Орындаған: 3-011жмф тексерген: Мухамеджанова Р. А



бет5/12
Дата24.11.2022
өлшемі12,74 Mb.
#159684
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
1332818 (копия)
№5 Зертханалық жұмыс (1)

Пісіп жетілудің екінші бөлінуі бірінші бөлінуден кейін тоқтаусыз митоз сияқты өтеді, хромосомалар репродкуцияланбайды. Пісіп жетілудің екінші бөлінуінің анафазасында 2-ші реттік сперматоциттердің диадалары монадаларға ажырайды немесе полютопрға ажыраушы жекелеген хроматидаларға. Оның нәтижесінде хромасомалардың саны гаплоидты сперматидалар түзіледі.

Сперматидалар кіші көлемді, дөңгелек пішінді, ядросы үлкен жасушалар. Олар тіректік жасушалардың ұштарында көптеп жиналып,оның цитоплазмасына енк орналасады. Сперматозоидты пішінделу үрдісі Гольжи кешені маңында тығыз түйіршіктің – акробласттың пайда болуынан басталады.

Эндокриндік қызметі.

Иректелген ұрық түтікшелерінің арасында дәнекер тінінде қан тамырларын қоршап интерстициальді жасушалар – гландулоциттер орналасады. Бұл жасушалар ірі,пішіні дөңгелек немесе көп бұрышты болып келеді. Цитоплазмасы ацидофильді,шеткері аймағы вакульденген,құрамында гликопротеиндік, ақуыздық және гликоген қосындылары бар. Адам жасы ұлғайған сайын интерстициальды жасушалардың цитоплазмасында пигменттер жинақталады. Жақы дамыған түйіршіксіз эндоплазмалық тор,көптеген митохондриялар интерстициальды жасушалардың аталық жыныс гармонын түзуге қабілеттілігін білдіреді.

Ұрық шығару жолдары.

Ұрық шығару жолдары аталық жыныс бездеінің және онаң қосалқысының түтікшелер жүйесінен тұрады. Әкетуші жолдар жыныс безінің түтікшелерінен басталып аталық бездің торына жалғасады. Тордан 10-12 шығарушы түтікшелер шығып, қосалқының өзегімен бірігеді. Бұл өзек шиыршықталып қосалқының денесін құрайды және оның төменгі бөлігі тік ұрық шығару өзегіне жалғасады.

Ұрық шығару жолдары шырышты, бұлшық еті және дәнекер тінді қабықшалардан тұрады. Бұл түікшелерді қаптайтын эпителий бездік қызмет атқарады.

Ұрық шығаратын өзегі. Бояуы: гематоксилин - эозин. х 56. 1-өзектің қуысы: а-сперма; 2-кілегейлі қабық-тың қатпарлары; 3-дәнекер тініндегі тамырлар (а) мен адипоциттер (б) (И.В. Алмазов, Л.С. Сутулов бойынша).



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет