123
ИМАНИ ГҮЛ
шумақтарына да ұқсамайды. Он төрт ғасырдан бері Құран
сүрелеріне ұқсас бір сүрені күллі
адам баласының жаза
алмауы – Құранның Алла Тағала тарапынан жіберілген
хақ кітап екендігінің айқын дәлелі.
• Құран мен Пайғамбарымыздың (с.а.у.) хадистерінің
арасында сөз стилі тұрғысынан жер мен көктей ерекшелік
бар. Ерекшелігі соншалық – кез келген арабша білетін
адам мағыналары бір болып келетін Құран аяттары мен
хадистерді
«мынау – аят», «мынау – хадис»
деп, оп-оңай
ажырата алады. Арабтар пайғамбарымыздың хадистерін
өздерінің сөздеріне ұқсас деп біліп,
Құранды өздері
қолданатын сөйлеу тәсілдерінің ешқайсысына ұқсата
алмай, қайран қалатын. Себебі, Құранда арабтардың
қолданған қара сөздеріне де, өлеңдеріне де ұқсамайтын,
жалпы барлық адами сөйлеу тәсілдерден мүлдем өзгеше
өзіне ғана тән иләһи (құдайлық) тәсіл бар.
• Пайғамбарымыздың (с.а.у.) хадистерін оқыған
уақытымызда
терең толғанып, Алланың ұлылығының
алдында бас иіп, тебіреніп айтып тұрған адам бейнесі
сезіледі. Ал Құранды оқыған уақытымызда Алланың
ұлылығы мен жаббарлығының үні
байқалып, сөздің
жұмыр басты адамнан емес, бүкіл әлемдердің Ұлы
Жаратушысынан келіп тұрғандығы анық байқалады.
Пайғамбарымыздың бір-бірінен тым басқаша екі тәсілді
әр
жерде еш ойланбастан, оп-оңай ажыратып қолдануы
Құранның ойдан шығарылған кітап емес, Алла Тағала та-
рапынан түсірілгендігінің айқын дәлелі болса керек.
• Оқу-жазу білмейтін Алла елшісінің (с.а.у.) уахидың
көмегінсіз жеке тұлғалық, отбасылық,
қоғамдық,
экономикалық және адами қатынастарды реттейтін
құқықтық қағидалар қойып, ислам діні сияқты кемел
жүйе құруы әсте мүмкін емес. Алла елшісінің (с.а.у.)
алып келген жаңа жүйесі ғасырлар бойы дос-дұшпан, сан