Семинар сабақ 15 сағат ожсөЖ 45 сағат Барлығы 135 сағат Орал 2011 ж



Pdf көрінісі
бет81/98
Дата23.11.2022
өлшемі0,94 Mb.
#159450
түріСеминар
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   98
Байланысты:
Әлем әдебиетінің тарихы (1)

 
 
№ 28 дəріс сабақ. Тақырыбы:
Түрік əдебиеті

Қарастырылатын сұрақтар: 
Түрік əдебиетінің пайда болуы мен даму белестері. Торік классикалық поэзиясы жəне 
оныі əлем əдебиетінде қалдырған іздері. Түрік – қазақ əдебиеттерінің байланысы.
Дəріс мазмұны:
Түрік əдебиетінің тууына түріктердің ата- тегі , яғни оғыз тобына жататын түркі 
тайпаларының Кіші Азияға басып кіруі əсер етті жəне сол кезден бастап түрік 
халқының , мемлекетінің құрылуы басталды. ( ХІ – ХІІІ ғғ) . Түрік əдебиетінің 
қалыптасуы жəне дамуы басқа түркі халықтарымен тығыз байланыста жүрді. Азия мен 
Заквказьяде түріктердің түркі халықтарымен мəдени араласуы орта ғасырға тəн қасиет. 
Осы кезде түрік тілінің дамуының бір факторы – үлкен мəдени орталықты құрудағы 
канондық тілдер: Парсы жəне араб тілдерін жедел үйрену болып табылады. Осы 
орталықтың ішінде қалыптасқан байланыстар бір жазу жүйесі ( араб графикасы) , 
оның құрамына кіретін түркі тілдеріне əдеби тілдің жақындығы жеңілдетті. ХІ – ХІІІ 
ғғ Кіші Азия жəне Византия империясын жаулаған жəне сол жерлерде түркі 
мемлекеттерін қалыптастырған (Сельджук сұлтандығы) түркі тайпаларында 
феодалдық құрылыс дамудың ерте кезеңіне жатты. Оларда көшпелі өмір басым болды. 
Бірақ Кіші Азияға келгннің өзінде- ақ түркі –оғыздар ислам дінін қабылдағанмен , 
оларда көптеген сақталып қалды. Оғыз тайпалары түрік əдебиетінің тууына əсер еткен 
өздерінің бай ауызша поэтикалық салт- дəстүрлерін жаңа отандарына алып келді. 
Оғыздар арасында мифологиялық – тарихи аңыздар жəне ауыз əдебиеті « Оғыз- наме » 
деген атпен тарады. Бұл да ата- бабалардың барлық рухани мұрасы, Оғыз қаған туралы 


жазылған. Сельджүк сұлтандығы кезінде заң күшінде сақталған, əртүрлі тілдерде 
жазылған жəне бірнеше ескерткіштер мен тарихи хроникалардан əр түрлі кезеңде 
құралған ( ХІҮ – ХҮІІ ғғ) оғыз наменің бөлек өсиеттері Араб елдерінде, Түркияда, 
Иранда; Орта Азияда табылды. Космологиялық мифтердің жəне тотемдік аңыздардың 
белгілері оғыздың (өгіз) шығуы туралы аңызда жазылған. Оның балалары ғарыштық 
атқа ие: үлкендері, аспан – Анадан туылғандар – Күн, Ай , Жұлдыз ; кішілері жер – 
Анадан туылғандар – Аспан, Тау, Теңіз . Осы оғыздың балаларынан генеологиялық 
аңыз бойынша , 24 оғыз тайпалары тарайды. Эпикалық аңыздардың кейіпкерлері 
болып оғыз батырлары шықты. Олардың көшпелі өмірлерінің ескі образдары жаңаға 
ауысты. Оғыз эпостарын орындаушысы деп – қобызда ойнайтын тайпа жыршысын 
атаған. ХҮ – ХҮІ ғғ батырлық жырлар ең алғаш болып « Китаб – и дəдем қорқуд» 
деген кітапқа біріктіріліп жазылды. Бұл шығарма – барлық түркі халықтарына ортақ 
ескерткіш. Кітапқа мақал- мəтелдер, жоқтау т.б кіші дидактикалық жанр түрлері 
кірістірілген. Түрік əдебиетінің жазу дəстүрінің маңыздылығы – миссионерлік 
сопылық уағыз. Оппозициялық ортодоксальды діндер ( сунна түріндегі ислам), 
ағымдар əсіресе Кіші Азияда көп тарады. Бізге дейін жеткен сопылық уағыздаушы 
Ахмед Факихтың « Чарх- наме» ( ХІІІ ғ) шығармасы жатады. Поэма монғол 
басқыншылығы кезінде жазылды. Ол « Өлім - барлқық тірілердің өтетін қақпасы , 
онда бəрі тең» дейді. Атақты ақын Джалалад- Дин Румидің өлеңдері миссионерлік 
мақсатта жазылды. ( 1207 – 1279 жж ). Ол Сельджук сұлтандығының астанасы – 
Кошия қаласында 
өмір сүрді, бұл қала Кіші Азияда сопылық идеологиялық 
таралуына үлкен ықпал етті. Д. Руми өлеңдерін парсы жəне түрік тілдерінде жазған. 
Оның ақындық дəтүрін оның баласы Сұлтан Уелет ( 1226 – 1312 жж ) жалғастырды. 
Оның уағыздары көбінесе парсы тілінде жазылып , көп кешікпей 1301 ж поэтикалық 
трилоиясы – « », « Ребаб- наме », « Имтиха- наме» жарыққа келді. ХІІІ ғасырға Шейад 
Хамзаның « Иосиф прекрасныйдың » библио- құрандық тарихы туралы бірінші 
романтикалық түрік поэмасы жатады. Бұл парсы тілдік жəне бірінші түркі тілдік « 
Қисса- и юсуф» поэмасында халық шығармашылығының бас нұсқасы көрсетілген.
Осы ғасырдың мықты ақындарының бірі Юнус Эмре ( 1250 – 1320 ) . Аңыз 
бойынша , ақын сарыкей ауылында өмірге келіп, көп жылдар бойы сопы шейх 
Тантуктың оқушысы болған. Содан кейін ол көп жерлерді аралап, уағыз айтады. Ю. 
Эмре сопылық поэзиясында махаббат пен қайғы арқылы рахат алуды жазады жəне ол 
өзін құдайға теңеп «от болып жанып, су болып тасиды». Бір өлеңінде « Мен құдайды 
адамнан таптып» дейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   98




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет