Жоғары және төмен кернеулі тарату электр желілерін пайдалану және қызмет көрсету



Pdf көрінісі
бет101/252
Дата23.11.2022
өлшемі8,07 Mb.
#159547
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   252
Байланысты:
e78184c9d558274295412f714cb179e2 original.8467165

6
Оқшаулағыш 
буындар 
және 
платформалармен 
жабдықталған көтергіш құрылғыларын қолдану 
 
Еуропалық және америкалық елдер оқшаулағыш буындарымен жабдықталған көтергіш 
құрылғыларды 1930 жылдардан бастап шығаруды бастаған және бұл құрылғылар 1950 жылдардан 
бері кеңінен қолданылып келеді. Оқшаулағыш буындарымен жабдықталған көтергіш 
құрылғыларымен қуатталған таратушы желілерге көтерілу кезінде артықшылық беріледі, олар 
жоғары оңтайлылықпен, жұмыстың үлкен радиусымен, жоғары механикалық беріктігімен және 
жоғары электр оқшаулағыш қасиеттерімен сипатталады, сондай-ақ таратушы желілерде кернеулі 
жұмыста кеңінен пайдаланылады. Оқшаулағыш платформалар кернеулі жұмыстарды жүргізу 
кезіндегі жұмыс құралдары болып табылады, олар қарапайым конструкциямен, ыңғайлы қолданумен 
және оқшаулағыш буындарымен жабдықталған көтергіш құрылғыларға қол жетпейтін операцияларға 
лайық болатын сенімді пайдаланумен сипатталады.
6.1.1 Оқшаулағыш буындарымен жабдықталған көтергіш құрылғылар 
 
6.1.1.1 Оқшаулағыш буындарымен жабдықталған көтергіш құрылғылар 
 
Оқшаулағыш буындарымен жабдықталған көтергіш құрылғылар жебе түрі бойынша 
жиналатын жебелер, түзу жебелер, көп буынды жебелер, жоғары көтерілетін жебелер мен 
гибридтерге бөлінеді. Олар сондай-ақ жұмыс желілерінің кернеу класы бойынша топтастырылады: 10 
(кВ), 35 (кВ) және 110 (кВ). [1]
Оқшаулағыш буындарымен жабдықталған көтергіш құралдар шасси, оқшауланған себет, 
жұмыс жебе және себеттің шарнир бөлігінен тұрады. (6.1 -суретті қарау). Оқшауланған себет, жұмыс 
жебе және себеттің шарнир бөлігі оқшаулағыш қасиеттердің белгілі бір талаптарына сәйкес болуы 
тиіс. Оқшаулағыш буындар көлденең қимасы бар цилиндрлік немесе тікбұрыштық құрылымы бар 
шыны талшықпен күшейтілген эпоксидтық шайырдан жасалған, олар жеңіл салмақпен, жоғары 
механикалық беріктікпен, жақсы электроқшаулағыш қасиеттермен және жоғары гидрофобтықпен 
сипатталады, олар жоғары кернеудегі желіде жұмыс істейтін электр жөндеушіні жерге қатысты 
алғанда қорғаныс оқшауламамен қамтамасыз етеді.
(a) 
(b) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   252




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет