27
Аннотация.
В статье рассматривается воспитание и знания учеников в казахских школах.
Annotation.
The article deals with education and knowledge of students in Kazakh schools.
УДК 32-051
Қ 56
МҦСТАФА ШОҚАЙ: ӚМІР ЖОЛЫ МЕН БАСПАСӚЗ САЛАСЫНДАҒЫ ҚЫЗМЕТІ
Қожимбетова Р.Қ.
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ.
Мұстафа Шоқай дүниеге келген түста, яғни ХIX ғасырдың соңғы ширегі Түркістан
тарихының ең
қараңғы кезеңдерінің бірі еді. Бұл кезеңде патшалық Ресей Түркістанды жаулап алуын толық аяқтаған.
Бұдан кейін Петербург ӛкіметі бұл жерлердегі билігін нығайтуға күш жұмсап жатты. Сонымен қатар
Түркістанның кең даласын мүмкіндігінше жан-жақты қанау шараларын жүргізді. Ресейдің ішкі
аймақтарындағы жері жоқ орыс мұжықтарының Түркістанға жаппай кӛшулерін тездетті. Түркістандағы
жергілікті орыс билеушілері де осы саясатқа сай билік жүргізді. Меншікті жер мен мал-мүлікке ие болуға
әбден құнығып алған орыс келімсектерінің Түркістанның жергілікті қазақ, қырғыз, ӛзбек, тәжік және
түрікмен секілді халықтарының жерлерін иемденуіне тосқауыл болмады.
Халық жер дауына байланысты жүгініп барған орыс сот орындарынан кӛбіне оңды нәтиже ала
алмады. Ӛйткені халық жергілікті дәрежеде орыс тілі мен заңдарын білмеуші еді. Осындай қилы заманда
дүниеге келген Мұстафа жастайынан білімге құштар болып, алғашқы білімін анасы Бақтыдан алды. Бақты
ұлының сауатын бес жасар кезінде ашты. Бұдан кейін Мұстафа ауыл балаларымен бірге ауылдағы түрік
имамынан дәріс алды. Бұл дәрістер Исламның негіздерін қамтыған діни сабақтар еді.
Мұстафа ауыл
балаларымен салыстырғанда осы дәрістерді және Құранды үнемі үздік оқыды.
Мұстафа діни біліммен қатар Мұстафа музыкадан да сабақ алды. Бес жасында домбыра тартып, ән
салатын еді. Мұнда да оның алғашқы мұғалімдері – отбасы мүшелері болды.
Мұстафа Шоқай ауыл имамынан алған діни білімін аяқтап, мектеп жасына келгенде Түркістанда ол
бара алатын тӛрт түрлі мектеп бар еді. Олар: ескі әдістегі медреселер, жаңа әдістегі жадит мектептері,
жергілікті халық пен орыс балалары білім алатын аралас мектептер және орыс мектептері еді. Бұлардың
ішінде соңғы екі мектеп орыс ӛкіметінің демеуімен сапалы білім бере білді. Осыған байланысты әкесі
Шоқай Мұстафаны аралас мектепке беруді қалады. Бірақ бұған екі әйелі мен ауыл имамы қарсы болды.
Оған қарамастан Шоқай би ұлын жергілікті халық пен орыс балалары бірге оқитын аралас мектепке
беруде табандылық танытты.
Мұстафаның орысша білім алуына қарсы шыққандар баламыз ұлттық және діни ерекшеліктерінен
кӛз жазып, орыстанып кете ме деп алаңдады. Тіпті діннен безіп, шоқынып кете ме деп қорықты.
Бірақ
Шоқай би ондай қорқынышқа бой алдырмады. Ӛз перзентінің орыс мектебінен білім алса да азамат болып
шығып, ӛз халқына қызмет ететініне нық сенді. Бірақ Шоқайлар тұратын маңайда аралас мектеп жоқ еді.
Мұндай мектеп Ташкент, Ақмешіт секілді орталықтарда ғана бар болатын. Ал Шоқайдың ауылы болса
Ташкент темір жолы бойында, Сарышығанақ станциясына бес шақырымдай жерде орналасқан еді. Шоқай
би баласын үйіне жақын Ақмешіттегі мектепке жіберуді ұйғарды.
Әкесі Шоқай Мұстафаны жеті жасқа толғанда оқуға тіркеу үшін Ақмешітке алып барды. Сонымен
бала Мұстафа тұңғыш рет үлкен қаланы кӛрді. Қаланың у-шуы мен адамдардың кӛптігі алғашқыда оны
шошытты. Екінші жақтан ӛмірде бірінші рет кӛріп тұрған таңсық шаһар тірлігіне таңырқай қарады.
Әсіресе, сӛрелері әр түрлі заттарға лық толы дүкендерді аң-таң болып тамашалады. Әкесі осы дүкендерде
сауда жасап жатқанда, алғаш рет ақшаны кӛрді. Орыс тілін тұңғыш рет осында естіді. Орысша сӛздерді еш
түсінбегендіктен, орыс тілін ешқашан меңгере алмайтынына алаңдады.
Шоқан би оны Ақмешіттегі бір орыс мектебіне тіркеді. Мұстафа мектепте жатып оқитын болды.
Бірақ мектепте сабақтың басталуына әлі бірнеше ай бар болғандықтан, Шоқай баласымен ауылға қайтты.
Мектепте сабақ басталған күні Мұстафа Ақмешітке қайтып келмекші еді. Бірақ ойлағандай болмады.
Сабақ басталуына аз уақыт қалғанда Мұстафа қаракешек ауруына шалдығып, үш апта бойы тӛсек тартып
жатып қалды. Ал сауыққан кезінде сабақ басталып кеткен еді, отбасы да аурудан жаңа тұрған Мұстафаны
ұзаққа жіберуге қимады. Алайда Шоқай би оны орыс мектебінде оқыту туралы райынан қайтпады. Осы
себепті оны Сарышығанақ станциясы маңайындағы орыс балалары баратын мектепке берді.
Мұстафаның бастауыш мектепте ӛткен күндері туралы ешқандай мәлімет жоқ. Тек оның бұл
мектепті 1902 жылы бітірді. Мұстафа Шоқай би ұлының орта мектеп пен лицей білімін де орыс
мектептерінде жалғастыруын қалады. Ол кезде жақсы білім алудың алғышарты да осы еді. Ондай мектеп
28
тек Ташкентте бар еді. Ол кезде Петербург ӛкіметінің Түркістанда орыс тілін білетін жергілікті кадрларға
сұранысы күннен-күнге күшейіп келе жатты. Сол себепті орыс мектептеріне жергілікті оқушылар да
қабылданатын. Сонымен қатар жыл сайын жаңа мектептер де ашылуда еді.
Мұндай мектептердің бірі Ташкент гимназиясы еді. Әкесі Шоқай баласын осы оқу орнына берді.
Мұстафа әкесінің ӛзін оқыту жолындағы табанды шешімінің орынсыз емес екенін дәлелдеді. Ол
гимназияны үздік бітіріп, мектеп үздігі атағына ие болды.
Диплом беру рәсімінде Мұстафа ӛмірінде ұмытпайтындай үлкен бір әділетсіздікке ұшырады.
Ташкент гимназиясында оқуды ең үздік
бітірген оқушыға алтын, екіншіге күміс медаль беру дәстүрі
қалыптасқан еді. Сол жылғы диплом беру рәсімінде мектептің ең үздік оқушысы ретінде Мұстафаға алтын
медаль берілуге тиіс. Бірақ бұл жағдай Ташкенттегі Түркістан генерал-губернаторы А.В.Самсоновқа
ұнамады. Самсонов түркістандық бір оқушының орыстардан жоғары тұруын кӛтере алмады. Мектеп
директоры Граменицкийдің қарсылығына қарамастан, алтын медальды Мұстафаға емес, екінші үздік
оқушы Запреметовке тапсыруға нұсқау берді. Самсоновтың бұл шешімі сол дәуірдегі патшалық Ресей
генерал-губернаторларының жергілікті халықты қаншалықты тӛмен санайтындықтарының айқын бір
кӛрінісі еді. Самсонов жабайы және мәдениетсіз қоғам ретінде бағалаған халықтан шыққан жас
жеткеншектің орыс оқушыларынан озық тұруына тӛзе алмады.
Мұстафа марапаттау рәсімінде ӛзіне берілген күміс медальды алмады.
Осыған орай Запреметов те
лайықты емес екенін айтып, ӛзіне берілген алтын медальдан бас тартты. Сӛйтіп диплом рәсімі Мұстафаға
мына ащы шындықты үйретті: әкімдер мен халықтың дүниетанымы бір-бірінен ӛзгеше. Әкімдер
саясаттың ырқына беріліп нәсілшіл және империалист пиғылда болса да, қарапайым халықтар саясаттан
аулақ бір-бірлеріне адал және мейірімді бола біледі. Сол себепті Мұстафаның ӛмір бойы жиі қайталаған
сӛзінің бірі мынау болды: «Жаман ұлттар жоқ, жаман адамдар бар. Мейірімді мемлекеттер жоқ, мейірімді
адамдар бар». Ташкентте лицейде оқып жүргенде Шоқай қоғамның құқықтық және мәдени ӛміріне
қатысты кӛп нәрсені жақыннан бақылады. Оның рухани салада ӛсіп-кемелденуіне башқұрттан шыққан
атақты фольклорист ғалым Әбубәкір Диваев кӛп әсер етті.
Мұстафа Шоқай студент кезінен-ақ баспасӛздің қоғамның саяси және мәдени ӛміріне тигізер
ықпалы мол, пәрмені күшті екендігін байқаған еді. Сол себепті ол кейінгі кезеңдерде баспасӛз тірлігінен
қол үзбеген. 1917 жылғы Ақпан тӛңкерісінен кейін Түркістанда атқарған қауырт саяси жұмыстары кезінде
де мақала жазуға уақыт бӛлді. Ол Ташкентте Ұлттық орталықтың тӛрағалығымен қатар «Бірлік туы»
газетін басқарып жүрді.
Ташкентте 1917 жылдың маусымында шыға бастаған «Бірлік туы» газеті Шоқайдың алғашқы газет
басқару тәжірибесі болып табылады. Газет Ташкентте тұратын қазақтар құрған «Ықтият одағының»
баспасӛз органы еді. Аптасына бір рет шығып тұрған газеттің баспасӛз саясаты – Түркістан
халқының
ынтымақтастығын қамтамасыз ете отырып, саяси таным-түсінігін толықтыру, осылайша Бүкілресейлік
Құрылтай жиналысына дайындалу еді. Газет осы орайда Бӛкейхановтың жетекшілігіндегі «Алашорда»
қозғалысының баспасӛз органы «Қазақ» газетімен үйлесімді әрекет етті. «Алаш» қозғалысына
қарсылардың бірі – Сәкен Сейфуллин Түркістандағы қазақ зиялыларының Ташкенттегі «Бірлік туы» газеті
арқылы «Алаш» қозғалысына қолдау кӛрсетіп, кеңес ӛкіметінің саясатын сынағандықтарын айтады.
Шоқай Ташкенттен кеткеннен кейін газетті басқаруды Қожанов мойнына алды. 1918 жылдың орта
шеніне дейін отыз шақты саны жарық кӛрген газет Түркістан большевиктер қолына ӛткен соң жабылды.
Большевиктер Түркістанға ӛз биліктерін орнатқаннан кейін Тбилиси мен Бакуге барып уақытша
тұрақтағанда баспасӛзге мақала жазумен қатар журналдар да шығарды.
1919 жылдың сәуір айында Тбилисиге келіп, 1921 жылы ақпан айының
ортасына дейін осы жерде
тұрған Мұстафа Шоқай осы мерзім ішінде орыс тілінде «На рубеже» және «Шафак» атымен түрік тілінде
екі газет шығарды. Бірақ бұл екі газеттің де ӛмірлері қысқа болды. Шоқай бұл газеттерді Тбилисиде
болған күндерінің соңғы алты айында шығара бастаған еді. Ол бұдан бұрын Тбилисиде шығып тұрған
дағыстандық Ахмет Салиховтың «Вольный горец» және «Борьба» газеттеріне мақала жазуын
жалғастырды. Сонымен қатар, «Шафак» газетінде түріктердің армяндарды қырып салғаны туралы ӛзінің
тұжырымдарын қорытып, мақалалар да жазды. Әсіресе, Тбилисиде белең алған әсіре сілтеушіліктерге
қарсы түрік жағы берген мәліметтер арқылы жауап беруге тырысты.
«Шафак» пен «На рубеже» газеттерінің жұмыстары большевиктердің Кавказды жаулап алуынан
кейін тоқтап қалды. Алты-ақ саны жарық кӛрген «На рубеже» Грузия ӛкіметінің материалдық кӛмегі
арқылы шығып тұрды. Түрік тілінде шыққан «Шафак» Тбилисидегі түрік
қоғамының жәрдемімен
жарияланды. Шоқай «На рубеже» газеті арқылы Грузия ӛкіметі кеңес билігінің қарсы ұлт-азаттық күресін
қолдаса, «Шафак» газеті арқылы Анатольяда Мұстафа Кемалдың жетекшілігінде одақтас мемлекеттерге
қарсы жүргізіліп жатқан ұлт-азаттық күреске қолдау кӛрсетті. Бұл мәселеде ұлт-азаттық күштерінің
Тбилисидегі ӛкілі Қазым «Дирик» пашамен жақын қарым-қатынаста болды. Қазым пашадан Анадолыдағы
күрес туралы алған мағлұматтарын «Анатолья хаттары» деген атпен жариялады. Бұл мақалалар
оқырмандар арасында үлкен қызығушылық туғызды.
29
Содан ағылшындардың қол астындағы Стамбулға ӛтіп, бірнеше апта «Таймс» газетіне мақалалар
беріп тұрды. Шоқай 1921 жылдың жазында Парижге барғаннан кейін Түркістанның саяси және
экономикалық жағдайы туралы мақала жазуды жалғастырды. Шоқайдың мақалалары орыс, түрік, француз
және ағылшын тілдерінде әр түрлі газет-журналдарда жарияланды. Шоқай орыс тілідегі мақалаларын,
бұдан бұрын жан-жақты айтылып ӛткеніндей, босқын орыс лидерлері Кренскийдің «Діни» газеті мен
Милюковтың «Последние новости» газеттерінде жариялады. Француз тіліндегі
мақалаларының басым
кӛпшілігі «Прометей» журналында, содан кейін «Ориен е Оксидан» журналында жарық кӛріп тұрды.
Ағылшын тіліндегі мақалалары болса, «Азиятик Ревью» секілді журналдарда орын алды. Осылайша
Шоқай әр түрлі журналдарда мақалалары үнемі басылып тұрған қаламгер болды.
Шетелдердегі ӛмірінің соңғы аялдамасы – Париж қаласында Мұстафа Шоқайдың саяси
шығармашылық тәжірибесінің шырқау шегіне жеткені байқалады. Оның мақалалары орыс, француз, түрік
және ағылшын тілдерінде шығатын әр түрлі газет-журналдарда басылды. Сондай-ақ, екі журналдың
жарыққа шығуына жетекшілік етті.
Мұстафа Шоқайдың студенттік жылдарынын бастап баспасӛз саласында жинақтаған тәжірибесінің
бір жемісі мақала жазу әдетін II дүниежүзілік соғыстың ең қызып тұрған күндерінің ӛзінде де тастамады.
Мұстафа Шоқай ӛз ӛмірінің
ең қасіретті, ауыр күндерін бастан ӛткерген тұтқын лагерьлеріндегі
жұмыстары кезінде де естеліктері мен алған әсерлерін қағазға түсіре білді. Міне, тап осы кезеңде,
немістерге Түркістанның мәдени және философиялық қырын таныстыру үшін «Түркістан» атты мақала
жазды. Бірақ Шоқай бұл мақалаларын басып үлгерместен қайтыс болды. Осы қолжазба мақала оның
соңғы мақалалары болды.
Достарыңызбен бөлісу: