Семинар сабақ 15 сағат ожсөЖ 45 сағат Барлығы 135 сағат Орал 2011 ж



Pdf көрінісі
бет79/98
Дата23.11.2022
өлшемі0,94 Mb.
#159450
түріСеминар
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   98
Байланысты:
Әлем әдебиетінің тарихы (1)

№24 дəріс сабақ. Тақырыбы:
Көне еврей əдебиеті.
Дəріс мазмұны:
2.
Библия – көне еврей əдебиетінің мəңгі өшпес мұрасы. Ветхий завет (Көне өсиет) 
жəне Новый завет (Жаңа өсиет) - христиан діні мен христиан əдебиетінің бастауы. 
 
 
№25 Дəріс. Сервантес шығармашылығы. 
Қарастырылатын сұрақтар: 
Мигель де Сервантес Сааведра. Өмір жəне 
шығармашылық жолы. Шығармалары. 
 
Дəріс мақсаты: 
Студенттерге Мигель де Сервантес Сааведраның өмір жəне 
шығармашылық жолы, шығармалары туралы мəлімет беру. 
Дəріс мазмұны: 
Мигель де Сервантес Сааведра 1547 жылы 9 октябрьде Мадрид қаласына жақын 
жердегі Алькала-де-Энарес деген бір шағын қалада дүниеге келеді.Оның əкесі 
дəрігерлікпен күн көрген,əбден кедейленіп біткен бір идальго еді.Мигелдің жас 
шағынан білім алуына кедейлік кесірін тигізеді.Сөйтсе де оның балалық шағынан 
əдебиет пен театрға құштарлығы мектепте алған мардымсыз білімін өздігінен 
дамытуға жетеледі.Ол тіпті кішкене кезінен-ақ ақын,драматург,жазушы болуды 
армандады.Мигельді Мадрид қаласында оқытқан,адамгершілігі мол ұстазы оның бұл 
дарының дами түсуіне барынша көмектеседі.Осы кезде жоқшылықтың ащы зардабы 
Сервантесті еріксіз қызмет іздеуге мəжбүр етті.Əйтсе де ол Испанияда қызметке 
орналаса алмады.Сондықтан 1569 жылы кардинал Аквавиваның нөкеріндегі жай 
қызметші болып Италияға,Римге кетеді.Адамгершілігін қорлаған бұл қызметке де көне 
алмай,папа,Испания королы Филипп 11 жəне Венеция республикасы түріктерге қарсы 
жариялаған соғыста соғысып жатқан армияға өз еркімен кіріп,4 жыл соғысқа 
қатысады.Ол өзінің қахармандығы арқасында полкте жақсы атаққа ие болса,жалынды 
рухы мен жайдары мінезі үшін достары арасында да зор құрметке бөленеді.Мигель 
осы соғыста кеудесінен ауыр жараланып,соның салдарынан сол қолы істен шығады.Ол 


кейінгі кезде «Оң қолымның даңқын асыру үшін сол қолымды құрбан еттім» ,-деп əзіл 
айтатын. 
Соғыс 
басылған 
соң,1575 
жылы 
Сервантес 
туған 
еліне 
қайтпақ 
болады.Испанияда,Римде жəне Неапольде болады.Итальян гуманистерінің маңдай 
алды шығармаларымен танысу арқылы көптеген əдеби жоспарлар құрумен,қайткенде 
де соны іске асыру ниетімен өз еліне,Мадридке қайтады.Жолда Сервантес отырған 
кемені 
маврдың 
теңіз 
қарақшылары 
қолына 
түсіріп,Алжирға 
алып 
кетеді.Сөйтіп,Сервантес 5 жыл тұтқында жүреді.Өлімге басын байлап,қашуға қаншама 
рет əрекет жасаса да,ештеңе шықпайды.Ең ақырында 1580 жылы көп құн төлеп 
босанады да,Испанияға жетеді.Отаны оны көңілсіз қарсы алып,ерлігімен даңқы 
шыққан мүгедек жауынгерді көшеде қалдырады.Ал Мигельдің əке-шешесі де бұл 
кезде жартылай қайыршылықта өмір сүретін. 
Осы кезде Сервантес əдебиетпен қатты шұғылданады.Бірақ шығармалары ескі 
əдеби үлгімен жазылғандықтан ылғи сəтсіздікке ұшырайды.Оның өзіне тəн 
дарындылығы шарықтап өспейді,өлеңдері де елеусіз қалады.Ал «Галатея» 1585 атты 
қойшы өмірінен жазған романы да сəтсіздікке ұшырайды.20-дан астам драма жазса 
да,олар сахнаға бір-ақ рет қойылудан ары бармайды.Сөйтіп,Сервантес қайыршылыққа 
тап болады.1587 жылы ол Мадридтен кетіп,астық жəне салық жинаушы болып істей 
жүріп,Испанияның шалғай түкпірінднгі шаруалар мен байлардың жəне дворяндардың 
салт-сана,əдет-ғұрпымен танысады.1597 жылы Сервантес қазынаның көп ақшасынан 
айрылып,сол үшін 1604 жылға дейін дүркін-дүркін түрмеге түсіп,бұрынғыдан жаман 
қайыршыланады.Сонда да қажымас қайратты Сервантестің рухы бір төмендейді.Ол 
осы жылдарда 1605 өзінің «Дон Кихотының» бірінші бөлімін жазып шығады.Бұл 
шығарма оқушы жұртшылыққа ұнайды.Сонымен бірге бұл еңбек дүние жүзі 
ұлттарының тіліне аударылып,кітап болып шыға бастайды.Сөйтіп,Сервантес 
данышпандығы бірден білініп,күллі оқушы жұртшылықты өзіне керемет баурап 
алады.Ол «Дон Кихоттың» екінші бөлімін жазудан басқа 1615,көптеген құнды 
новеллалар,»Парнасқа саяхат» 1614 деген сықақ поэма,оннан астам күлдіргі 
шығармалар жазып,ең соңында фантастикалы жаңа романын жазып жүргенде аяқтай 
алмай,1616 жылы 23 апрельде Мадрид қаласында қайтыс болады. 
1605 жылы Испанияда жұртшылықтың назарын бірден өзіне аударып алған бір 
кітап шықты.Бұл кітап сол кезде бүкіл ел құмартып оқыған серілер жөніндегі 
романдарға жазылған өткір əрі қызық сықақ еді.Бұл кітапты жазуда Сервнтес өз 
алдына «Қисынсыз серілік тарихтарды оқудан жұртшылықты бездіру» ісін міндет етіп 
қойды. Ол мақсатына автор жетті де «Дон Кихоттан» кейін серілер жөнінде жазылған 
романдар сəннен шығып қалды да оның орнына сол романдарға жазылған осы сықақ 
өмір сүріп қала берді.
Сервантес өзінің «Дон Кихотында» өмрір шындығымен санаса алмайтын адамның 
бейнесін шебер көрсетеді. Қайғылы бейненің серісі – ең жақсы ниетпен рухтанған 
адам. Ол жəбір – жапа шеккендерді жəне тепкіде жүргендерді қорғағысы келеді. Дүние 
жүзіндегі зорлық – зомбылықты, езушілікті жойғысы келеді. Бүкіл дүние жүзіне 
əділдік пен бостандық орнауын арман етеді. 
Дон Кихот осы ұлы идеяны жүзеге асыру жолында асқан жан қиярлық, 
қаһармандық, ерлік көрсетеді. Ұлы ісі үшін өзін құрбан етуге əзір екендігі жағынан 
оны еріксіз құрметтейсіз. 
Сервантестің «Дон Кихоты» қазақшаға аударылып, 1952 жылы жеке кітап болып 
шықты. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   98




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет