сараптауда қазіргі ұрпақтың жүрек түкпірінде сақталған, ешкімге ұқсамайтын пікірлерін естимін. Әрі, әріптестеріме де ылғи айтып, бөлісіп отырамын.
Ауқымды тақырыптарда «жеке жобалар» жасауды тапсырамын. Бұл әдісім - әр оқушының талабын аңғарып, оларды қиын да, қызықты ғылым жолына әкелудегі алғышарт деп есептеймін. Жобаларда тың идея мен жаңаша пікірлерге шектеулер қоймаймын. «Ұстаз тек беруші емес, алушы да болуы тиіс» деген қағиданы қатаң ұстанамын.
Ойларымды қорыта келе, тәуелсіздік таңы атқалы «екі түрлі» ұрпақты (у және z ұрпақ) ауыстырып үлгердік. Ұстаздар қауымы олардың талаптары да, саналары да жаңарғанын ескерсе екен деймін. Жаңа заманға жаңашыл ұстаздардың жаңалыққа толы әдістері керек!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет