Негіздері


Қысқару – тітіркендіргіш факторға реакция беру нәтижесінде, клетканың  кез-келген бағытта кішіреюі.  Сіңіру және қорыту



Pdf көрінісі
бет5/228
Дата21.11.2022
өлшемі8,4 Mb.
#159250
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   228
Байланысты:
tұңғyshbaeva-z.b.-czitologiya-zhәne-gistologiya-almaty-2015-274-bet.

Қысқару
– тітіркендіргіш факторға реакция беру нәтижесінде, клетканың 
кез-келген бағытта кішіреюі. 
Сіңіру және қорыту
– барлық клеткалар қоректік заттарды ӛздерінің 
үстінгі беткейліктерімен сіңіреді және қорытады. 
Секреция
– клеткалар сіңірген заттардан ӛздеріне қажетті жаңа 
қосындыларды синтездеуге қабілетті. Ондай қосындылардың кӛбі клеткадан 
бӛлініп, ағзаның басқа бӛлігінде жұмсалады 
Экскреция
– клетка ӛзінің үстінгі беткейлігі арқылы қоректік заттардың 
алмасуы нәтижесінде пайда болған қалдықтарды сыртқа шығарады. 
Тыныс алу
– клеткалар тыныс алу кезінде оттегін сіңіріп, қоректік 
заттарды тотықтырады және энергия бӛліп шығарады. 
Өсу және көбею
– клетканың ӛсуі, клеткалық заттардың қосымша 
мӛлшерде синтезделуін қажет етеді. Клетканың кӛлемі белгілі мӛлшер 
шамасынан асса, қалыпты функциясын атқара алмайды. Сондықтан, кӛп 
клеткалы ағзалардың ӛсуі, әдетте клетка мӛлшерінің ӛсуі емес, олардың 
бӛлінуі нәтижесінде жүреді. 
Цитология және гистология пәнінің міндеттері: 
1.
Ағзадағы клеткалардың, ұлпалардың, мүшелердің микроскоптық, 
ультрамикроскоптық құрылысын және гистогенез, органогенез, системогенез 
механизмдерін әрі қарай зерттеу. 
2.
Ұлпалық гомеостазды реттеу механизмдерін анықтау (жүйкелік, 
эндокриндік, иммундық, кейлондық). 
3.
Сыртқы орта факторлары әсеріне клеткалардың, ұлпалардың, 
мүшелердің және ағзаның реакция беруін зерттеу. 
4.
Ұлпалардың, мүшелердің физиологиялық және репаративтік 
қалпына келу мәселелерін жетілдіру. 



5.
Клеткалық детерминация мен дифференцировка механизмдерін, 
клеткалар мен ұлпалардың ісікке айналуындағы гистогенетикалық 
аспектілерін, жалпы патологиялық реакциялардың клеткалық механизмдерін 
зерттеу. 
6.
Клеткалардың, ұлпалардың және мүшелердің жасқа байланысты 
ӛзгерістерін зерттеу. 
7.
Адам эмбриогенезінің ерекшеліктерін зерттеу. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   228




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет