Жоғары және төмен кернеулі тарату электр желілерін пайдалану және қызмет көрсету



Pdf көрінісі
бет12/252
Дата23.11.2022
өлшемі8,07 Mb.
#159547
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   252
Байланысты:
e78184c9d558274295412f714cb179e2 original.8467165

1.3-сурет.
Потенциалдарды теңестіру арқылы жұмыс жүрізу сұлбасы. 1—Кернеу берілген 
бөлік; 2—Дене ; 3—Оқшаулағыш; 4—Жерге тұйықталған бөлік. 
Бұрмалы құрылғыларды қолдана отырып жұмыс жүргізу кернеумен жұмыс жасаудың дәстүрлі 
тәсіліне жаңа тұжырымдама енгізеді және кернеумен жұмыс жасайтын желіде жұмысты дәстүрлі 
жүргізудің бернеше технологиялық операцияларының бірігуі арқылы «тұтынушыға электр 
энергиясын үзіліссіз жеткізу кезіндегі қызмет көрсету бойынша жұмыстарды жүргізуді» іске 
асырады. Бұл бұрмалы құрылғыларды және кернеудегі жұмысты дәстүрлі жүргізуді қолдану арқылы 
жұмыстарды қолайлы үйлесіммен орындау кернеумен жұмыс жүрізу арқылы толықтырылған электр 
желісіндегі ағымдағы жұмыстарды электр энергиясын ажырату арқылы жүргізуге негізделген 
жағдайды түбегейлі өзгертеді.
2)
Жылжымалы құрылғыларды қолдану арқылы жұмыс жүргізу
Тарату трансформаторларын ауыстыру (қуатты арттыру үшін), электр тасымалдайтын әуе 
желілерін ауыстыру немесе сымдарды ауыстыру сияқты электр желілеріндегі көптеген жұмыс 
кернеумен жұмысты тікелей жүргізу арқылы жүзеге асырылмайды. Дегенмен, оларды 
тұтынушыларды қуатпен қамтамасыз етуді аз ғана уақытқа ажырата отырып (қуат берудегі үзіліс 
уақыты коммутациялық жұмыс уақытына тең) немесе техникалық қызмет көрсетілуі тиіс электр 
желілерінен ажырату және жылжымалы құрылғылардың көмегімен қосу арқылы тұтынушыларға 
электр қуатын беруді жалғастыру арқылы жүзеге асыруға болады. Бұл жылжымалы құрылғылар 
жұмыс аяқталған соң электрмен қамтамасыз ету қалпына келтірілген соң алынып тасталады.
Бұл жылжымалы құрылғыларды қолдана отырып, жұмыс жүрізудің негізгі идеясы болып 
табылады және оған жылжымалы генераторлар, жылжымалы апаттық генераторлар және қорап 
түріндегі жылжымалы трансформаторлар кіреді.
1.2 Жұмыс жүргізу әдісін әзірлеу
1.2.2
Кернеумен жүргізілетін жұмыстардың даму тарихы
1)
Кернеумен жүргізілетін жұмыстардың Қытайда даму тарихы. 
Кернеумен жұмыстарды жүргізу Қытайда 1950 жылдары басталды. Бұл кезде оның ұлттық 
экономикасы қалпына келтіріліп, дами бастаған болатын және осы бағытта көп жұмыс жасау қажет 
болған еді. Бұл уақытта электр энергиясын өндірудің қарқынды өсуіне байланысты электр қуатымен 
қамтамасыз ету объектілері мен ірі өнеркәсіптік тұтынушылардың үздіксіз электрмен қамтамасыз 
етілуге деген өсе түскен қажеттілігінің қанағаттандырылмауы байқалды, сондай-ақ электр қуатын 
ажырату арқылы әдеттегі қызмет көрсету мүмкіндігі шектеулі болды. Электрмен жабдықтау 



желілеріне электрмен жабдықтауды токтату арқылы техникалық қызмет көрсету және 
тұтынушыларды үздіксіз электрмен қамтамасыз ету қажеттілігі арасындағы сәйкессіздікті жою үшін 
кернеумен жұмыс жүрізуге қажеттілік пайда болды. 1953 жылы Аньшань электрэнергетикалық 
бюросы электр тарату желілерін немесе жабдықтарын және электр сымдарын тазалау, ауыстыру, 
орнату және бөлшектеу үшін қарапайым құралдарды сәтті әзірледі. 1954 жылы 3,3 кВ кернеумен 
тұрған электр желісінде траверс тіреулерді, ағаш тіреулерді және оқшаулағыштарды ауыстыруда 
жетістіктерге қол жеткізілді. 1956 жылы 44-66 кВ электр тарату желілерінде ағаш тіреулерді, траверс 
тіреулерді және оқшаулағыштарды ауыстыру жүзеге асырылды. 1957 жылдың соңында кернеумен 
тұрған 154-220 кВ электр жеткізу желілерінде оқшаулағыштарды ауыстыруға арналған құрал-
жабдықтар жинағы әзірленді, 3,6-66 кВ кернеудегі желілерде жұмыстарды орындау үшін арналған 
құралдар жиынтығы жетілдірілді. 1958 жылы Шэньян орталық зертханасында кернеумен тұрған 
электр тасымалдау желілерімен немесе электр жабдықтарымен адам денесінің тікелей байланысы 
қайтадан зерттеле бастады және сынақ алаңында дененің кернеумен тұрған 220 кВ желіге тікелей 
жанасуына алғаш рет эквипотенциалдық сынақ жүргізілді. 
Барлық алынған тәжірибе Қытайда кернеумен тұрған желілер мен жабдықтарда жұмыс 
жүргізілуінің дамуына және кеңінен таралуына мазмұнды және техникалық негіз қалады. 
1959–1966 жылдары кернеумен жұмыс жүрізу түрлі өңірлердегі ірі және орта электрмен 
жабдықтау кәсіпорындарының кернеумен тұрған электр тасымалдау желілерінде жұмыс жүрізу 
рәсімдерін әзірлеуіне байланысты кеңінен таралды. Қашықтықта жұмыс жүрізуден және
потенциалдарды теңестіру арқылы жұмыс жүрізуден бастап кернеумен тұрған оқшаулағыштарды 
жууға дейінгі техникалық қызмет көрсету әдістері әзірленді. Ұстап тұруға, тартуға және іліп қоюға 
арналған қадалар сияқты бірегей берік құралдардан бастап, тростар мен тасымалданатын құралдарға 
дейінгі жөндеуге және техникалық қызмет көрсетуге арналған құрал-саймандар әзірленді. Жұмыс 
операциялары кернеумен тұрған сымдарды және найзағай таратқыштарды ауыстыру сияқты 
салаларда болғандықтан, бұл құрал-саймандар кез-келген комбинацияда болуы мүмкін еді.
1968 жылы Аньшань электрэнергетикалық бюросы 220 кВ электр тасымалдау желісіндегі 
оқшаулағыштардың екі керме тізбегінің бойындағы потенциалға қолжетімділік бойынша сынақ 
жүргізді.
1977 жылы бұрынғы Су ресурстары және электр энергиясы министрлігі кернеумен жұмыс 
жүрізу әдістерінің қауіпсіздігі үшін кернеумен тұрған желілерде жұмыс жүрізуді 
Электр қауіпсіздігі 
жөніндегі нұсқаулыққа 
енгізді. 1980-жылдардың соңында кернеумен жұмыс жүргізу дамудың жаңа 
кезеңіне өтті.
Алайда 90-жылдардың басында Қытайдың әлеуметтік экономикасы тез, жылдам және орнықты 
дамуды бастан кешті және осыған байланысты электр энергиясына сұраныс күрт өсті. Электр 
қуатының көздері және электр желілері саласындағы құрылымдық проблемалар энергиямен 
жабдықтау мен электр энергиясына деген сұраныстың арасындағы сәйкессіздіктің туындауына себеп 
болды және көптеген өңірлер энергиямен қамтамасыз етуді нормалай бастады.Сәйкесінше, 
техникалық қызмет көрсету және құрылыс көптеген токсыздандырылған орташа және төмен кернеулі 
тарату желілерінде жүргізілді және кернеумен қызмет көрсету бойынша жұмыс жүргізу тек қана 
электр тасымалдау желілерінде және трансформаторлық жабдықтарда жүргізілді. Орташа және 
төмен кернеуі бар тарату желілеріндегі кернеумен жұмыс жүрізу бірнеше жыл бойы тоқтатылды. 
1990- жылдардың соңында электр желілері мен электр станцияларының құрылысы дамыған кезде 
электр желілерінің және электр қуаты көздерінің құрылымы негізінен оңтайлы болды, электрмен 
жабдықтау және электр энергиясына қажеттілік арасындағы айырмашылық жойылды. Энергиямен 
жабдықтаудың сенімділігін арттыру үшін орташа және төмен кернеуі бар электр тарату желілерінде 
кернеумен жүргізілетін жұмыстар көлемі кеңи бастады, бұның дәлелі кернеумен жұмыс жүргізуге 
арналған жұмыстардың әдісі мен құралдарының тез дамуы және жыл сайын олардың жұмыс 
операциялары санының және қолданысының ұлғая түсуі болды.
Қазіргі уақытта барлық электрмен жабдықтаушы кәсіпорындар орташа және төмен кернеуі бар 
кернеулі тарату желілерінде жұмыс істейді және электр энергиясын үздіксіз бере отырып, тарату 
желілерге қызмет көрсету жағына қарай жұмыс жүрізуді дамытуға дайын.
2)
Кернеумен жұмыс жүрізудің басқа елдерде дамуы
Кернеумен тұрған электр желілерінде жұмыс жүрізудің басқа елдерде дамуына қатысты айтар 
болсақ, Ресей 6-дан 1150 кВ-ға дейінгі кернеумен тұрған электр тасымалдау желілері мен тарату 
желілерін қамту арқылы жұмыстарды кернеумен жүргізу жүйесін қалыптастыра отырып, көптеген 
жұмыс операцияларының кең ауқымымен жұмыстар жүргізеді. 
Құрама Штаттар жұмыстарды кермеумен жүргізу бойынша ұзақ уақыттық тәжірибеге ие және 



онда бұл саладағы ең үздік әдістер мен құралдар бар. Қазіргі уақытта тікұшақтар мен 
манипуляторлар АҚШ-та кернеумен жұмыс жүрізудегі негізгі құралға айналды. Франция, 
Ұлыбритания, Канада, Германия, Италия және Дания сияқты басқа елдер кернеумен тұрған электр 
тасымалдау желілеріне қызмет көрсету бойынша жұмыс жүрізуде мол тәжірибеге ие, бұны осы 
елдердің автоматтандыру мен механикаландырудың жоғары деңгейімен ерекшеленетін және түрлі 
жұмыс операцияларына мамандандырылған жұмыс жүрізу құралдары мен әдістерінен көруге 
болады.
Кернеумен жұмыс жүрізуді кеш бастағанына қарамастан, автоматтандырудың жоғары деңгейі 
және алдыңғы қатарлы жұмыс құралдары бар Жапонияда бұл сала, әсіресе таратушы электр 
тасымалдау желілерінде тез қарқынмен дамыды. Қазіргі уақытта Жапонияда жұмысшы оқшауланған 
буыны бар көтеру платформасының оқшауланған кабинасында отырып, манипуляторды басқаратын 
жұмыстар кеңінен таралған. Манипуляторда механикалық немесе гидравликалық жетек бар және ол 
робот бағытында дамытылады. Алдыңғы қатарлы технологияны пайдаланатын «Kyushu Electric 
Power Co., Ltd.» компаниясы жерде тұрып, икемді әрі қауіпсіз жұмыс жасай алатын екінші буын 
роботтарын қолдана бастады.
1.2.3


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   252




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет