Жігітпен қалай танысамыз?



Pdf көрінісі
бет48/57
Дата30.11.2022
өлшемі2,07 Mb.
#160609
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   57
Байланысты:
2 5395557003516974070 220110 182834

ТАҢДАУ ЖАСАУДА ҚАЛАЙ
ҚАТЕЛЕСПЕУ КЕРЕК?


Ал кейбіреулердікі керісінше. Менің әпкем бар, ол мүлдем
олай еркелеткенді жақсы көрмейді. Өзі қатты адам болған соң,
жігітінің де сондай адам болғанын қалайды. Сіз ол нәрсені де
анықтау керексіз. Себебі, ертеңгі күні сіздің жігітіңіз 25 жыл
бойы қатты мінезді, ешкімді еркелетпейтін, Шымкенттік
(Шымкенттің жігіттері қатал болады деп естідім, практикада
көргенмін), жұдырықты, мен еркекпін деген сияқты атауы бар
жігіт, ал сіз оған: "Маған жаным, күнім деп айт, мені еркелет,
күнде сүйіп, күнде құшақта, алақаныңда ұста",- деген сияқты
сөздерді айтып тағы психологқа жазасыз. Бұл мәселеде де
алдын-ала нені қалайтыныңызды білу керексіз. 
Мінезіне келген кезде бірінші кешірім сұрағанын қалайсыз ба?
Әлде қырсығып қалатын ер адамның мінезіне көне аласыз ба?
"Менен кешірім сұрағанын қаламаймын",-деп ешкім айтпайды
ғой. Кейбір қыздар бар, қырсықтығына көнеді. Себебі, әйел
адамның өздері жұмсақ болады. Ал егер әйел адамның өзі
қырсық болса, еркек те қырсық болса, онда 2-3 апта өтіп
кетеді, екеуі де бір-біріне қырсығып жүреді. Себебі,
жұмсаратын адам жоқ. Сондықтан егер ол қырсық болса, сізде
көну керексіз. Қазір оның мінезін білесіз ғой, сондықтан
өзіңізге түсінуге мүмкіндік беріңіз, ер адамның мінезі сіздің
мінезіңізге сәйкес келеді ма? Соны да қағазға жазасыз.
Оның бірінші кешірім сұрағанын қалаймын. Бірінші мені
жақсы көрді. Бірінші қадам жасады тағы сол сияқты. Тойға
дейін жігіт қыздың артынан жүгіреді, бірінші кешірім сұрайды,
бірінші қадам жасайды, ал тойдан кейін, бала туғаннан кейін
өзгеріп кетеді. Мәселе туындайды. Әйел адамның өзі қарым-
қатынасты өзгертеді.
Тойға дейін әйел адамның ештеңе ойламайтын, әдемі балалық
кезі, жастық шағы, гүлдей құлпырған кезі, сондықтан еркек
сол әйеліне ғашық еді. Ал бала туылғаннан кейін мәселелер
пайда бола бастайды. Тұрмыстық мәселелер, материалдық
жағдай,
Некеге дейін... 
157


қабағы түйілу, ұнамайтын заттардың көбеюі және тағы сол
сияқты. Сондықтан осындай себептерден қарым-қатынастың
бұзылуы басталады. Сол үшін еркек өзгерді дейді.
Бірақ мен сіздерге айтайын, еркек өзгерді себебі, бірінші әйел
адам өзгерді. Неге екенін білесіз бе? Себебі, әйел адам бала
туады, үйде отырады, әйел адам бүкіл үйдің мәселелерін
ойлайды, сол себепті бірінші әйел өзгереді. Еркекке бәрібір
болады. Еркек түздің адамы. Келеді, тамағын ішеді,
ұйықтайды, жұмысқа кетеді, онда мәселе жоқ. Сондықтан
еркекке қандай қарым-қатынас берсеңіз, көзіне нені
көрсетсеңіз, соған сеніп, еріп жүре береді. 
Өмір критикасыз болу керек. Қағазға осының барлығын жазып
аласыз да, бастысы жазып жатқан кезде қазіргі кездесіп жатқан
жігітіңізді ойламау керек. Себебі, көбінесе жақсы көрген
адамның қасиеттері сізге ұнамаса да қағазға жазып қоясыз. Ол
жігітке қатты бауыр басып қалдыңыз, жақсы көресіз. Әр күн
сайын, сөйлескен сайын, кездескен сайын ұрсыса бересіз,
себебі ол да артқа бармайды, сіз де артқа бармайсыз, ешкім
кішіреймейді, ешкім жұмсармайды, бәрі қырсық, бәрі дөрекі,
көнетін адам жоқ. Сондықтан әйтеуір бірнәрсе сізге ұнамайды,
бірақ айырылысқыңыз келмейді. Міне, осындай кезде сізге
қағазға барлығын жазып шығу керек.
Мұның барлығы не үшін керек? Сіз тұрмысқа шығардың
алдында қателік жасамауыңыз үшін. 
"Мен оны жақсы көремін, барлығына көнемін",- дейсіз.
Маған қатты ұнайтын бір фраза бар: ер адам тойдан кейін
әйел адам өзгермейді деп ойлайды. Әйел адам тойдан кейін
еркекті өзім өзгертіп аламын деп ойлайды. Бұл шындық.
Өмірлік тәжірибемнен білемін. Практикада кездескен
қыздардың әңгімесінен білемін. "Тойға дейін де ол сондай
бабник болған, қыздармен хат жазысқанын ұстап алғанмын,
бірақ ол әрқашан кешірім сұрайтын, мені қайтарып алатын.
Мен үйленгеннен кейін қоятын шығар деп ойладым. Себебі біз
төсекте боламыз ғой. Оның баласы туылады ғой. Бір үйде
тұрамыз"- деп, өзі
Некеге дейін... 
158


үшін еркекті ақтап алады. Біз қыздар сондаймыз. Қанша
жерден көзімізге кемшіліктері тұздай себіліп тұрса да
көрмейміз.
Не үшін әйел адам өз-өзін солай құрбан етіп жатыр? Басынан-
ақ соған көнген. Жігіті телефонын алады, галереяға кіреді,
WhatsApp- қа кіреді, қыздармен сөйлескендерін оқиды,
суреттерін ақтарады, инстаграмға кіреді, не нәрсеге лайк басты,
не нәрсеге лайк басқан жоқ бәрін тексереді. Қысқасы өмір
емес, азап. Соған көніп отыр. 
Маған айтады: -Мен курсыңызға қатысайын деп едім, не
істесем болады?-дейді. Мен айттым: -Біріншіден, сөйлесу
керек. Ол тексерте ма?
Ер адам мен әйел адамда айырмашылық бар. Әйел адам өзінің
самооценкасын бір адам үшін түсіре алады, өзгерте алады,
жұмсарта алады, шекарасын сызып тастай алады немесе
мүлдем шекарасын алып тастай алады. Жақсы көретін адамы
үшін өзін ұмытады. Ер адамдар ондай емес. Ер адамның
шекарасы "қытай қорғаны" ғой. Оны жарып шыға алмайсың,
қанша ұрыс-керіс, төбелес болып жатса да жылап, көз жасың
ағып кетсе де еркек өзінің қалауынан ешқашан бас тартпайды.
Мысалы, сол телефонға келетін болсақ. Сіздің телефоныңызды
тексереді, ал сіз соның көзінше: -әкелші маған, телефоныңды
тексерейін, сенде не бар, не жоқ",- деп, соның көзінше
телефонын алып, достарымен сөйлескен хаттарын оқып,
галереяға кіріп, суреттерін қарайсыз, кімге лайк басты, кімді
қабылдады, "мына қызды неге қабылдағансың, өшіріп таста",-
деп отырсаңыз, қай еркек ондайға рұқсат береді? Еркек өзінің
шекарасын нақты тұрғыза алады. Қызды өліп жақсы көрсе де,
ешкімді өткізбейді. Немесе рөлдері ауысып кеткен жұптар
болады. Қыз жігіт сияқты, ал жігіт қыз сияқты. Сондай кезде
тексертуі мүмкін. Ер адамды телефонын тексеру жағынан
болсын, басқа жақтан болсын оны ештеңеге күштей алмайсың.
Шарт қоя алмайсыз. Ол өте қиын нәрсе. Ол одан сайын
қырсыға бастайды.
Некеге дейін... 
159


Жай ғана сөйлесіп жатқан кезде: -Сен не үйге кешкі 19:00-де
келесің, не мынадай нәрсе болады (өз шартыңызды)",- деп
айтып көріңізші, әрине олар көнбейді. Сондықтан бірінші
еркектен көру дұрыс емес. Бірінші өзіңізден көріңіз,
кемшіліктеріңізді, шекараңызды, самооценкаңызды, онымен
бірге өзіңізді қалай ұстайсыз? 
Көп мәселелерде сіз қандай нәрсеге жол берсеңіз, жігіт сізбен
сондай қарым-қатынасты ұстанады. Сіз жол берсеңіз, ол сол
жолмен жүре береді. Рұқсат берген нәрсені еркек жасай береді.
Сіз: -Мен рұқсат берген жоқпын, мен одан олай істемеуін
өтіндім, ол бәрібір де қоймайды,- деп айтуыңыз мүмкін. Неге
қоймайтынын білесіз бе? Себебі, ол сізге ұнамайтын нәрсені
істесе де, сіз бәрібір оны жақсы көріп, жалғастырып жатырсыз,
бәрібір де оны кешіресіз, бәрібір оның жанында қаласыз, сіз
бәрібір онымен бірге екеніңізді көріп тұр. Яғни ешқандай
айырмашылық жоқ. Сізге ұнамайтын нәрсені жасаса да,
жасамаса да айырмашылығы жоқ. Алдын-ала жақсылап
ойланыңыздар!
Некеге дейін... 
160


Бұл тақырыпта ер адамға нені бере алатыныңыз жайлы сөз
қозғаймыз. Не үшін бұл жайлы айтамын? Себебі, екі жақтан
теңдік болу керек және әйел адамның артында өзіне деген
сенімділігін арттыратын қасиеттер болу керек. Мысалы, сіз
әдемі емес, кейбір жерлерінде кемшіліктері бар жігітпен
сөйлесіп жүріп, бірақ оның көлігі, жақсы жұмысы болса,
көзіңізге оның кішкентай кемшіліктері ілінбейді. Тіпті
өзгерткіңіз келетін жақтары болса да, сізге бере алатыны
көбірек болған соң, әрі қарай сөйлесе бересіз. Дұрыс па? Ер
адамдарда да сондай ой болады екен. 
Мүмкін сіздің бет келбетіңіз, дене бітіміңіз немесе
дауысыңызда бір кемшілік бар болуы мүмкін. Бірақ сіздің бере
алатын тұстарыңыз көбірек болса, ер адам кемшіліктеріңізге
көзін жұма қарайды. 
Оның ішіне не кіруі мүмкін? Сұлулықтан басқасының бәрі
кіреді. Дене бітіміңіз, бетіңіздегі ямочкаңыз, әдемі тіс - оның
ешқайсысы кірмейді. Оған тек қана сіздің қасиетіңіз, мінезіңіз
және материалдық тұрғыдағы жағдайыңыз. Оның ішінде
карьераңыз керемет болуы мүмкін. Мамандығыңыз қызықты
болуы мүмкін. Немесе сіз балаларды қатты жақсы көруіңіз
мүмкін, көлігіңіз бар, мүмкін жеке үйіңіз бар шығар. Мүмкін
сіз махаббатты ерекше бере алатын шығарсыз. Кейбіреулері
жақсы көрсе де білдіре алмайды. Бұл адамның кемшілігі деп
білемін. Ал сізде мүмкін махаббат сезімі ерекше амалмен
көрсетілетін шығар. Мүмкін тамақты керемет дайындайсыз.
Мүмкін көңілдісіз, тез тіл табысасыз, адамдармен тез танысып
кетесіз, отбасыңыз керемет шығар. Тағы да мұның ішіне
келтіре беретін нұсқалар өте көп. Бүгінгі тақырыптың
тапсырмасы дәл осы орайда болады.
Некеге дейін... 
161


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет