Жоғары педагогикалық білім


Жекелеген тактикалық: орын таңдау, орын ауыстыру тәсілдері, доппен және



Pdf көрінісі
бет235/451
Дата24.11.2022
өлшемі6,57 Mb.
#159716
түріБағдарламасы
1   ...   231   232   233   234   235   236   237   238   ...   451
Байланысты:
Готовый-ТУП-в-типографию-с-испр.-08.12.-для-Бауржана-новый

4.3 Жекелеген тактикалық: орын таңдау, орын ауыстыру тәсілдері, доппен және 


241 
допсыз әрекеттер. 
Шабуылдау мен қорғанудың түрлі тактикалық үйлесімділіктерін жүргізу барысында 
жиі көрініс табатын топтық тактикалық әрекеттер. Өзара топтық іс-қимыл ұйымдастыру 
тәсілдері.
4.4 Шабуылдау мен қорғанудағы командалық тактикалық іс-әрекеттер.
Шабуылдау мен қорғанудағы командалық тактикалық іс-әрекеттер немесе ойын жүйесі, 
олардың түрлері мен орындау тәсілдері. Шабуылдау мен қорғанудағы командалық 
тактикалық іс-әрекеттердің эволюциялық өзгерістері. Ерлер мен әйелдер командалары 
қолданатын қазіргі ойын жүйесі. Ойын ережелерін және жекелеген анағұрлым күрделі ойын 
кезеңдерін талдау.
5 МОДУЛЬ. ВОЛЕЙБОЛДАН ЖАРЫСТАР ӨТКІЗУ МЕН ҰЙЫМДАСТЫРУ 
5.1 Спорт жарыстарының маңызы және оларды жоспарлау. 
Жарыстар туралы 
ережелер: өткізу мақсаты, міндеті, орны және уақыты, қатысушылар мен ұйымға қатысқысы 
келетіндер, жеңімпаздарды және қатысушы командалар арасында алынған орындарды 
анықтау, марапаттау.
5.2 Жарыстарды өткізу түрлері мен тәсілдері: дөңгелене, шығару арқылы, 
араластық.
Ұпайларды есептеу және жарыс нәтижелерін ресімдеу жүйесі: техникалық есеп 
(хаттама), нәтижелер кестесі, Бас төреші мен Бас хатшының қорытындылар шығаруы және 
өткізілген жарыстар туралы есебі. Жарыс орнын даярлау, төрешілер арасындағы міндеттерді 
бөлісу, жекелеген жарыстар өткізу бойынша төрешілер бригадасын жұмыспен қамтамасыз 
ету. 
5.3 Жарыс барысында командаға жетекшілік жасау.
Жарыс үдерісіндегі 
басшылықтың маңызы. Алдағы жарыстарға даярлану. Болашақ бәсекелестің командасын 
бақылау. Болашақ бәсекелеспен болатын ойынның жоспарын құру. Жарыс алдында 
жаттығулар өткізу (ойын залын алдын-ала тексерістен өткізу). Команданың ойын жоспарын 
талқылау және жарыс алдында ойыншыларға қойылатын талаптарды белгілеу. 
Шартты дабылнаманың көмегі арқылы командаға жетекшілік жасау, үзілістер мен 
ауыстыруды пайдалану. Жарыс барысында ойын әрекеттерін бекіту мен бейнежазбаға түсіру 
және алынған мәліметтерді талдау. 
Өткізілген кездесуді және бүкіл жарысты талдау. Талдау түрлері мен тәртібі. Талдау 
мазмұнын және ойын жазбасын пайдалану. Команданың тұтастай алғандағы ойыны және 
жекелеген ойыншылардың ойыны туралы жаттықтырушының қорытынды пікірі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   231   232   233   234   235   236   237   238   ...   451




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет