278
ИМАНИ ГҮЛ
мына сөздерін келтірейік:
«Мұсылмандардың христиан-
дарды жеңгеннен кейінгі жасаған толеранттық қарым-
қатынастары ауыз толтырып айтуға тұрарлық жайт.
Олардың бұл қарым-қатынастары кейінгі ұрпақтарда да
жалғасын тапты. Шындығын айтар болсақ, хрис-тиан
тайпалары кейіннен исламға кірген уақытта өздерінің
дербес ерік-қалауларымен кірген еді. Бүгінге дейін
мұсылмандардың арасында христиандардың ғұмыр
кешуі – олардың осы толеранттық әрекеттерінің айқын
көрінісі».
Мысырдағы мұсылмандардың жеңісіне куә
болған Никоу епископы Джон (694 жылда өмір сүрген)
мұсылмандардың сол кездегі қолбасшысы Амр ибн
Астың өзге дін өкілдеріне көрсеткен құрметін былай деп
тілге тиек етеді:
«Ол шіркеулерден еш нәрсе алмады.
Талан-таражға салмады. Тіпті, шіркеулердің мүлкіне
қол тигізбеді де»
156
.
Міне, осы сияқты тарихи
дәлелдер кейбіреулердің
айтқанындай исламның жер жүзіне қылыштың жүзімен
емес, айдай анық ақиқаттары мен оны ұстанушы
мұсылмандардың адамгершілігі мен толеранттық
ұстанымдарының арқасында жайылғандығын білдірсе ке-
рек.
Мұсылмандар ғасырлар
бойы қол астындағы өзге
дін өкілдерін алаламастан оларға жақсылық жасап,
қошемет көрсеткені соншалық, Рим императорлығы Си-
рияны қайтадан қайтарып алуға қалың әскер жинап келе
жатқанда, сол жердегі христиандар шіркеулерге жиналып,
мұсылмандар үшін қол жайып тілек тілеп, мінәжат еткен.
Егер мұсылмандар қол астындағы өзге дін өкілдеріне
қысастық жасап, исламға кірулері үшін күштегенде, олар
156
Идрис Шенгул. Куран кайнаклы һошгөрі ве һурриет. Иени умит
журналы, 24-бет, №47, Стамбул, 2000 ж
279
ИМАНИ ГҮЛ
жалына-жалбарына осылай
мұсылмандардың тілеуін
тілер ме еді?
157
Қазіргі таңдағы ең үлкен жиһад – сауатсыздықпен
күрес. Мұсылмандардың соңғы ғасырларда артта
қалуларының, көптеген
саяси ойындардың құрбанына
айналуларының, экономикалық күйзеліске ұшырауының
бірден-бір себебі – сауатсыздық,
кедейлік пен ішкі
алуыздық. Білім мен дін – бір-бірін толықтыратын егіз
ұғым. Дінсіз ғылым ақсақтық болса,
ғылымсыз дін
соқырлыққа тең. Сондықтан мұсылмандар үшін ең
қатерлі дұшпан – сауатсыздық, білім деңгейінің төмендігі,
біліктіліктің аздығы, жаңа технологияны ойлап табуды бы-
лай қойғанның өзінде өзгелердің технологиясын да сауат-
ты қолдана алмаулары. Осының бәрі – мұсылмандардың
дамымай артта қалуларының негізгі себептері. Ендеше,
бүгінгі таңдағы жиһад қылыштан гөрі қаламға, сойылдан
гөрі ғылымға сүйенбек.
Пайғамбарымыздың (с.а.у.) бір хадисінде:
Достарыңызбен бөлісу: