Жоғары педагогикалық білім


МОДУЛЬ. АУЫР АТЛЕТИКАНЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ



Pdf көрінісі
бет211/451
Дата24.11.2022
өлшемі6,57 Mb.
#159716
түріБағдарламасы
1   ...   207   208   209   210   211   212   213   214   ...   451
Байланысты:
Готовый-ТУП-в-типографию-с-испр.-08.12.-для-Бауржана-новый

2 МОДУЛЬ. АУЫР АТЛЕТИКАНЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ 
2.1 Ауыр атлетиканың спорт түрі ретінде қалыптасуы. Ежелгі дүниедегі, Ресейдегі және 
Қазақстандағы ауыр атлетиканың дамуы. Қазақстан ауыр атлеттерінің Азия, Әлем 
біріншіліктеріндегі, Олимпиадалық ойындарындағы жетістіктері. Қазақстан ауыр 
атлеттерінің спорттық көрсеткіштерінің бүгінгі күнгі деңгейі. Әйелдер ауыр атлетикасының 
қалыптасуы мен дамуы. 
2.2 Ауыр атлетика дамуының заманауи көкейкескі мәселелері. ҚР ауыр атлетика дамуы 
жайлы мағлұматтар. Ауыр атлетиканы дамыту мәселесі бойынша ғылыми зерттеулеріне 
шолу жүргізу. Ауыр атлетиканың техникасы мен тактикасындағы, жаттықтыру әдістері мен 
құрал-жабдықтарындағы жаңашылдықтар. Қазақстан ауыр атлеттерінің халықаралық 
деңгейдегі жарыстардағы жетістіктерінің сараптамасы. ҚР ауыр атлетиканы ары қарай 
дамыту бойынша алға қойылған кезекті міндеттер. 
3 МОДУЛЬ. АУЫР АТЛЕТИКАНЫҢ СИПАТТАМАСЫ 
«Жіктеме», «жүйеге келтіру», «терминология» деген ұғымдардың анықтамасы. Ауыр 
атлеттерді жас ерекшеліктеріне, салмақ дәрежелеріне және спорттық біліктіліктеріне қарай 
топтастыру. Классикалық жаттығулар техникасы. Ауыр атлетикадағы заманауи 
қолданыстағы негізгі терминдер.
4 МОДУЛЬ. АУЫР АТЛЕТИКАНЫҢ ТЕХНИКАСЫ МЕН ТАКТИКАСЫ


219 
НЕГІЗДЕРІН ОҚЫТУ 
4.1 Ауыр атлетикада әдіс-тәсілдерді орындау амалдары туралы жалпы түсінік. Ауыр 
атлетика жаттығуларын орындау шапшаңдығы. Зілтемірді ұстау мен көтеру тәсілдері. 
Ауырлықты көтеру кезіндегі спортшы тұлғасының күйі. Әртүрлі дене күйлеріндегі 
штангімен жаттығулар орындау. 
Классикалық жұлқу. Жұлқу. Отыру. Ауырлықты жұлқып көтерудегі соңғы әрекет. ... 
Классикалық серпе көтеру. Серпе көтерудің қимыл құрылымы. Кеудеге көтеру. Кеудеден 
серпе көтерудің негізгі түрлері. Кеудеден көтерудегі соңғы әрекет. Ауыр атлеттердің 
техникалық шеберлігін обьективті тіркеу әдістері. 
4.2 Жарыстағы тактика. Жарысқа қатысу үшін тәсілдік жоспарды қарастыру және 
дайындау. Жарысқа қатысу үшін жаттығуларды келісілген жоспармен ұйымдастыру. Әдіс-
тәсілдік дайындық шараларын дер кезінде және жарыс алдында ұйымдастыру. 
Қарсыласының жаттығу кезіндегі, жарыстағы жұлқу және серпе көтеру көрсеткіштері 
туралы ақпараттар жинау. Жарыс алдында салмақ өлшеу кезіндегі тәсілдік болжамдар. 
Ауырлықты көтерердегі салмақ қосу есебін білу. Даярлық түрлері: теориялық, техникалық-
тактикалық, денелік, психологиялық. Ауыр атлетикалық жаттығулардағы дене жүктемесі. 
Осы спорт түрі бойынша оқу-жаттығу жиындары мен жұмыстарын өткізу. 
4.3 Ауыр атлетиканың техникасы мен тактикасын үйретудің әдістемелік негіздері. 
Жарыс алдындағы оқу-жаттығу жиындарын өткізу. Ауыр атлетикадағы даярлық түрлері, 
оларды жоспарлау, іріктеу және қадағалау. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   207   208   209   210   211   212   213   214   ...   451




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет