Жоғары және төмен кернеулі тарату электр желілерін пайдалану және қызмет көрсету


 -сурет. Оқшаулағыш буынмен жабдықталған жылжымалы жебенің көтергіш құрылғының жұмыс  аймағының сұлбасы.  6.3-сурет



Pdf көрінісі
бет103/252
Дата23.11.2022
өлшемі8,07 Mb.
#159547
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   252
Байланысты:
e78184c9d558274295412f714cb179e2 original.8467165

6.2 -сурет.
Оқшаулағыш буынмен жабдықталған жылжымалы жебенің көтергіш құрылғының жұмыс 
аймағының сұлбасы. 
6.3-сурет.
Оқшаулағыш буынмен жабдықталған телескопиялық көтергіш құрылғының жұмыс диапазонның 
диаграммасы. MIN – тіректің минималды шығуы; MID1 - тіректің 1-тістегіршігіне дейін шығуы; MID2 - 
тіректің 2-тістегіршігіне дейін шығуы; МАКС - тіректің максималды шығуы. 
6.1.2 Оқшаулағыш буындармен жабдықталған көтергіш құралдарын қолдану және пайдалану
 
1) Пайдалану алдындағы тексеріс
1) Көтергіш құрылғы мен оқшауланған себет корпусының бүліну мен деформация белгілері 
және майдың ағып шығуын тексеру.
2) Май қысымы пайда болу мақсатында қозғалқышты қосу. Көлденең тіректерді және тік 
тіректерді пайдаланып шығарыңыз. Май цилиндіріне майды толтыру уақытында майдың 
ақпауын тексеру. Қуатты іріктеу қорапшасын қосқаннан кейін трансмиссия білігін аномалды 
шуыл барына тексеру. Егер тік тіректер шығудан кейін табиғи түрде аударылып қалса, қарауды 
жалғастырыңыз.
3) Гидравликалық май көлемін тексеру.
4) Шектегіштің дұрыс жұмысын тексеріп растаңыз.
5) Оқшаулағыш себеттің тепе-теңдігі жылжыту бұрышын тексеру. Операцияны жоғары және 
төмендегі жебелермен қайталап, оқшауланған себет керекті деңғейінде қалғанын тексеру.
6) Барлық компоненттерді себет ішіндегі басқарушы тұтқаларының көмегімен дұрыс істейтіне 


119 
және аномалды шуылына теқсеріңіз.
2) Пайдалану кезеңдері мен әдістері
Оқшаулағыш буынмен жабдықталған көтергіш құрылғыны дұрыс қолдану және пайдалану көтергіш 
құрылғыны пайдалану қауіпсіздігін, соңдай-ақ операторлардың жеке бас қауіпсіздігін қамтамасыз 
етеді. Операциялар түрлі өңдірушілер мен моделдерге байланысты айырылады. Жұмыстың негізгі 
кезеңдері мен әдістерін келесіде қараңыз.
1) Қозғалтқышты қосу. 
i) Тұрақтату тежеуіші орнатылғанын тексеру, және шинаға тайғанамайтын үш бұрышты 
қалыпты орнату.
ii) Берілістерді ажыратып қосу тұтқасы (P) тұрақтату қалпында тұрғанын, ал қуатты іріктеу 
қорапшаның ажыратып-қосқышы «OFF» қалпында тұрғанын тексеру. Берілістерді ажыратып 
қосу тұтқасы (P) тұрақтату қалпында болуға тиіс. Осылай болмаса, көтергіш құрылғы 
қозғалтқышты қосу және тоқтату кезіңде жылжу мүмкін.
iii) Ілінісу басқысын тірелгенше басып, қозғалтқышты қосу.
iv) Осы уақытта таймер іске қосылады. Таймер гидравликалық жүйені пайдалану жиынтық 
уақытын қорсетеді.
v) Ілінісу басқысын баяу жіберіңіз.
vi) Жоғарыда көрсетілген қадамдар көмегімен май қысымын жасаңыз.
Қыстағы төмен температурасында, қозғалтқышты 5 минут ішінде жылытып қойыңыз.
vii) Жылдамдатқыштың жоғары және кіші жылдамдықтарда жұмыс істеуі. 
Қозғалтқыш айналымдарын өсіру, тіректердің тұрақтылығын қамтамасыз ету және жұмыс 
тиімділігін арттыру мақсатында жылдамдатқышты жоғары жылдамдыққа қосу. Жебе жұмыс 
істеу уақытында, гидравликалық майдың қатты қызуын болдырмау үшін, жылдамдатқышты 
аралық немесе бос жылдамдыққа қойыңыз. Жұмыс уақытында кабинада қозғалтқыш 
жылдамдығын арттыру мақсатында жылдамдатқыш басқысы мен қол жылдамдатқышты 
қолданбаңыз. Осының нәтижесінде гидравликалық майдың температурасы кұрт өсуі, ал 
құрылғы бұзылу мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   252




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет