Негіздері



Pdf көрінісі
бет136/228
Дата21.11.2022
өлшемі8,4 Mb.
#159250
түріОқулық
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   228
Байланысты:
tұңғyshbaeva-z.b.-czitologiya-zhәne-gistologiya-almaty-2015-274-bet.

ұымдастырушы орталық
 
деп атаған. 
Шпеман гаструляцияның бастапқы кезінде қоңыр тритонның ұрығынан 
болашақ нерв пластинкасының клеткалық материалының кішкене бӛлігін, 
ал ақшыл тритонның ұрығынан болашақ тері эктодермасының кішкене 
материалын алып, ұрықтарға алмастырып трансплантация жасаған.
Трансплантаттар ӛздерінің шығу тегі бағытына қарай дамымай, жаңа 
жағдайға сәйкес дамыған: болашақ тері эктодермасының бӛлігі нерв 
жүйесінің дамуына қатысса, нерв пластинкасының клеткалары керісінше — 
тері эпителийіне жіктелген.
Гаструляцияның соңғы кезеңінде жүргізілген мұндай тәжірибелер 
трансплантаттардың жаңа қоршаған орта бағытында дамымай, ӛздерінің 
жетілу бағытын ӛзгертпеген: тері эктодермасы аймағына кӛшірілген нерв 
пластинкасы бӛлігінен нерв элементтері дамыса, нерв пластинкасының 
құрамына енгізілген тері эктодермасы бӛлігінен эпидермис дамыған. 
Гаструла сатысынан кейін нейрула сатысы басталады. Нейрула 
сатысында нерв дӛңесі түзіліп, ұрықтың дорзальді беті байқала бастайды. 
Нерв дӛңестері 
нерв пластинкасы
деп аталатын эктодерманың дорзальді 
бӛлігін қоршап тұрады (76-сурет).
нп нп к ж
1 2 3 
76 – сурет.
Амфибия ҧрығының нейруляциясы
1—3 —нейрула сатысы, артқы жағынан (1) және бүйірінен кӛрінісі (2); нп — нерв 
пластинкасы — ми мен жұлынның бастамасы; 3 — орталық жүйе мүшелерінің 
қалыптасу сатысы кезіндегі ұрық: болашақ желбезек (ж), кӛз (к), ауыз қуысы (а).
http://slovare.coolreferat.com/
 
а 


163 
Гаструланың кӛлденең кесіндісінде нерв пластинкасы ӛзінің ірі және 
биік клеткаларымен кӛзге түседі. Нерв пластинкасы мидың бастамасы, нерв 
дӛңестері кейін нерв ганглияларына айналады. Сонымен, нерв пластинкасы 
мен нерв дӛңестері нерв бастамасы немесе нейроэктодерма болып 
есептеледі. Эктодерманың қалған бӛлігі тері эктодермасын құрайды. Нерв 
пластинкасы алдымен науашық, кейін нерв түтігіне айналады. Нерв түтігі 
мен ганглиялық пластинка тері эктодермасының астында қалады. 
Мезодерма жапырақшасы сомиттерге, нефротомдарға (грекше nерһrоs — 
бүйрек) және спланхнотомдарға (грекше sрlаnсһnе — ішкі) жіктеледі. 
Сомиттер мен нефротомдар сегменттерге бӛлінеді, бӛліну ұрықтың 
бас жағынан артқы жағына қарай жүреді. Спланхнотомдар сегменттерге 
бӛлінбейді, бірақ екі жапырақшаға ажырайды, висцеральдік (ішкі) және 
париетальдік (сыртқы), олардың араларында қуыс дамиды, ол дененің 
екінші реттік қуысы - целом ( грекше — соіlоn — қуыс). Дененің оң және 
сол жақтарындағы спланхнотомдар ішек түтігінің астында түйісіп 
қосылады.
Висцеральдық жапырақ кейінірек ішекке және басқа ішкі органдарға 
жабысып, олардың сероздық қабықшасын құрайды. Париетальдық жапырақ 
дене қабырғасының ішкі бетін астарлайды. Сонымен, кӛптеген 
бастамалардың жіктелу процесі алдыңғы жақтан артқа қарай жүреді. 
Жіктелудің бұл тәртібі нерв науашығының түтікке айналуына, сомиттер мен 
нефротомдардың түзілуі мен жіктелуіне қатысты. Сондықтан, ұрықтың
каудальдік бӛлігі ӛзінің дамуы жағынан краниальдік бӛліктерден артта 
қалады және шала жіктеледі. Бластопор жабылғаннан кейін клеткалардың 
тез кӛбеюінің нәтижесініде шала жіктелген материалдар құйрық бүршігін 
құрайды. Құйрық бүршігі — құйрықтың бастамасы.
Сомиттің дамуы кезінде түрлі ұлпаларға жіктелетін бӛліктер 
оқшауланады: сомиттің орта бӛлігінен, миотомнан каңқа бұлшық еті 
дамиды; сыртқы және ішкі бӛліктерінен мезенхима, немесе эмбриондық 
дәнекер ұлпасы дамиды; сомиттің сыртқы бӛлігінен — дерматомнан — 
пайда болатын мезенхима эктодерманы астарлайды және терінің дәнекер 
ұлпасына айналады. Сомиттің ішкі бӛліктерінің мезенхималық клеткалары 
склеротомды құрайды. Одан біліктік қаңқа мен дәнекер ұлпасының кӛбісі 
дамиды. Нефротомдар зәр шығару органдарының эпителиальдық 
каналшықтарының бастамалары. 
Ауыз бен аналь тесіктері және желбезек саңылаулары, ланцетниктегі 
сияқты, тесілу арқылы пайда болады (77-сурет). 
Құрбақа итбалықтары пайда болар кезінде уақытша органдар — 
құйрық, сыртқы желбезек, мүйіз ерін тістері түзіледі (77-сурет). Аяқтары, 


164 
тістері, ӛкпесі болмайды. Біраз уақыт ӛткеннен кейін метаморфоз 
басталады, алдымен артқы, кейін алдыңғы аяқтары пайда болады, құйрығы 
жойылады, желбезектері редукцияға ұшырайды, ӛкпесі жетіледі т. б. 
Итбалықтың шеміршек қаңқасы сүйекке айналады, жақтарында тістер 
дамиды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   228




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет