248
Сонымен қатар, басқа да белоктар кездеседі: тропомиозин Б (жіңішке
бұлшық ет типтерінің бәрінде); тропомиозин А немесе парамиозин (жуан
бұлшық ет типтерінің бәрінде) және тағы басқалар.
Миосимпластта жасуша орталығы жоқ, яғни олар бӛлініп, кӛбеймейді. Соған
байланысты бұлшық еттің регенерациясы миосателлитер арқылы іс жүзіне
асырылады. Жараланған бұлшық ет
талшығына жақын жатқан
миосателлиттер бӛлініп, миобластар пайда болады,
жарақаттанған жерде
кӛптеген жаңа талшықтар қалыптасады.
129 - сурет. Саркомердің қҧрылысы. (Б.Альбертс бойынша)
Миосателлиттер
–
аз дифференциацияланған жасушалар, ет
ұлпасының регенерациясына қатысады. Олар
миосимпласттың сыртындағы
базальді мембрана мен сарколемманың арасында орналасады.
Кӛлденең салалы бұлшық еттің құрылысы күрделі, оған шоғырлану
тән. Шоғырланудың бірнеше қатары болады. Бірінші реттік шоғырланудың
арасын байланыстыратын
борпылдақ дәнекер ұлпа, ол арқылы қан
тамырлары мен жүйке талшықтары ӛтеді. Ал,
кейінгі қатарлары дәнекер
ұлпасының тығыз қабатымен бірігіп, бұлшық
етті тұтас қаптап тұратын
тығыз қабықшаға айналады. Бұлшық ет сіңірлер арқылы сүйекпен
байланысып, дене бӛліктерін қимылға келтіреді ( 130-сурет).
Құстардың, сүтқоректілердің және адамның бұлшық ет талшығының
ядролары сарколемманың астында цитоплазманың шет жағында орналасады.
Тӛменгі сатыдағы омыртқалылар мен
барлық омыртқасыздарда ядро
талшықтың
ішінде,
немесе
ортасында
орналасқан.
Электрондық
микроскоппен зерттеу саркоплазманың құрамында мембраналармен
Достарыңызбен бөлісу: