266
Алматы
ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАНЫҢ ТЕОРИЯСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІ
ПӘНІҢ МАЗМҰНЫ
1 МОДУЛЬ. ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАНЫҢ ТЕОРИЯСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІНІҢ
НЕГІЗДЕРІ
Жеңіл атлетика курсына кіріспе. Жеңіл атлетиканың теориясы мен әдістемесінің жалпы
негіздері. Жеңіл
атлетиканың әлемдік деңгейде, ТМД елдерінде және Қазақстан
Республикасында даму тарихы.
Жеңіл атлетика түрлерін басқарудың ұйымдық құрылымдары.
Жеңіл атлетиканың дамуындағы көкейкескі маселелер,
жеңіл атлетиканың
түрлеріндегі жаттығуларды үйрету жүйесі мен терминологиясы. Қимыл дағдысы мен және
оқу үдерісін жоспарлауды үйрету әдістемесінің негіздері. Жеңіл атлетика түрлерінің
техникасын үйрету. Техника түрінің жеке бөлімдерін үйренуге
арналған жаттығулар
жіктемесі мен олардың таңдалынуы. оқытудағы топтастыру және жаттығу таңдау. Даярлық
түрлері. Даярлық кезеңдеріне байланысты спорттық нәтижелерді жоспарлау және болжау.
Жеңіл атлетика сабақтарындағы (секіру, лақтыру) техникалық қауіпсіздігі шарасы.
Оқу-жаттығу жиындарын және жарыстарын ұйымдастыру және өткізу.
2 МОДУЛЬ. ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАНЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ
Жеңіл атлетика түрлерінің даму тарихы ежелгі (703 ж. біздің дәуірімізге дейін). Жеңіл
атлетиканың даму кезеңдері: 1850-1917 ж.ж., 1918-1945 ж.ж. және заманауи күйі.
Қазақстандағы жеңіл атлетиканың дамуы. Қазақстан
спортшыларының спартакиадаға,
Чемпионаттарға, Олимпиадалық ойындарға қатысуы. Республикалық спорттық іс-шаралар
бағдарламасындағы жеңіл атлетиканың мәні. Қазақстандағы
жеңіл атлетика спортын
басқарудың негізгі құрылымдары. Қазақстандағы жеңіл атлетиканың заманауи күйі.
Қазақстандағы жеңіл атлетиканың даму күйін бағалау: бұқаралық,
спорттық шеберлікті
меңгеру деңгейі, Әлем біріншіліктеріне қатысу.
Достарыңызбен бөлісу: