6
Сервердің аппараттық жабдықталуы
Жедел есептеу
құрылғысы
12-32 Мб
64 Мб-тан жоғары
Процессор
386-ден жоғары
Pentium
Қатты диск
Қолданушы
талабына
сәйкес
анықталады.
Ұйым
талабына
сәйкес
анықталады (2 Мб жоғары)
1.2. Негізгі топологиялар
Электрлік байланыстардың топологиясын таңдау желінің көптеген сипаттамасына әсер етеді. Мысалы,
қосымша байланыстар
желінің сенімділігін арттырып, жеке арналардың жүктелуін теңгеруге мүмкіндік береді.
Кейбір топологияларға тән жаңа түйіндерді қосудың қарапайымдылығы желіні ұзартуды жеңілдетеді.
Экономикалық жағынан тиімді болып есептелетін байланыс жолдарының ұзындығы
минималды болып келетін
топологияларға таңдау түсетіні түсінікті. Жиі кездесетін топологияларға тоқталайық.
Анықтама.
Желі топологиясы дегеніміз
–
компьютерлердің, кабельдердің
және желінің басқа да
компоненттерінің физикалық орналасуы.
Қандай да бір топологияны таңдау келесіге әсер етеді:
қажетті желілік жабдықтардың құрамына
желілік жабдықтардың сипаттамасына
желіні ұлғайту мүмкіндігіне
желіні басқару тәсіліне
Әртүрлі топологияны қалай пайдалануды түсінсек, түрлі желілердің қандай мүмкіндіктері
барлығын да
түсіну қиын емес. Барлық желілер базалық үш топология негізінде құрылады:
«шина»
«жұлдызша»
«сақина»
Достарыңызбен бөлісу: