Тақырыбы: Жыныс жүйесі. Эмбрионалдық даму жолы және даму көзі. Жыныстық дифференцировка факторлары. Аталық және аналық жыныс жүйесі мүшелерінің адам жасына байланысты ерекшеліктері.
Жыныс жүйесі
Аталық жыныс
жүйесі
Аналық жыныс
жүйесі
Жыныс жүйесі
Аталық және аналық жыныс жүйелері репродуктивтік және эндокриндік қызмет атқарады.
Жыныс жүйесінің дамуы эмбрионалдық дамудың бастапқы сатысында аталық және аналық жыныс жүйелерінде бірдей өтеді. Гонадалардың дамуы эмбриональдық дамудың 4-аптасында жыныстық үймелер түрінде анықталады – алғашында бүйректің сыртында целомдық эпителидің қалыңдаған аймағы. 3-ші аптада сары уыз қапшығында пайда болыды. Олардың ядросы үлкен, цитоплазмада гликоген мөлшері көп. Жыныстық үйемелердің эпителийінен аналық жыныс бездерде фолликулярлық жасушалар немесе аталық жыныс бездерінде тіректік эпителиоциттер дамиды. Интерстициальді жасушалар немесе эндокриноциттер жыныс гармонын түзуге қатысады. Интерстициальды жасушалар құрсақ ішілік дамудың 9-10 аптасында белсенді көбее бастайды. 22 аптадан кейін олардың саны азаяды.