304
Алматы
ТЕННИСТІҢ ТЕОРИЯСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІ
ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ
1 МОДУЛЬ. ТЕННИС ТЕОРИЯСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІНІҢ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Спортта және халық денсаулығын нығайтуда, дене тәрбиесі жүйесінде теннистің
алатын орны. Теннис мамандандрылуы. Бақылау нормативтері және спорттық дәреже
талаптарының ғылыми әдістемелік түсініктемелер.
1.2 Теннисшінің жаттығу үдерісіндегі ерекшеліктер. Алғашқы іріктеу. Құрама
командаға іріктеу. Жаттықтыру үдерісін жоспарлау. Теннисшілердің даярлықтың әр
кезеңіндегі жаттықтыру үдерісі. Теннис жаттығуларының қағидалары мен сипаттамасы.
Жаттықтыру үдерісінде жүктемені бөлу ерекшеліктері. Жаттықтыру үдерісінің тиімділігін
бақылау. Теннистегі топтық жаттықтыруды өткізудің теориясы мен әдістемесі. Теннистегі
топтық жаттықтыруды өткізудегі жүктеме мен жаттығуларды жоспарлау. Теннистегі жеке
дара жаттықтыруды өткізудің теориясы мен әдістемесі. Теннистегі жеке дара жаттықтыруды
өткізудегі жүктеме мен жаттығуларды жоспарлау. Оқу жаттықтыру үдерісін қорытындылау,
әр спортшының дайындығының оң және теріс жақтарын анықтау. Бақылау нормативтерін
тапсыру. Жаттықтыру үдерісіндегі жаттықтырушының алатын орны. Жаттықтырушы
қызметінің нақышы. Жаттықтырушы мен қамқорындағылардың ауызша және жазбаша
қарым-қатынаста болуы.
Теннисшілерге спорттық дәрежелер мен атақ беру үшін техника –тактикалық, дене
даярлықтарына қойылатын талаптар.
1.3 Дене тәрбиесі оқу орындарында жоғары деңгейдегі мамандарды даярлау, теннисшіні
дамытудағы бірден-бір жағдай. Теннис жаттықтырушысына қажетті білім мен ілімнің
көлемі. Теннистегі техника қауіпсіздігінің негіздері.Теннисші гигиенасы. Жарақат алу
себептері.
Курсты өту барысында қойылатын емтихандық талаптар мен оқу жұмысы мазмұнын
ұйымдастыру бағдарламасы.
Достарыңызбен бөлісу: