Жоғары және төмен кернеулі тарату электр желілерін пайдалану және қызмет көрсету



Pdf көрінісі
бет64/252
Дата23.11.2022
өлшемі8,07 Mb.
#159547
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   252
Байланысты:
e78184c9d558274295412f714cb179e2 original.8467165

 
4.4--сурет
Оқшаулағыш қорғаныс құралдары (a) сымдарға арналған экрандаушы жабындар, (b) 
жайтартқыштың экрандаушы жабыны, (с) қалпақшаларға арналған экрандаушы жабын, (d) 
манжеталарға арналған экрандаушы жабындар, (e) траверске арналған экрандаушы жабындар (қатты 
материал), (f) оқшаулауға арналған экрандаушы жабындар, (g) қайырмалы сақтандырғыштарға 
арналған экрандаушы жабын, (h) оқшаулағыш оңашалайтын қалқандар. 
4.2.2 Оқшаулағыш жабын 
 
Оқшаулағыш жабын (өрме) матаны жіпсіз жалғау арқылы резеңке және пластикалық 
оқшаулағыш материалдан дайындалады. Жабынды төсеудің екі негізгі түрі бар: шығару бойынша 
және ойықтар бойынша. Жабындардың басқа түрлерін белгілі мақсаттарға тапсырыс беру арқылы 
жасауға болады. Оқшаулағыш жабындардың үлгілік түрлері 4.5--суретте көрсетілген. 


73 
4.5--сурет.
Үлгілік оқшаулағыш жабындар (a) тіреулерді жабуға арналған пакет; b) 
оқшаулайтын резеңке жабын; c) оқшаулайтын жабын және жабынға арналған қысқыштар. 
Оқшаулағыш жабынның (өрме) жоғарғы және төменгі бетінде теп-тегіс беттің пішініне зақым 
келтіретін ақаулар (микротесіктер, сызаттар, дөңестер, кертіктер, электр өткізгіш бөтен 
материалдардардың қосындылары, бүгістер, қуыстар, сыртқа шығып тұрған және ішіне кіріп тұрған 
қатпарлар немесе қормалаудың айқын іздері) болмауы тиіс.
Түзілген оқшаулағыш жабындардың 
(өрмелер) жалпы өлшемдері талаптарға сай болуы тиіс.
Жабынның қалыңдығын өлшеп, тексеру үшін 
бүкіл жабын бойынша өлшеуге арналған бес кездейсоқ нүктені таңдау қажет. 
 
4.2.3 Оқшаулағыш қорғаныс құралдары
 
Оқшаулағыш қорғаныс құралдарына: оқшаулағыш киім, шалбар, шлем, қолғаптар, қолға 
арналған манжеталар және көкірек қуысына және арқаға арналған қаптамалар жатады. Олар негізінен 
резеңке, этилен сополимері және винилацетаты сияқты оқшаулайтын материалдардан дайындалған. 
1) Қолға арналған оқшаулағыш манжеталар 
Қолға арналған оқшаулағыш манжеталар таратушы желілерінде кернеулі жұмыс жасаған кезде 
пайдаланылатын қорғаныс құралдарының ең көп таралған түрлерінің бірі болып табылады.
Манжеталар оқшаулайтын материалдардан дайындалады, олар электр сымдары тиіп тұрған жерді 
ұстаған кезде операторды электр тоғының соғуынан қорғайды, 4.6 (а)-суретті қарау.
Оқшаулағыш 
манжеталар электрлік қасиеттері бойынша төрт деңгейге бөлінеді: 0, 1, 2 және 3 және әртүрлі 
номиналды кернеу жүйелері үшін жарамды.[6] 4.5-кестені қарау.
Күн сайын қолданған кезде оқшаулағыш манжеталар үнемі тестіленуі және тексерілуі тиіс. 
Негізгі талаптар: 
1) Манжета тігіссіз жасалуы керек. Манжетаның жиектері электр өткізбейтін материалмен 
(металл емес) қапталуы тиіс, ал қолдың астындағы кесілген жердің диаметрі шамамен 8 мм болуы 
керек. 


74 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   252




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет