119
және аномалды шуылына теқсеріңіз.
2) Пайдалану кезеңдері мен әдістері
Оқшаулағыш буынмен жабдықталған көтергіш құрылғыны дұрыс қолдану және пайдалану көтергіш
құрылғыны пайдалану қауіпсіздігін, соңдай-ақ операторлардың жеке бас қауіпсіздігін қамтамасыз
етеді. Операциялар түрлі өңдірушілер мен моделдерге байланысты айырылады. Жұмыстың негізгі
кезеңдері мен әдістерін келесіде қараңыз.
1) Қозғалтқышты қосу.
i) Тұрақтату тежеуіші орнатылғанын тексеру, және шинаға тайғанамайтын үш бұрышты
қалыпты орнату.
ii) Берілістерді ажыратып қосу тұтқасы (P) тұрақтату қалпында тұрғанын, ал қуатты іріктеу
қорапшаның ажыратып-қосқышы «OFF» қалпында тұрғанын тексеру. Берілістерді ажыратып
қосу тұтқасы (P) тұрақтату қалпында болуға тиіс. Осылай болмаса, көтергіш құрылғы
қозғалтқышты қосу және тоқтату кезіңде жылжу мүмкін.
iii) Ілінісу басқысын тірелгенше басып, қозғалтқышты қосу.
iv) Осы уақытта таймер іске қосылады. Таймер гидравликалық жүйені пайдалану жиынтық
уақытын қорсетеді.
v) Ілінісу басқысын баяу жіберіңіз.
vi) Жоғарыда көрсетілген қадамдар көмегімен май қысымын жасаңыз.
Қыстағы төмен температурасында, қозғалтқышты 5 минут ішінде жылытып қойыңыз.
vii) Жылдамдатқыштың жоғары және кіші жылдамдықтарда жұмыс істеуі.
Қозғалтқыш айналымдарын өсіру, тіректердің тұрақтылығын қамтамасыз ету және жұмыс
тиімділігін арттыру мақсатында жылдамдатқышты жоғары жылдамдыққа қосу. Жебе жұмыс
істеу уақытында, гидравликалық майдың қатты қызуын болдырмау үшін, жылдамдатқышты
аралық немесе бос жылдамдыққа қойыңыз. Жұмыс уақытында кабинада қозғалтқыш
жылдамдығын арттыру мақсатында жылдамдатқыш басқысы мен қол жылдамдатқышты
қолданбаңыз. Осының нәтижесінде гидравликалық майдың температурасы кұрт өсуі, ал
құрылғы бұзылу мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: