6.1-сурет.
Оқшаулағыш буындарымен жабдықталған көтергіш құралдары. (a) тік жебе; (b) жиналатын
жебе.
Оқшауланған себет бірқабатты және екіқабатты себеттен турады. Сыртқы қабатқа арналған себет
талшықпен жабдықталған пластиктен, ал ішкі қабатқа арналған себет – ПТФЭ-ден жасалған.
Оқшауланған себет жоғары электроқшаулағыш беріктікке ие болу тиісті және оқшаулағыш
буынмен бірге фаза мен жер арасындағы бойлық оқшаулама болып саналу тиісті, ол құрылғыдағы
токтың кемуі 500 (
𝜇
A)-дан аз болуына кепіл береді. Жұмыс барысында оқшауланған себет бір
мезгілде екі желілік сымдармен жалғасса да, жылыстау тоғының ағуына жол берілмейді.
Оқшауланған себеттің қалпын басқару оператормен тікелей жоғарыдан орындалады, оқшауланған
буында немесе оператормен төменнен оператор кабинасында бақыланады. Біршама көтергіш
құрылғылардың жоғарғы, соңдай-ақ төменгі бөліктері гидравликалық басқаруды орындай алады және
айналу фунцияларының көлденең және тік қалпына ие болады.[2]
Оқшаулағыш буындарымен жабдықталған көтергіш құралдарын кернеудегі жұмыстарды орындау
117
кезіңде пайдалану еңбек сыйымдылығы төмен, ыңғайлы, икемді және кеңінен қолданылатын әдіс
болып табылады.
1)
Оқшаулағыш буынмен жабдықталған көтергіш құрылғының жұмыс ортасы.
Оқшаулағыш буынмен жабдықталған көтергіш құрылғысы жел жылдамдығы 10,8 (м/с),
қоршаған ортанын температурасы -5 бастап + 40°C дейін және салыстырмалы ылғалдық 90%-
дан жоғары емес қалыпты жұмыс ортасында жұмыс орындауға тиіс. Биіктігі 1000 м және
жоғары аудандарда оқшаулағыш буынмен жабдықталған көтергіш құрылғысы қозғалу мен
эксплуатация барысында жануға жол бермейтін, тұрақты орын ауыстыру мен жұмыс істеуге
лайық шасси қуатына ие болу тиіс. Осыған қоса, биіктік кез келген кезде 100 м-ге өскен
жағдайда, оқшаулағыштың оқшаулама деңгейі 1%-ға сәйкес өсуі тиіс. [3]
2)
Пайдалану сипаттамаларға қойылатын талаптар
1)
Оқшауланған себет көтеру мен төмендетуді, тұрып қалуға, вибрацияға, соққыларға және
қозғалу күшінің бейнормал өсуіне жол бермей тұрақты және нақты орындалуы тиіс.
2)
Оқшауланған себеттің көтеру және түсіру жылдамдығы 0,5 (м/с) жоғары болмауы тиіс, және
қауіпсіз тежеуді себетпен номиналды жүктемеде орындалатын көтеру уақытында кез келген
қалпында орындауға болады.
3)
Оқшауланған себеттің және бұрылу платформасын басқаратын екі құрылғылармен
жабдықталған көтергіш құрылғының бұрылу платформасы себетпен бірге басқару функцияларына
ие болу тиіс және оқшауланған себетті басқару көзқарасынан басым болуы мүмкін (яғни Бұрылу
платформасын басқаруда басымдыққа ие болады). Оқшауланған себетті басқару панелі
оператордың кол жететін орында орнатылады, сондай-ақ ол панелге кездейсоқ жанасуға жол
бермейтін жерде орналысуы тиіс.
4)
Көтергіш құрылғының бұрылу механизмі оң және теріс бағыттарда айналу мүмкіндігіне ие
болу тиіс немесе 360° айналуға тиіс. Айналу уақытында себеттің сыртқы жағындағы сызықтық
жылдамдық 0,5 (м/с) аспауға тиіс. Бұрылу механизмнің айналу уақытындағы көтеру, айналу және
тоқтау, кедір-бұдырсыз, бірқалыпты және нақты болуы тиіс, ал аз қозғаушылық сипаттамалары
оптималды болуға тиіс.
5)
Басқару тұтқасы басқаратын жабдықтың қозғалу бағыттарында жұмыс істеуге тиіс. Оператор
басқару тұтқасын жіберген кезде, тұтқа нейтралды қалпына оралу функциясына ие болу және
автоматты түрде тоқтатылуы тиіс. Басқару тұтқасы вибрация және өзге факторларға байланысты
қозғалмауға тиіс.
6)
Көтергіш құрылғының гидравликалық жүйесі асыра жүктемеге және гидравликалық ықпалға
жол бермейтін сақтандыру құрылғымен жабдықталуға тиіс. Қорғауыш клапанның реттеу
қысымы, әдеттегідей, зауыт нұсқаулықтарына бағынады және әдетте жүйенің номиналды жұмыс
қысымын 1,1 реттен аспауға тиіс.
3)
Жұмыс диапазоны
Оқшаулағыш буынмен жабдықталған көтергіш құрылғының жұмыс тәртіптерінің диапазондары бар.
Оқшаулағыш буынмен жабдықталған көтергіш құрылғыны пайдалану алдында, оның жұмыс
диапазонын білу керек. Оқшаулағыш буынмен жабдықталған жималы жебесі бар қөтергіш
құрылғының жұмыс диапазоны 6.2 –суретте көрсетілген жималы жебе мен өс ұзындығына
байланысты екі дөңгелек доғадан тұрады. Оқшаулағыш буынмен жабдықталған телескопиялық
көтергіштің жұмыс аумағы 6.3-суретте көрсетілгендей, жебе шығымының радиусы ретінде
қабылданатын, сызықтың центрі және ұзындығы ретінде қабылданатын ос және шеңбер доғасынан
тұрады.
118
Достарыңызбен бөлісу: |