178
88 – сурет. Адамның 3-апталық ҧрығының сагитальді кесіндісі:
1 - тері эктодермасы; 2 - амнион эктодермасы; 3 – амнион мезодермасы; 4 – ішек
энтодермасы; 5 – сары уыз энтодермасы; 6 - хорда; 7 - аллантоис; 8 – жүрек бастамасы;
9 – қан аралшықтары; 10 – амнионның аяқтары; 11 - хорион; 12 – хорион ӛсіндісі.
http://histologybook.ru/u_mlekopitajuwih.html
Амниондық және сары уыз кӛпіршіктерінің
жанасқан жерінде ұрық
қалқаншасы пайда болады. Ол ұрықтың денесін құрайтын материал.
Амниондық кӛпіршікті негізінде биік цилиндр тәрізді клеткалар ұрықтың
эктодермасын, ал оның
астындағы клеткалар энтодермасын құрайды.
Ұрықтық дамудың 15-16-шы тәулігінде гаструляцияның екінші кезеңі
басталады. Ұрық қалқаншасының
сыртқы қабаты клеткаларының
иммиграциясының нәтижесінде алғашқы жолақ пен Гензен түйіні пайда
болады. Сонымен қатар, алғашқы
жылға мен алғашқы шұңқыр
қалыптасады. Алғашқы түйіннің алдыңғы жағында болашақ хорданың
материалы (хордалық пластинка), ал оны алдыңғы жағынан келешек нерв
жүйесінің (нерв пластинкасы) материалы қоршайды.
Алғашқы жолақ
келешек мезодерманың материалы. Сонымен хордалыларға тән жота
комплексінің бастамалары қалыптасады.
Трофобласт пен ұрықтан тыс мезенхима қабаты қосылып хорионды
құрайды. Амниондық кӛпіршіктің тӛбесі мен бүйір
қабырғаларының
эктодермасы және оған жанаса орналасқан ұрықтан тыс мезенхиманың
материалы бірігіп амнионды құрайды. Сары уыздың энтодермасы мен оған
жабыса біткен ұрықтан тыс мезенхиманың қабаты сары уыз қапшығының
қабырғасын түзеді. Адам сары уыз
қапшығында басқа плаценталы
сүтқоректілердікі сияқты сары уыз болмайды, құрамында белоктар мен тұз
бар сұйыққа толы болады, ол ұрықтың бірінші қан жасаушы органы, оның
қабырғасында қан аралшықтары мен алғашқы қан тамырлары түзіледі. Адам
179
мен жоғары сатыдағы маймылдардың дамуында аллантоис елеулі рӛл
атқармайды, шала жетілген күйінде қалады. Жатыр қабырғасына қараған
хорионның бӛлігіндегі бүрлер күшті дамып тармақталып жатырдың кілегей
қабықшасының ұлпаларымен қосылып плацентаны құрауға қатысады.
Мезодерма сомиттер мен спланхнотомдарға «бүйір пластинкаларына»
жіктеледі. Сомиттердің материалы сегменттерге бӛлінеді, спланхнотомның
материалы сегменттелмеген күйінде калады. Спланхнотомдар екі
жапырақшаға бӛлінеді: висцеральді және париетальді. Сомиттерге жанасқан
спланхнотомдардың кішкене бӛліктері
оқшауланып, сегменттерге бӛлініп,
алғашқы бүйректің каналшықтарының бастамалары болып саналатын
нефротомдарды (немесе сегменттер аяқшаларын) құрайды (89-сурет).
Достарыңызбен бөлісу: