21.10.2014
Сабақтың тақырыбы: Цитоплазма. Эндоплазмалық тор – мембраналы оргоноид.
Сабақтың мақсаты: Жасушаның негізгі бөлігі – цитоплазманың құрылымы. Құрылымына сәйкес атқаратын қызметтері туралы жоғарғы деңгейде білім беру. Цитоплазманың негізгі құрауышы – эндоплазмалық тор, оның Гольджи жиынтығы мен лизосоманың түзілуіндегі әсерін білу. Цитоплазма органоидтерінің екі топқа бөлінетінін ажырата білу.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: Оқушыларға цитоплазманың құрамы оны зерттеудегі
К. Портердің еңбегі туралы тереңірек білім беру;
Дамытушылық: Оқушылардың бірін-бірі тыңдауға, ұйымшылдыққа баулу;
Тәрбиеік: Оқушылардың өз бетімен ойлану қабілеттерін арттыру, өз пікірін басқаның пікірімен салыстыра білу,тәрбиелеу;
Сабақтың көрнекілігі: Оқулықтағы слайдтар мен суреттер.
I. Ұйымдастыру
II. Үй тапсырмасын тексеру: 1. Жасуша мембранасының құрылысы қандай?
2. Жасушада плазмалемманың атқаратын қызметі қандай?
3. Пиноцитоз дегеніміз не?
III. Жаңа сабақтың барысы:
Жоспар:
Цитоплазманың құрамы, оны зерттеудегі К. Портер еңбегі .
Эндоплазмалық тордың құрылысы мен жасуша тіршілігіндегі маңызы.
Эндоплазмалық тор мен Гольджи жиынтығының (аппаратының) байланысы.
Цитоплазма
Тірек конспект
Гиалоплазма
Органикалық заттар бейорганикалық заттар
Нәруызлар,майлар,көмірсулар, Су, микроэлементтер, макроэле-
Азоттық негіздер, аминқыш- менттер, тұздар, (катиондар,
Қышқылдар, ферменттер, АТФ аниондар)
Трабекула жүйесі
Мембраналы органоидтер Мебранасыз органоидтер
Эндоплазмалық тор, митохондрия, Рибосома, вакуль, жасуша орталы-
Гольджи жиынтығы, пластидтер, т.б. ғы т.б.
Кейбір органоидтер
|
Құрылысы
|
Қызметтері
|
Цитоплазма
|
Жасушаның ішкі сұйықтығы, торлы заттар- дан тұрады. Ядро мен органоидтері бір орында ұстайды.
|
1.Ядро мен органоидтер- ді байланыстырады.
2.Тасымалдау қызметін атқарады.
|
Эндоплазмалық тор
|
Қуыстар мен өзектерден тұрады.
|
1.Жасушаға қоректік заттардытасымалдайды.
2.Нәруыз, май және көмірсу реакцияларын тездетеді.
|
IV. Қорытынды: 1. Кестені толтыру, 2. Тақырыптың соңында берілген тапсырмаларды орындап, сұрақтарға жауап беру. Тақырыптың түйінін конспект түрінде жазу.
V. Бағалау .
VI.Үйге тапсырма беру: Цитоплазма органоидтері эндоплазмалық тор жиынтығын оқу.
25.10.2014
Сыныбы: 10 «А», «Б»
Сабақтың тақырыбы: Митохондрия – мембраналы органоид.
Сабақтың мақсаты: Митохондрияның құрылысы мен қызметі туралы білімдерін тереңдету. Оқушыларды жасуша органоидтерін кестеден салыстыра отырып, ерекшелігі мен ұқсастықтарн ажырата білуге үйрету. Әрбір органоидтің жасушада өзінің жеке атқаратын қызметі бар екендігіне, сондықтанда органоидті алмастыруға болмайтындығына оқушылардың көзін жеткізу.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: Оқушыларға митохондрия мембраналы органоид қызметінің ерекшелігі, құрылысы атқаратын қызметін қалыптастыра білім беру;
Дамытушылық: Оқушылардың сабаққа деген ынтасын, белсенділігін арттыру, қосымша материалдар пайдалануға дағдыландыру, ойлау қабілетін дамыту;
Тәрбиеік: Оқушыларды ораноидтарды танып білуге, ойлау қабілеттін арттыруға тәрбиелеу;
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақтамен жұмыс.
I. Ұйымдастыру
II. Үй тапсырмасын тексеру: 1. Гольджи жиынтығы туралы мағлұмат беру.
2. Гольджи жиынтығының атқаратын қызметі.
3.Эндоплазмалық тор, гольджи жиынтығы және лизосоманың арасындағы байланыс туралы не білесіңдер?
III. Жаңа сабақтың барысы:
Жоспар:
Митохондрияның зерттелуі.
Митохондрияның құрылысы мен құрамы .
Митохондрияның негізгі атқаратын қызметі.
Тірек конспект
Митохондрияның құрамы мен құрылысы
Мембрана
Матрикс
Сыртқы
Ішкі
Митохондрияның ішіндегі сұйықтық
Криста түзеді
ДНҚ
РНҚ
Нәруыз
Рибосома
Ферменттер (50-ден аса)
((()
(50-ден аса)
Витаминдер
Митохондрия органоидінің зерттелуіне тоқталамыз.
Р/с
|
Митохондрияның зерттелуі
|
Зерттеген ғалымдар
|
Зерттеген жылдары
|
1.
|
Жәндіктердің бұлшық еттеріннен тапқандықтан «Саркосома» деп атады.
|
Р.А. Келликер
|
1850 жылы
|
2.
|
«Биобласт» деп атады.
|
Р. Альтман
|
1894 жылы
|
3.
|
«Митохондрия» деп атады.
|
К. Бенда
|
1897 жылы
|
IV. Қорытынды: Митохондрияны зерттеуде Р. Келликер, Р. Альтман, К. Бенда және т.б. ғалымдар зор еңбек сіңірді. Митохондрия - қос мембраналы органоид, ол ішкі және сыртқы мембрана мен мембраналық кеңістіктен тұрады. Оның құрамында нәруыздар, майлар, нуклеин қышқылдары, рибосомалар және әртүрлі иондар мен ферменттер болады.
V. Бағалау.
VI.Үйге тапсырма: Пластиттер, митохондриялар олардың жасушадағы атқаратын қызметтерін оқу.
15.11.2014
Сабақтың тақырыбы: Жасуша ядросы
Сабақтың мақсыты: Оқушыларда «ядро – жасушаның зат алмасу, көбею процестерін басқаратын ең негізгі бөлігі» деген ұғымды қалыптастыру. Цитоплазмадан алған білімдерін ядроның қызметін түсіндіргенде пайдалана білуге баулу.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: Оқушыларға жасушаның қызметінің ерекшеліктері туралы тереңірек білім беру;
Дамытушылық: Оқушылардың сабаққа деген ынта жігерін арттыру, ойлау қабілетін дамыту;
Тәрбиеік: Оқушыларды жасушаны танып білуге тәрбиелеу;
Сабақтың көрнекілігі: Биологиядан дидактикалық материалдар
I . Ұйымдастыру
II. Үй тапсырмасын тексеру: 1. Рибосоманың құрамында қандай қышқылдар болады?
2. Жасушаның тіршіліктегі рөлі қандай?
3. Өсімдік жасушасындағы вакульдердің қызметі қандай?
III. Жаңа сабақтың барысы:
Жоспар:
Ядро, ядроның құрамдас бөліктері.
Хромосома, құрылысы, маңызы.
Тіршілік формалары
Жасушасыз
Жасушалы
Прокариоттар (ядросы жоқтар)
Эукариоттар (ядросы барлар)
Көк жасыл балдырлар, Жоғары сатыдағы өсімдіктер,
бактериялар жануарлар, біржасушалы және
көпжасушалы балдырлар,
саңырауқұлақтар, қарапайымдар. Тірек конспект
Ядро
Құрамы және құрылысы
Ядор қабықшасы
Ядро шырыны
Тесіктері бар
Сыртқы
Ішкі
Еріген заттар
Органикалық заттар, нәруыздар, РНҚ
Бейорганикалық заттар, су, минералды тұздар
Ядрошық
Хросомалар
Ядроның ішіндегі дөңгелек дене
Нәруыздан тұрады
IV. Қорытынды: Ядро жасушаның барлық тіршілік процесін басқарады. Ядросыз жасуша тіршілік ете алмайды. Жасуша – организмнің ең кіші бөлігі, тірі организмде жүретін барлық тіршілік процестері жасушада жүреді.
V. Бағалау.
VI.Үйге тапсырма: Ядроның құрылысы мен қызметін оқу.
1.11.2014
Сабақтың тақырыбы: Цитоқаңқа. Қозғалыс органоидтері, жасушалық қосындылар, олардың құрылысы, жасушадағы атқаратын қызметі.
Сабақтың мақсаты: Эукариоттық жасушалардың ерекшеліктерінің бірі - нәруыз талшықтарының қаңқа түзілістерінде дамуы. Қозғалу органоидтері жануарлар дүниесінде көп таралған және қозғалу органоидтеріне талшықтар әртүрлі өсінділер туралы толық мағлұмат беру.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: Оқушыларға цитоқаңқаның қозғалысы туралы жалпы түсінік беру;
Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін дамыту,биологиялық білімдерін арттыру;
Тәрбиеік: Оқушылардың бір-бірін сыйлауға, қоғамдағы өз рөлін түсіне білуге тәрбиелеу;
Сабақтың көрнекілігі: Суреттер мен слайдтар
I . Ұйымдастыру
II. Үй тапсырмасын тексеру: 1. Хлоропластың құрамындағы нуклеин қышқылдары мен рибосомалардың рөлі қандай?
2. Хлоропласт құрылысына сипаттама беріңіз.
3. АТФ хлоропласт жасушасында қалай синтезделеді?
III. Жаңа сабақтың барысы:
Жоспар:
Қозғалу органоидтеріне организмдердің әсері
Эукариоттық жасушалардың ерекшеліктерінің бірі цитоплазмасында түзілістерінің дамуы цитоқаңқа элементтерінің сыртқы цитоплазмалық мембраналарымен және ядро қабықшаларымен байланысы.
Қозғалыс органоидтері жануарлар дүиесінде көп таралған. Бұл органоидтер организмдерді үнемі қозғалысқа келтіріп отырады. Мұндай органоидтерге сұйық ортада қозғалуға бейім және әртүрлі бұлшықет жіпшелері және т.б. жатады. Жануарлардың тіршілігінде цитоқаңқаның қызметі жоғары. Цитоқаңқа элементтері сыртқы цитоплазмалық мембраналармен және ядро қабықшасымен тығыз байланысты. Кейбір жасуша типтерінде мысалы: қарапайымдарда цитоқаңқа элементтері бүкіл тіршілік циклі бойы жақсы сақталады. Олардың цитоплазмада тұрақты орны бар, және оларды микроскоппен немесе лупамен көруге болады.
IV. Қорытынды: Цитоқаңқа эукариоттық жасушалардың ерекшеліктерінің бірі – цитоплазмасында микротүтікшелер мен нәруыз талшықтарының шоғыры түрінде қаңқа түзілістерінің дамуы.
V. Бағалау.
VI.Үйге тапсырма: Цитоқаңқаның мазмұнын айту.
25.11.2014
Сыныбы: 10 «А», «Б»
Сабақ тақырыбы: Вирустар және фагтар. ЖИТС-тің (жүре пайда болған иммундық тапшылық синдромы) вирусы. Оның құрылысы мен тіршілігінің ерекшеліктері.
Сабақтың мақсаты: Тірі организмдердің жасушасыз түрі – вирустармен және олардың түрлерімен таныстыру, құрылысындағы ерекшелігі, тигізетін зияны туралы түсінік беру.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: Оқушыларға вирустар және фагтар олардың тіршілік ететін ортасы туралы білім беру;
Дамытушылық: Оқушылардың сабаққа деген ынтасын, белсенділігін арттыру, қосымша материалдар пайдалануға дағдыландыру;
Тәрбиеік: Оқушыларға вирустардың тіршілігі, олардың қоршаған ортамен байланысы туралы қабілетін арттыруға тәрбиелеу;
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақтамен жұмыс жасау
I . Ұйымдастыру
II. Үй тапсырмасын тексеру: 1. Ядроның биологиялық маңызы туралы.
2. Ядро мен эндоплазмалық тордың арасында қандай байланыс бар?
3. Пластидтер нешеге бөлінеді? Олардың бір – біріне алмасуы қандай құбылысқа негізделеді?
III. Жаңа сабақтың барысы:
Жоспар:
Вирустардың зерттелуі, олардың ерекшелігі.
Вирустармен зақымдалу процесі.
Вирустар арқылы таралатын ауру түрлері.
Тірек конспект
Вирустардың ерекшелігі.
Тірі организмдер денесінен тысқары жерде қоректенбейді, тыныс алмайды, көбеймейді.
Тіршілігін тек тірі организм денесіне енген соң ғана бастайды.
Вирус жасуша ішіне енген соң, жасушаішілік паразитке айналады, қарқынды көбейеді, басқа жасушаларды зақымдайды.
Тірек конспект
Вирус құрылысындағы ерекшелік.
Жасушасыз тіршілік иесі.
Қатты қабықшасы оны қолайсыз жағдайдан сақтайды.
Қатты қабық ішінде нуклеотид немесе ДНҚ бар.
Вирустық өсіндісі бар.
Вирустардың құрылысымен танысқаннан кейін тірі организмді қалай зақымдайтындығын көреміз. Ол үшін мына тірек конспектіні пайдаланамыз.
Тірек конспект
Вируспен зақымдану процесі.
Вирус өсінділері көмегімен иесіне жабысады.
Қожайын жасушаның қабығын ерітіп жібереді – бактериофагтар.
Вирус нуклеотиді немесе ДНҚ-сы жасуша ішіне өтеді, қабығы сыртта қалады.
«Осы жерде вирустың қауіптілігі неде?» деген сұрақ туындайды.
Вирус түскен жасуша өзінікі емес, вирустың ДНҚ-сын синтездейді. Осылайша көптеген жаңа вирустар синтезделеді. Бұл процесс литикалық цикл деп аталады.
IV. Қорытынды: Дүниежүзілік микробиологияның және вирусологияның дамуында Д.И. Ивановский мен У. Стенлидің сіңірген еңбектері ерекше болды. Оларды темекі теңбілі ауруының себебін анықтады. Бактериофактардың зиянды әрекеттерін дәлелдеуде Ф. Туорт, Н.Ф. Гамалея және Д. Эрелль еңбектері вирусология ғылымының дамуында ерекше кезең болды.
V. Бағалау.
VI.Үйге тапсырма: Вирустар және фагтар. ЖИТС-тің (жүре пайда болған иммундық тапшылық синдромы) вирусы. Оның құрылысы мен тіршілігінің ерекшеліктерін оқып келу.
29.11.2014
Сабақ тақырыбы: Вирустық аурулардың алдын алу.
Сабақтың мақсаты: ЖИТС вирусының қауіптілігіне оқушылардың назарын аудару, вирустық аурулардың алдын алу шараларын оқушылардың меңгеру қажеттілігін түсіндіру.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: Оқушыларға вирустық аурулар туралы тереңірек білім беру;
Дамытушылық: Оқушылардың сабаққа деген ынтасын, белсенділігін арттыру, ой-қабілетін дамыту;
Тәрбиеік: Оқушыларға вирустық аурулардың адам ағзасына әсерін меңгерте отырып, денсаулықты сақтауға, өмір сүруге тәрбиелеу;
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақтамен жұмыс жасау
I . Ұйымдастыру
II. Үй тапсырмасын тексеру: 1. Микробиология ғылымының дамуына қандай ғалымдар еңбек сіңірді?
2. Д.И.Ивановский мен Ф. Туорт еңбектерінің құндылығы неде?
3. Вирустар туралы не білесіңдер? Олар басқа жасушаларда қалай дамиды?
III. Жаңа сабақтың барысы:
Жоспар:
ЖИТС вирусы, тіршілігі, қауіптілігі.
ЖИТС-тің алдын алу шаралары.
Вирус арқылы таралатын аурулар.
Вирустардың ғаламшарда өлі және тірі материяның арасында «шекаралық» жағдайда тіршілік ететін жасушасыз тіршілік формасы деген ойды оқушылармен талдауға болады. Содан кейін вирустардың зерттелуіндегі маңызды кезең Францияда (Монтонье) және АҚШ-та(Галло) (1993-1994) ЖИТС вирусы бөлініп алынды.
Вирустардың басқа тірі организмдер сияқты жүйелеу қажеттілігі туындады. Ғалымдар вирустарды құрылысына қарай қарапайым және күрделі деп екі топқа бөліп қарады.
Қарапайым
|
Күрделі
|
-ДНҚ немесе РНҚ-дан тұрады;
-нәруызды қабықшасы бар;
мысалы, темекі теңбілінің вирусы
|
-ДНҚ немесе РНҚ-дан тұрады;
-нәруызды қабықшасы бар;
-көмірсу мен ферменттері бар липопротеидті мембранасы болады;
мысалы, тұмау, ұшық вирустары
|
Содан кейін ЖИТС вирусының тіршілік циклінің кезеңдерін кестемен көрсетуге болады.
1.
|
Жасушаға енуі
|
2.
|
Капсидтің еріп РНҚ-ның босауы
|
3.
|
Вирустың ДНҚ-сының синтезі
|
4.
|
Вирустың ДНҚ-сының қожайын жасушасының геномы тізбегіне енуі
|
5.
|
Вирустың РНҚ-сының синтезі
|
6.
|
Вирустың нәруызының түзілуі
|
7.
|
Вирустың РНҚ-сының айналасынакапсидтің жиналуы
|
8.
|
Вирустың сыртқы қабатының түзілуі
|
9.
|
Қожайын жасушасынан жаңавирустың шығуы.
|
IV. Қорытынды: Осы аталған аурулардан басқа да вирусты жұқпалар бар.
АИВ – адамның иммундық тапшылық вирусы. ЖИТС – жере біткен иммундық тапшылық синдромы. Вирусты аурулардың алдын алу шараларына вакцина салдыру, иммуномодуляторлар, интерферон преператтарын қолдану, т.б. жатады.
V. Бағалау.
VI.Үйге тапсырма: Вирустық аурулардың алдын алу тақырыбын оқып келу.
Достарыңызбен бөлісу: |