124
кернеуін арттыру әдісімен жүргізіледі. Сынау электродын ені 12,7 мм
өткізгіш желім таспасы бар
құрылғымен бекітеді. 6.2- кестені қарау. Сынау параметрлері.
Өндірістік жиіліктің кернеуіне төзімділік сынауын жүргізудің сұлбалық сызбасы 6.5-суретте
көрсетілген. Оқшауланған себетті ұшқын, тұтану, жарылыс немесе айтарлықтай қыздыру болмаған
жағдайда жұмыс істеу үшін мақұлданған деп санауға болады (температуралар айырмасы 10°C-ден
төмен). Жылыстау тоғының сынауын жүргізу сұлбалық бейнесі 6.6-суретте көрсетілген.
2) Оқшаулағыш буында кернеу мен ток кемуінің
төзімділігіне сынау
i) Сыртқы оқшауланған тартқыш қарнағының немесе оқшауланған себет жебенің электрлік
беріктігі сынауы, оқшаулағыш буындағы кернеуге төзімділік сынауымен бірге дәл сол сияқты
орындалады. Әдетте кернеуді біртіндеп ұлғайту әдісі қолданылады. Сынау электродын ені 12,7
мм өткізгіш желім таспасы бар құрылғымен бекітеді. 6.3-кестені қарау. Сынау параметрлері.
ii) Оқшауланған буындағы өндірістік жиіліктің кернеуіне төзімділік
сынаулары және сыртқы
оқшауланған тартқыш қарнағындағы және оқшаулаған себеттің кіші көтергішінің жебесіндегі
сынаулардың негізінде айырмашылығы жоқ. Сынауларды жүргізу сұлбалық бейнесі 6.7-суретте
көрсетілген. L-сынау электродтары арасындағы оқшаулағыш жебенің ұзындығы. Оқшауланған
себетті ұшқын, тұтану, жарылыс немесе айтарлықтай қыздыру болмаған жағдайда (температура
айырмасы 10°C-ден төмен болмаса) пайдалануға рұқсат етілген деп санауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: