279
ИМАНИ ГҮЛ
жалына-жалбарына осылай мұсылмандардың тілеуін
тілер ме еді?
157
Қазіргі таңдағы ең үлкен жиһад – сауатсыздықпен
күрес. Мұсылмандардың соңғы ғасырларда артта
қалуларының, көптеген саяси ойындардың құрбанына
айналуларының, экономикалық күйзеліске ұшырауының
бірден-бір себебі – сауатсыздық, кедейлік пен ішкі
алуыздық. Білім мен дін – бір-бірін толықтыратын егіз
ұғым. Дінсіз ғылым ақсақтық болса, ғылымсыз дін
соқырлыққа тең. Сондықтан мұсылмандар үшін ең
қатерлі дұшпан – сауатсыздық, білім деңгейінің төмендігі,
біліктіліктің аздығы, жаңа технологияны ойлап табуды бы-
лай қойғанның өзінде өзгелердің технологиясын да сауат-
ты қолдана алмаулары. Осының бәрі – мұсылмандардың
дамымай артта қалуларының негізгі себептері. Ендеше,
бүгінгі таңдағы жиһад қылыштан гөрі қаламға, сойылдан
гөрі ғылымға сүйенбек.
Пайғамбарымыздың (с.а.у.) бір хадисінде:
Достарыңызбен бөлісу: