5-апта
СОӨЖ 5
Тақырыбы: Тамыр ұшының құрылысы.
Тапсырмалар: Тамыр және оның құрылысына тоқталу. Бөлімдерін атап көрсету.
здеседі, астықта 0,75-тен 2 мм-ге дейін болады. Тамыр түктерінің клетка қабықшасы целлюлозалы, вакуолі ірі, цитоплазмасы қабықшасын астарлай орналасады. Түктер түзетін эпиблеманың беті өсімдіктердің жапырағы сияқты кутикуламен емес, топырақ түйіршіктерін түктерге жабыстыратын шараналы заттармен жабылады.
Тамырдың анатомиялық алғашқы құрылысы ашық тұқымдылардың, жабық тұқымдылардың және жоғары сатыдағы споралы өсімдіктердің барлығының тамырына тән алғашқы құрылыс. Жоғарыда аталған өсімдік топтарынан тамыр алғашқы құрылысын жас тамыр ұшының сору аймағынан көре аламыз. Ол үшін тамыр ұшының көлденең кесіндісінен препарат дайындап, оны микроскоп арқылы қарау керек. Мұнда оның үш бөлігі : эпиблема мен оның тамыр түктері, алғашқы қабық және орталық цилиндр көрінеді.
Экзодерма – қабықтың эпиблеманы астарлай орналасқан сыртқы қабаты. Экзодерма бір қабатты, екі қабатты, көп қабатты болып келеді. Ол кейбір өсімдіктердің қабығында бөлініп айқын байқалмауы да мүмкін. Клеткалары тірі пішіні – көп бұрышты. Клетка қабықшалары көбіне қалыңдау келеді әрі тығыз орналасады. Құрылымдық және физиологиялық тұрғыдан алғанда негізгі қызметі қорғаныштық. өйткені эпиблема клеткалары өліп, түлеп түсісімен, оның клетка қабықшалары тозданады, сирек жағдайда сүректенеді.
Экзодерманың тозданған клеткаларының арасында қабықшасы целлюлозалы бірен-саран клеткалар қалады, солар арқылы сыртқы ортадан қоректік заттарды қабылдау жүзеге асады. Экзоднрма дара жарнақтылардың тамырында жақсы жетіледі. Олардың алғашқы құрылысты ескі тамырларында тозданған экзодерма – қос жарнақтылардың тамырына тән соңғы жабындық ұлпа тоздың қорғаныштық қызметін атқарады. Қос жарнақтыларда соңғы жабындақ ұлпаның пайда болуымен байланысты экзодерма клеткалары өліп, ол жыртылып, сылынып қалады.
Мезодерма – дөңгелек пішінді, ірі және тірі паренхимиялық клеткалардың экзодермасы мен эндодермасының арасындағы қабаты. Мезодерма клеткаларының шеттен орталыққа қарай пішіндері, орналасуы өзгереді. Шетжағында клеткалары майдарақ, жиі, орталыққа қарай іріленіп, борпылдақ тартады, орталыққа жақындай түскенде клеткалары қайтадан майдаланып, жиілей түседі. Мезодерма клеткаларының басым көпшілігінің борпылдақтығы өсімдіктердегі ауа алмасуына көп пайда тигізеді.
Алғашқы қабықтың паренхимиясы суды және онда еріген минералдық тұздарды эпиблемадан орталық цилиндрге қарай көлбеу бағытта тасымалдайды.
Эндодерма – алғашқы қабықтың ең ішкі қабаты. Ол орталық цилиндрді қоршап орналасқан клеткалардың бір қатарынан тұрады. Бұл қабаттың негізгі міндеті – қабықтың сыртқы қабаттары арқылы суда еріген қоректік заттардың орталық цилиндрде орналасқан өткізгіш ұлпа элементтеріне қарай жылжып өтуін реттеу. Эндодерма жұқа қабықшалы, тірі, көлденең кесіндісіеің пішіні төрт бұрышты клеткалардан тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: |