Жоғары педагогикалық білім


МОДУЛЬ. ШЫҒЫС ЖЕКПЕ-ЖЕГІНІҢ СИПАТТАМАСЫ



Pdf көрінісі
бет339/451
Дата24.11.2022
өлшемі6,57 Mb.
#159716
түріБағдарламасы
1   ...   335   336   337   338   339   340   341   342   ...   451
Байланысты:
Готовый-ТУП-в-типографию-с-испр.-08.12.-для-Бауржана-новый

3 МОДУЛЬ. ШЫҒЫС ЖЕКПЕ-ЖЕГІНІҢ СИПАТТАМАСЫ 
3.1. Шығыс жекпе-жегінің жекелей түрлерінің дамуы: каратэ-до, таеквондо, муайтай, 
кикбоксинг, ушу, қоян-қолтық ұрыс, джиу-джитсу, мма. 
3.2. Шығыс жекпе-жегіндегі ЖДД мен АДД мақсаты мен міндеттері және олардың 
анықтамалары.
3.3. Шығыс жекпе-жегіндегі дене қасиеттерінің қызметі. 
Күштің маңызы, оның физиологиялық, биомеханикалық т.б. ерекшеліктермен 
байланыстылығы. Шығыс жекпе-жегіндегі күш пен күш даярлығының ерекшелігі. Күш 
төзімділігі. Шығыс жекпе-жегі бойынша күш дайындығының көрсеткіштері.
Шығыс жекпе-жегіндегі шапшаңдықтың негізгі қызметтік сапалары. Шығыс жекпе-
жегіндегі жылдамдық әдістері мен тәсілдерінің ерекшеліктері. 
Шығыс жекпе-жегіндегі төзімділік әдістері мен тәсілдерінің ерекшеліктері. Жалпы 
және арнайы төзімділік, олардың байланыстылығы. Төзімділіктің физиологиялық 
көрсеткіштері, шығыс жекпе-жегіндегі төзімділік өлшемдері. 
Шығыс жекпе-жегіндегі ептіліктің көріністері мен түрлері. Шығыс жекпе-жегіндегі 
ептілік әдістері мен тәсілдерінің ерекшеліктері. 
Икемділіктің анықтаушы сипаттамасы мен факторлары. Жоғары білікті спортшыларға 
қажетті икемділіктің ерекшеліктері. Шығыс жекпе-жегіндегі икемділік әдістері мен 
тәсілдерінің ерекшеліктері. 
4 МОДУЛЬ. ШЫҒЫС ЖЕКПЕ-ЖЕГІНДЕГІ ТЕХНИКАЛЫҚ-ТАКТИКАЛЫҚ 
ДАЯРЛЫҚҚА НЕГІЗДЕЛГЕН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ 
Шығыс жекпе-жегіндегі техникалық-тактикалық даярлықтың мақсаттары мен 
міндеттері. Техникалық және тактикалық даярлықтың мақсатын анықтаудың сипаттамалары. 
Техниканы оқыту және жетілдіру. Техникалық даярлықты анықтау факторлары.
4.1.Шығыс жекпе-жегін оқытудың әдістемелік негіздері. Шығыс жекпе-жегін оқытудың 
әдістемелік негіздері. Шығыс жекпе-жегіндегі әдістер мен тәсілдердің жалпы түсініктері мен 
анықтамалары. Тәсілдер, спортшылардың шығыс жекпе-жегіндегі қозғалыстарының жүйесі, 
әдіс элементтерінің жіктелуі (базалық бастапқы тұрыс, сайыс тұрысы, соққы, лақтыру, 
қорғану, орын ауысу және сайыс қимылдары) тиімділік өлшемдері. Шығыс жекпе-жегінің 
техникасының, тактикасының, спорттық жанасулары мен дәстүрлі түрлерінің стилдік 
ерекшекліктері: соққылау, қорғану, лақтыру, қарсы соққылау және бәсекелестермен түрлі 
қашықтықтағы, жағдайлардағы алдау әрекеттері. Үйлесімді әрекеттер техникасы. 
4.2 Шығыс жекпе-жегі әдістері мен тәсілдерін алыс, орта және жақын қашықтықтарда 
жетілдіру әдістемесі. Белсенді түрде қорғану әрекеттері. Шабуылдау әрекеттері және оларды 
жетілдіру әдістемесі. Қарсыласына жауап беретін және қарсы шабуылды қабылдайтын 
шақыру мен ұстап алу шабуылдарын жетілдіру. Өзіндік жеке сайыс жүргізу мәнерін 
жетілдіру. 


355 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   335   336   337   338   339   340   341   342   ...   451




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет