1 ҚҰрылыс алаңының жалпы сипраттамасы



Дата24.01.2022
өлшемі0,61 Mb.
#129678
Байланысты:
Poyasnilka (1)
Билим берудеги Менеджмент, Билеты к экзамену ШТ-20-3 (копия), реферат, ДБ



КІРІСПЕ


Құрылыс индустриясы — құрылыс нысандарын жаңадан салу, ұлғайту, жаңғырту, күрделі жөндеуден өткізу, құрал-жабдықтар орнату, құрастыру жұмыстарын индустриялық әдіспен жүзеге асыратын құрылыс-құрастыру ұйымдарының жиынтығы. Құрылыс индустриясының үздіксіз дамуы шаруашылықтың барлық саласымен, әсіресе күрделі қаржының ұдайы өсуімен тығыз байланысты. Құрылыс индустриясының өніміне құрылысты аяқталған және жабдықтары түгел орнатылып, құрастырылған, іске қосылуға даяр өндірістік орындар мен тұрғын үйлер, мәдени-тұрмыстық, коммуналдық, т.б. ғимараттар жатады.

Құрылыс индустриясының пайда болуы қоғамдық еңбек бөлінісінің өсуіне, өнеркәсіптің, қалалардың, қатынас жолдарының, сауданың дамуына байланысты болды. Неғұрлым күрделі жаңа үйлерді, ғимараттарды салудың қажеттілігі құрылысты мамандандыруды, оны дербес шаруашылық саласына айналдыруды қажет етті. Қазақстанда Құрылыс индустриясы құрылыстың жедел қарқынмен дамуы және үнемі жетілдірілуі нәтижесінде қамтамасыз етілді. Мердігерлік тәсіл құрылысты жүргізудің басты түріне айналып Құрылыс индустриясын дамытуды едәуір жеделдетті. Кеңестік дәуірде сонымен бірге ұжымшар аралық құрылыс ұйымдары да құрылыс-құрастыру жұмыстарының көлемін ұлғайтуға едәуір септігін тигізді. Қазіргі нарықтық экономика кезеңінде құрылыс-құрастыру ұйымдары түгелдей дерлік жекешелендіріліп, бірқатары ірі холдинг-компанияларға айналдырылды. Олар негізінен құрылысты мердігерлік тәсілмен жүргізедін.

Құрылыс индустриалдығы – жаңа технологияны қолдана отырып, құрылыс жұмыстарын автоматты және биік механикаландырылған түрде дайын бөлшектерден ғимаратты жинақтау.

Жобадағы тақырыптың өзектілігі, Тараз қаласында жаңа техналогиялармен қамтамасыздандырылған екі қабатты ғимараттардың көбеюінде әрі халықтың тұрмыс жағыдайын жақсартуында.

1 ҚҰРЫЛЫС АЛАҢЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПРАТТАМАСЫ

Салынғалы жатқан жобадағы ғимарат Тараз қаласының орталық бөлігінде орналасқан. Қаланың айтарлықтай аумағын Бетпақ-Дала және Мойынқұм алады, тек оңтүстік-батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс шеті таулармен шектелген (Қаратау, Қырғыз және Шу-Іле Алатау таулары). Рельефтің бұл ерекшелігі облыс климатына әртүрлілік ендіреді. Табиғи ландшафтардың флорасы мен фаунасы кең және әртүрлі. Облыста өсімдіктердің 3 мыңнан астам түрі бар. Аң аулайтын өңірдің жалпы алаңы 13,9 мың га құрайды, онда жануарлардың 40-тан астам түрі мекендейді. 27,8 мың га алаңды құрайтын балық шаруашылық қоры 74 су айдынынан тұрады, оның ішінде 73 су айдыны балық шаруашылығына жарамды. Ірі бөгендерден Тасөткел және Теріс-Ащыбұлақ бар. Балық аулау кәсібінде толстолобик, ақмарқа, карп, сазан, көк серке, тыран балық, краль, торта балықтарын аулау кең таралған. Облыс аумағында 3 мемлекеттік табиғи (кешенді) қаумалы бар.



Жамбыл облысының жер бедері негізінен жазық (орташа биіктігі 200 – 500 м). Солтүстігінде тасты-сазды Бетпақдала шөлінің оңтүстік-батысы, Ащыкөл ойысы, Тоғызкентау жоны, Шу өзенінің төменгі ағысы және Мойынқұм құмды алқабының батыс бөлігі орналасқан. Облыстың орталық бөлігін Қаратау жотасы солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай екіге бөліп жатыр. Оның ең биік жері – Бессаз (Мыңжылқы) тауы (2176 м).

Өзендері облыс аумағында біркелкі таралмаған. Оңтүстік Қазақстан облысы жерінің оңтүстігінен солтүстік-батысына қарай Сырдария өзені ағып өтеді. Сырдарияға Арыс (378 км), Келес (241 км), Құркелес (98 км) өзендері құяды. Халқы тығыз орналасқан оңтүстік-шығысында Арыс өзенінің салалары: Бадам, Сайрамсу, Ақсу, Жабағылы, Машат, Дауылбаба, Боралдай өзендерінің шаруашылық маңызы зор.
1.1 Құрылыс климаттық сипаттама
Тараз қаласының жалпы климаттық сипаттамасы: қысы жылы, жазы ыстық, құрғақ. Ең суық айы – қаңтардағы орташа темп-ра –5,1С. Ең төм. темп-ра –30,2С-қа жетеді. Оңт-тен және оңт.-батыстан соғатын циклондарға байланысты кей жылдары желтоқсан-қаңтарда ауа райы +2С-қа, тіпті онан да жоғары жылы болуы мүмкін. Қар көбінесе, қараша айының аяқ кезінен (кей жылдары қазан айының екінші жартысында) бастап жауады. Қардың қалыңд. 10 – 15 см болады. 114 – 220 күн (орташа 161 күн) жатады.

Жалпы қаладағы бұлтты күндер шамамен 50 күнге созылады, қалған уақытта күн ашық. Жазы ыстық, құрғақ, шілде айында 47С-қа дейін жетеді. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 353 мм. Қаладағы негізгі су артериясы Талас өз. Қырғыз жеріндегі Қаракөл және Үшкеней тау өзендерінің бірігуі нәтижесінде пайда болады. Т-ға жеткенше судың едәуір бөлігі а. ш. егістіктерді суару үшін пайдаланылады. ГРЭС-тің маңайында қолдан жасалынған көлшік бар. Қала үшін екінші бір маңызды өзен – Аса қар суымен тек көктемде толығады.

Ауаның орташа температурасы – 14 ̊С

Салыстырмалы ылғалдылық – 51;%

Желдің орташа жылдамдығы – 2,5 м/с.

Сурет 1.1 – Тараз қаласының Сурет 1.2 – Тараз қаласының шілде

қаңтар айының желінің раушангүл айының желінің раушангүл

сұлбасы сұлбасы

1.2 Бас жоспар бойынша қабылданған шешімдердің сипаттамасы


Тұрғын үй - Қазыбек би көшесінде орналасқан. Жанында басқа да тұрғын үйлер және олардың автотұрақтары орналасқан. Одан бөлек сыртында тротуар бар. Ғимараттан 20 м арақашықтықта жасанды өзен орналасқан. Бұл өзенге Үшбұлақ деген канал арқылы су құйылады. Ғимараттың айналасында өсімдіктер аз. Бірнеше тал және біршама көгалдандырылған аймақ бар.

Кесте 1.1 – Құрылыстығы негізгі аудандық көрсеткіштер




Атауы

Өлшем б.

Саны

Құрылыс аудыны

м2

186,95

Пайдалы ауданы

м2

285,58

Бірінші қабат

Екінші қабат



м2

м2



127,95

107,636


Тұрғын аудан

м2

118,72

Бөлмелердің жалпы ауданы

м2

214,25

Бөлмелердің жалпы ауданы

Бірінші қабат

Екінші қабат

м2

м2

106,62


107,63

Бас жоспар – жобаның құрылыс обектісін жоспарлау және абаттандыру, үймәреттерді, ғимараттарды, көлік қатынас жолдарын, инжинерлік жүйелерді орнастыру, шаруашылық және тұрмыс қызмет жүйелерін ұйымдастыру мәселелерінің кешенді шешімі бар бөлігі.

Тұрғын үйде жазғы отырыстар жасау үшін арналған ғимаратқа жанама терасса салынған. Сонамен қатар тұрғын үйден бөлек көршілес екі қабатты және бір қабатты жер үйлер орналасқан. Ғимараттан сыртқа қарай 15 м арақашықтықта көлік жүретін тас жол орналасқан, және оның жиегінде адамдарға арналған жаяу жүргінші тротуар бар. Көлік жүретін тас жолдың ені – 9 м, тротуар – 1,5 м

2 ҒИМАРАТТЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ

2.1 Көлемдік-жоспарлық шешімі
Тараз қаласында салынғалы жатқан екі қабатты тұрғын үйдің жалпы ауданы 235,58 м2. Тұрғын үй әрқайсысы ұзындығы 11,1 м - ден тұратын шаршыдан құралған. Қабат биіктігі 3,1 м, үйдің жалпы биіктігі 8,7 м, қабат саны 2. Тұрғын үй қанқасыз ғимараттар типіне жатады. Сызбада тұрғын үй 4 ось арқылы көрсетілген. Тұрғын үйдің бөлмелері - Кесте 2.1, Кесте 2.2 де көрсетілген

Отқа төзімділігі бойынша 3 дәрежелі. Электр энергиясын қабылдау тұрақтылығына байланысты 3 дәрежелі.

Кесте 2.1- Бірінші қабаттағы бөлмелер экспликациясы


бөлмелер



атауы

өлшемі

м2



1

кіреберіс

7,22

2

холл

10,45

3

қонақ бөлмесі

27,22

4

асхана бөлмесі

23,33

5

әжетхана

5,09

6

қойма

6,23

7

қазандық бөлмесі

6,00

8

Уйқытау бөлмесі

11,94

9

терасса

30,47

Кесте 2.2 - Екінші қабаттағы бөлмелер экспликациясы




Бөлмелер №

атауы

өлшемі

м2



10

холл

10,55

11

кітапхана-кобинеті

17,14

12

ұйқтау бөлмесі

24,54

13

ұйқтау бөлмесі

25,94

14

ұйқтау бөлмесу

11,94

15

ванна бөлмесі

11,65

16

ванна бөлмесі

5,87

2.2 Құрылымдық шешімі
Іргетас сызбада қарастырылған тұрғын үйде таяз орналасқан құймалы, әрі біртұтас құймалы монолитті іргетас салынған. Іргетастың қалыңдығы 820 мм, жалпы биіктігі 1 м, жер деңгейінен 0,5 м тереңдікте салынған.Іргетастың плиталары монолитті. 250 мм болатын құмды дайындамадан жасалған, құмның ірілігі – орташа. Сонымен қатар іргетас геотекстильден және қиыршық тасты грунтты негізден құралған(20-60мм). Іргетастың құрылымы Сурет 2.1 де көрсетілген.

Сурет 2.1- Іргетастың құрылымдық сұлбасы


Қабырғалары жоспарды орналасуы бойынша сыртқы және ішкі қабырғалар бойлық және көлденең болып көрсетілген. Құрылымы бойынша - екі қабатты. Тұрғызу әдісі бойынша – құрастырмалы.

Тұрғын үйдің сыртқы көтергіш қабырғалары RAUF 14.5 NF маркалы кіші бетон блоктарынан салынған, қалыңдығы 510мм болатын көтергіш қабырғалар қарастырылады.

RAUF Кіші бетон блоктарының сипаттамасы:

Сығылуға төзімділігі м 100

Жылуөткізгіштік коффиценті – 0,18 В/мК, 0% ылғалдылықта

Тығыздылығы бойынша маркасы – 800кг/м3

Ішкі көтергіш қабырғалар RAUF 10.8 NF кіші бетон блоктарынан тұрады. Ішкі қабырғалары 250 мм болатын RAUF 11.3 NF блоктарынан жасалады.

Қабырғалардың гидроизоляциясы құмды – цементті қоспадан 1:2 пропорциядан 20 мм іргетастан жоғары құйылады.

Аражабын тақта қабатаралық жабын М 100 кірпіштерінен салынған. Сыртқы қабырғаларға бекіту үшін Т – тәрізді металлды және анкерлі тіректермен

бекітіледі.Жабын тақтасы 200 мм – ROCKWOOL флор батс (ТУ-5762-004-45757203-99) жасалады.

Шатыр желдетілетін, жылу оқшауланбаған, ағаш конструкциялы, 4 еністі болып жасалады.

Баспалдақтар тұрғын үйде – негізгі, темір беттоннан, әрі ірі бөлшекті құрылымдардан жасалынатын, екі тепкішті баспалдақ салынады. Жалпы ұзындығы 3151 мм, баспалдақ алаңының ұзындығы 1110 мм. Бірінші қабаттан шығардағы тепкіштер саны – 10, одан жоғары орналасқан сатының тепкіштер саны – 7. Тепкіштің ені 270 мм, биіктігі 167 мм.(Сурет 2.2)



Сурет 2.2 – баспалдақтың құрылымдық сұлбасы

Терезенің өлшемдері Кесте 2.3 те көрсетілгек







Сурет 2.3 – терезелердің құрылымдық сұлбасы

Кесте 2.3 – Терезелердің өлшемдері

атауы

өлшемдері

саны

Т – 1

890х1695

2

Т – 2

2325х1790

2

Т – 3

2325х2680

1

Т – 4

790х3375

1

Т – 5

1090х1790

2

Т – 6

690х1790

1

Т – 7

1490х715

1

Т – 8

3040х1945

2

Т – 9

890х1945

1

Т – 10

2090х1945

2

Т – 11

2325х1945

2

Т – 12

1490х1485

1

Т – 13

940х1400

1

Е – 1

1000х2600

1

2.3 Ғимаратты әрлеу

Ғимаратты әрлеу жұмыстары негізінен тұрғын үйді жақсарту, жайлылық үшін, сонымен қатар конструкциялар мен материялдардың төзімділігін арттыру мақсатынды жасалынады.

Жобадағы тұрғын үйді әрлеу кезіндем сыртқы қыбырғалары кірпішпен(бір кірпіш 225.2/11550м2) қапталынада. Сонымен қатар сәндік сылақ(53.45м2) және арнаулы тақтайшалар(55,53м2) арқылы әрленеді. Қабырғанын төменгі бөлігіне(цоколь)сәндік сылақ жағылады.

Тұрғын үйдің ішкі әрленуінежелімді, әкті, майлы, эмальды және су- эмульсиялы сырлар, олифа және түрлі лактар пайдаланылады.

Осы жобада ғимаратты әрлеу жұмыстары ғимаратты тұрғызып, жасап болғаннан кейін жүргізіледі. Су-эмульсиямен кез келген кабырғаны және төбені сырлауға болады. Сырланатын жерді желімді немесе майлы бояумен сырланғандағы сияқты дайындайды (дұрысы майлы бояудағыдай). Құрамында тотияйыны бар қоспамен тегістеуге болмайды, өйткені ол эмульсияның сапасын төмендетеді. Пайдаланар алдында бояулы мұқият араластырады, егер қоюланса, су қосып сұйылтуға болады. Сосын бояу жаққышпен, білікпен немесе пульверизатормен жағады.



Құралдарды скипидар, керосин, бояу сұйылтқыш немесе уайт-спириттің көмегімен мұқият тазартып, сосын сабынды немесе содалы сумен жуады. Суэмульсияға салған бояу жаққыштарды бірден жуып тастаған дұрыс, өйткені эмульсия кеуіп, қатып қалады. Сырлы араластыруға және керекті түске келтіруге шелек, банка және леген керек. Лакты-бояулы материалдардың аузын мұқият жауып, қараңғы, салқын жерде ұстаған жөн. Металл заттардағы татты кетіру үшін болат қылды щеткалар пайдаланылады. Ескі бояу қабатын арнаулы қырғыштармен кетіруге болады.Тұрғын үйді сырлағанда бояулық сілтіге төзімділігін де ескерген жөн. Желімді бояу жылы күйінде жақсы жағылады. Бояулы бір жерге іле-шала екі реттен артық жақпаған жөн. Одан көбірек жағылса, бояу баттасып, жолақтанып тұрады.

2.4 Ғимараттың инженерлік-техникалық жабдықтары

Жобадағы ғимараттың сумен жабдықтау мен кәріз жүйесі СНип 2.04.01 – 85 “Ішкі су құбыры мен ғимарат кәрізі”талаптарына сәйкес келеді.

Жобадағы қыбылданған техникалық шешімдер, экологиялық, санитарлы – техникалық, өртке қарсы және т.б құрылыстық нормаларм мен ережелерге сәйкес келе отырып, адам денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Тұрғын үйде тұықталған ауызсулық су жүйесі орнатылады. Ол ішкі тұрмыс үшін және өрт сөндіру жұмыстарына қолданылады. Су ағызуға керекті қысым 15,8 м ны құрайды. Қаладан келетін судын қысымы 28м.

Тұрғын үйде арайы өрт сөндіргіш крандар (dy=15 мм) әр қабатта біреуден орнатылған. Жылытқыш аспаптары-конверттік үлгіде. Басты бағана, құбыр желісі жертөледе және техникалық қабатта оңашаланған цилиндрлермен рулонды стеклопластикамен қапталған. Жылумен қамтамасыз ету түйін арқылы, жабдықталған өздігінен өшетін аппаратпен, бақылау-өлшеу аспабымен және фильтрмен қарастырылған. Вентиляция жүйесі табиғи түрде, жүйеленіп қосылған вентиляциялық блоктармен және жылы шатыр астымен орналасады. Вентиляциондық блоктардың құрамына құрастырмалы өзек кіреді Вентиляцияның жүйесінің жұмыс істеуі келесі жағдайлар бойынша жүреді: сыртқы ауа бөлмеге тере арқылы, бөлме есіктері бойыншы, қабат аралық төбе жабындар арқылы ішке кіреді. Ауа, ас бөлмесі мен санитариялық торапта орналасқан ауа қабылдағыш торлары арқылы жойылады.Ауа, ас бөлмесі мен санитариялық торапта орналасқан ауа қабылдағыш торлары арқылы жойылады. Ол жақтан ауа вентиляциондық блокқа баратын каналға тап болады, содан жиақ каналына, ол жақтан шатыр астындағы вентиляциондық блок арқылы сыртқы атмосфераға шығады.

Құламалы шатырдағы мұржа арақашықтықтары 40м ден аспау керек. Жазық жерлерінде судың ағу аймағы 150м ден аспау керек

Су құбыры – біріктірілген, сыртқы жүйеден өртке қарсы және шаруашылық шешімді; есептелген кернеу 20м; ал өрт кезінде 25,05м.

Кәріз – бөліктенген; қалалық жүйедегі тұрмыстық – шаруашылықтық және өндірістік.

Сауғар – ішкі ашық шығумен.

Жылыту – орталықтанған, сулы сыртқы жүйеден. Жылу тасымалдағыштың параметірі 105С

Желдету – ағынды, сорғызбалы механикалық және табиғи.

Ыстық сумен қамту – орталықтанған жүйеден.

Электрмен қамту – сыртқы жүйеден, кернеу 380/220В.

Жарықтандыру – тұрғын және қызмет көрсету бөлігінде қыздырылған шамдармен.

Жылу құбырының жүйесі жобада вертикалды бір түтікшелі жылжытылған тұйықтауыш аумақта және тұйыққа тірелген, астыңғы ажыратылған магистралы жертөле және шатыр астымен жүреді. Жылыту жүйесінің қоқыс жинағыш камерасы және баспалдақ-лифт жағында жеке бағана ретінде ескерілген. Жылытқыш аспаптары-конверттік үлгіде.


ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Н.Разақов “Ғимараттар мен имараттардың құрылымдары”, Астана,2010 ж.

2. С.Қ Хамзин “Үймереттер мен ғимараттардың құрылыс техналогиясы”, Алматы, 1994 ж.

3. Шерешевский И.А Жилые здания “Конструктивные системы и элементы для индустриального строительства” Москва “Архитектура-С” – 2005 г.

4. Rascheta.net;

5. znaytovar.ru/gost/2/RekomendaciiProektirovanie_mon.html;

6. http://stroy-calc.ru/raschet-lentochnogo-fundamenta;

ҚОСЫМША А

СЫРТҚЫ ҚАБЫРҒАЛАРДЫҢ ЖЫЛУТЕХНИКАЛЫҚ ЕСЕБІ


Есептеу, мына нормативтік құжаттар негізінде құрылған:

СНиП 23-02-2003 Ғимараттың жылу қорғанысы

СНиП 23-01-99 Құрылыстық климатология

СП 23-101-2004  Ғимараттың жылу қоғанысын жобалау

Құрылыс ауданы: Тараз

Ауаның қалыпты ылғалдылығы: φint=60,3%

Ғимараттың типі: Тұрғын үй

Жапқыш конструкция типі: Сыртқы қабырғалар

Ғимараттың ішкі орташа ауа температурасы:tinr=20°C

Есеп:


СНиП 23-02-2003 кестесіне сәйкес үйдің ішкі температурасы tint= 20°C және ауа ылғалдылығы φint=60,3%,бөлмелердін ылғалдылық көрсеткіші орташа.

С ыртқы жапқыш қабырғаның конструкциясының схемасы:


1.Ірі темірбетон блок (ГОСТ 26633), қалыңдығы δ1=0.51м,


жылу өткізгіштік коэффиценті λА1=1.92Вт/(м°С)

Жылуөткізгіштік кедергісі R0, (м2°С/Вт) мына формула бойынша

8 СП 23-101-2004:

R0=1/αintnn+1/αext

αint - ішкі бөлігінің жапқыш конструкциялардың жылуалмасу коэффиценті, Вт/(м2°С), 7 СНиП 23-02-2003 кестесц арқылы жасалады

αint=8.7 Вт/(м2°С)

αext - Жапқыш қабырғаның жоғарғы бөлігінің суыққа төзімділік коэффицент,

8 СП23-101-2004

αext=23 Вт/(м2°С) – 1 кесте 8 СП 23-101-2004 сыртқы қабырғалар үшін

R0=1/8.7+0.51/1.92+1/23

R0=0.42м2°С/Вт

Қуысты керамикалық кірпіштен қалама ГОСТ530(р=1400/м.куб), қалыңдығы  δ2=0.13м, жылуөткізгіштік коэффиценті  λА2=0.58Вт/(м°С)

Қорытынды: R0r жылуөткізгіштігі бойынша келтірілген қалыңдық Rreq (0.98<2.33) сәйкесінше, конструкция жылуөткізгіштік стандартқа сәйкес келеді.


ПКҒҚ1401000.001-01.ТЖ






Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет