Жоғары және төмен кернеулі тарату электр желілерін пайдалану және қызмет көрсету


 Оқшаулағыш экрандаушы құрылғылар



Pdf көрінісі
бет63/252
Дата23.11.2022
өлшемі8,07 Mb.
#159547
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   252
Байланысты:
e78184c9d558274295412f714cb179e2 original.8467165

4.2.1 Оқшаулағыш экрандаушы құрылғылар
 
Оқшаулағыш экрандаушы жабындар (қорғаныс жабындары) оқшаулағыш материалдан 
жасалған және желілік немесе желілік емес сымдардан экрандау үшін қолданылады.
Тарту желілері 
мен жабдық арасындағы азғана қауіпсіз қашықтыққа байланысты жеткіліксіз ауа саңылауының 
орнын толтыру үшін оператор мен желілік компонент арасында оқшаулағыш экрандаушы жабындар 
немесе кедергілер орнатылады. Бұл тәсіл көбіне оқшауланған жекелену деп аталады. Кернеулі
жұмыстарды жасауға арналған құралдардың ішінде қорғаныс жабындары негізгі оқшаулағыш 
құрылғы болып табылмайды. Ол кернеулі жұмыс жасап жатқан техникпен желі компонентінің 
кенеттен байланысы болған кезде ғана (яғни, үзілетін контакт) оқшауланады.
Оқшаулағыш 
экрандаушы жабындар орташа вольтты және төмен кернеулі тоққа арналған таратушы желілерде 
жұмыс істеген кезде қорғаудың негізгі шараларына жатады. Тәжірибе дұрыс ұйымдастырылған 
экрандау шаралары мен білікті қорғаныс құралдарын енгізу электр тоғы соққан кезде жұмыс уақытын 
жоғалтумен байланысты оқиғалардың алдын алуға мүмкіндік беретіндігін және кернеулі таратушы 
желілерде жұмыс істеген кезде қорғаудың негізгі функциясын атқаратындығын дәлелдеді. 
Экрандау мақсатына байланысты қорғаныс жабындарын қатты, жұмсақ немесе сырт пішіні 
өзгерген деп классификациялауға болады. Әр түрлі қолдану мақсаттарына сәйкес қорғаныс 
жабындарын сымдарға арналған экрандаушы жабындар (оқшаулағыш кабель арналар), керу 
құрылғыларына арналған экрандаушы жабындар, оқшаулауға арналған экрандаушы жабындар, 
тіреуге арналған экрандаушы жабындар, манжеталарға арналған экрандаушы жабындар, қайырмалы 
сақтандырғыштарға арналған экрандаушы жабындар, оқшаулағыш оңашалайтын қалқандар,
оқшаулағыш киім және арнайы экрандаушы жабындар деп классификациялауға болады. 
Оқшаулағыш құралдардың сан алуан түрлері 4.4-суретте көрсетілген. 
Экрандаушы жабын гигроскопиялығы төмен төмен және тығыздығы аз синтетикалық қатты 
(немесе жұмсақ) оқшаулағыш материалдардан дайындалуы тиіс. Техникалық қасиеттері белгілі бір 
температура жағдайында қажет электр-техникалық және механикалық қасиеттерге сәйкес келуі 
керек. Жабындар электрлік және механикалық сынақтардан өткізілуі тиіс.
Экрандаушы 
жабындардың беті тегіс болуы керек, ішкі және сыртқы жағында кішкентай тесіктер, жапсарларында 
сызаттар, қабыршықтар, белгісіз қоспалар, абразивтік тозуы, технологиялық өңдеудің көрініп тұрған 
іздері немесе беткі жағының басқа ақаулары болмауы керек. Олар қорғалатын бөлшектерді жабады 


72 
және операторды желілік компоненттермен немесе жерге тұйықтаушы компоненттермен тікелей 
жанасудан қорғайды

Әдетте, ұзындығы 1,5 м-ден аспауы керек. Қажетті электрлік қасиеттері 
қамтамасыз етілген жағдайда өлшемі барынша азайтылуы керек.
Жабынмен қорғалатын аумақ анық, 
көрінетін, өшпейтін таңбалармен белгіленуі тиіс.
Жалғауға арналған ойықтары бар барлық экрандаушы жабындар оқшаулағыш экрандаушы 
жүйе жасау үшін оңай монтаждалуы және бір-бірімен оңай жалғануы тиіс. Бұл жүйемен қорғалатын 
аумақтарда саңылаулардың болуына жол берілмейді және қорғаныс жабындарының жапсарлары 
жабынның өзі сияқты кедергіге төзімді болуы тиіс.
Экрандаушы жабындар көтергіш сақинамен, құлақшамен және ілгекпен жабдықталуы керек 
және оқшаулағыш тіреу қарнақтарының (штанга) көмегімен салынуы тиіс. Сондай-ақ, сыртқы күштің 
әсерімен кенеттен құлаудың алдын алу үшін олар бір немесе бірнеше құлыппен жабдықталуы тиіс. 
Құлыптар оқшаулағыш қарнақтардың (штанга) оңай ашылып-жабылуын қамтамасыз етуі керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   252




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет