48
Тәртіптік шараларды қолданғанда адвокат жасап отырған әрекеттер мен
оның себептері, салдары,оның алдындағы мінздемесі,сондай-ақ еңбек стажына
қарай отырып қолдану керек.
Әрбір жасалған тәртіптік жауапкершілікке бір ғана шара қолданады.
Тәртіптік жауапкершік шараларын қолдану туралы шешімге адвокат сот
арқылы шағымдана алады.
Адвокаттар алқасынан шығару адвокаттар алқасының төралқасының
шешімімен мынадай жағдайларда шығарылады.
1.
Адвокаттық қызметпен айналысу құқығына арналған лицензия кері
қайтарып алынған немесе қолдануы тоқтатылғанда,
2.
Адвокат өзінің кәсіби міндеттерін орындау кезінде Қазақстан
Республикасының заңдарының талаптарын ,нормаларын бірнеше рет бұзғанда,
3.
біліктілігінің жеткіліксіздігі слдарынан адвокаттың өз кәсіби қызметін
орындай алмағандыңы анықталғанда
4.
мүшелік жарнаны ұдайы төлемегенде
5.
кәсіпкерлік қызметпен, сондай-ақ өзге де ақы төленетін қызметпен
айналысқанда,
6.
адвокаттың өз тілегі бойынша
7.
алқа Жарғысында көзделген өзге де жағдайларда шығарылады.
34
Адвокаттар алқасынан шығару лицензияны кері қайтарып әкелуге
соқтырады.
Алқадан шығарылған адвокаттар алқасының төралқасы шығарған
қаулының көшірмесі адвокатқв берілген күннен бастап бір ай мерзімде сотқа
шағым жасалуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: