Кіріспе компьютерлік желілердің негіздері Алғашқы жергілікті желілер



Pdf көрінісі
бет5/12
Дата02.12.2022
өлшемі0,86 Mb.
#160859
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Lek 1

Анықтама.
 
Ауқымды желі
 
– байланыс жолы ретінде модемдерді және алыс байланыс жолдарын 
(телефон немесе жерсерік) пайдаланатын, бір-бірінен алыста орналасқан компьютерлердің тобы.
Жергілікті есептеу желісі (ЖЕЖ) шектеулі территорияның аумағында, мысалы, бір ғимараттың ішінде
өзара кабельдер арқылы қосылған бірнеше компьютерлер мен сыртқы құрылымдардан тұрады. Желі 
ресурстарды ортақ пайдалана отырып, интерактивті қосымшалармен жұмыс істеуге, мысалы, электрондық пошта 
қызметін пайдалануға мүмкіндік береді.
Компьютерлік желілерді пайдалану көптеген артықшылықтарға қол жеткізеді, соның ішінде: 
-
деректерді және сыртқы құрылымдарды ортақ пайдалану нәтижесінде шығындарды төмендетуге; 
-
қосымшаларды стандарттауға; 
-
деректерді уақытында алуға; 
-
тиімді өзара әсерлесу мен жұмыс уақытын жоспарлауға.
Қазіргі таңда компьютерлік желілер жергілікті есептеу желілерінің (ЖЕЖ) аумағынан шығып, елдер мен 
континенттерді байланыстыратын ауқымды компьютерлік желілер (АКЖ) дәрежесіне жетті. 
1.1. Желілер типтері 
Желінің екі типі кең тараған: бір рангілі желі және сервердің негізіндегі желі. 
Анықтама. Сервер
 
– өзінің ресурстарын желі қолданушыларына ұсынушы компьютер. 
Бір рангілі желілерде әрбір компьютер клиент ретінде де, сервер ретінде де қызмет етеді. 
Қолданушылардың кішігірім топтары үшін мұндай желілер деректер мен сыртқы құрылымдарды бөлуді жылдам 
қамтамасыз етеді. Сонымен қатар бір рангілі желіде басқару орталықтанбағандықтан, жетілген, жеткілікті 
қорғауды қамтамасыз ету қиын. 
Анықтама. Клиенттер
 –
желілік ресурстарды пайдаланатын компьютерлер. 
Анықтама. 
 
Беріліс ортасы
– компьютерлерді өзара қосу тәсілі. 
Деректер мен ресурстардың үлкен көлемдері ортақ пайдаланылатын болса, сервердің негізіндегі желіні 
қолданған тиімді. Желінің қызметін байқай отырып, администратор деректерді қорғауды басқара алады. Мұндай 
желілерде желілік трафиктің көлеміне, сыртқы құрылымдардың мөлшеріне байланысты бір немесе бірнеше 
сервер болуы мүмкін. Мысалы, бір желіде принт-сервер, коммуникациялық сервер және деректер қоры сервері 
болуы мүмкін. 
Қорытынды
: Бір рангілі желіні пайдаланған тиімді, егер



1)
қолданушылар саны оннан аспаса; 
2)
қолданушылар өзара жақын орналасқан болса; 
3)
деректерді қорғаудың маңызы болмаса; 
4)
фирманы ұлғайтудың қажеті болмаса.
Сервердің негізіндегі желіні пайдаланған тиімді, егер 
1)
қолданушылар саны көп; 
2)
деректерді кең және кешенді түрде қорғау қажет болса. 
Бір рангілі желілер мен сервердің негізіндегі желілерден басқа осы желілердің ең жақсы қасиеттерінен 
тұратын құрама желілер бар. Сервердің негізіндегі желіге арналған операциялық жүйе бұл жағдайда негізгі 
қосымшалар мен деректерді ортақ пайдалануға жауап береді. 
Компьютер-клиенттерде бөлінген (белгіленген) сервердегі ресурстарға қатысуды және сонымен қатар 
өздерінің қатты дискілерін, қажетінше деректерін ортақ пайдалануға ұсынатын ОС Microsoft Windows NT 
Workstation немесе Windows 98 операциялық жүйелері орындалуы мүмкін. 
Екі негізгі желілер типтерінің сипаттамасы 1-ші кестеде келтірілген.
1- кесте


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет