Microsoft Word Берке Аю !docx


Аю не үшін салық төлейді?



Pdf көрінісі
бет11/13
Дата03.12.2022
өлшемі176,69 Kb.
#161094
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
берке аю

11. Аю не үшін салық төлейді? 
 
Көктемнің аяғы да жақындап қалды. Берке аю бөлмесінде шығындар мен 
кірістерді есептеп, көмекшісінің айлығын беруді ойлап отыр еді. Бір кезде бөлмесіне 
қонжықтары кіріп келді. 
- Əке, əке. Біздің дүкеннің табысы қанша?
Тосын сұраққа таңқалған Берке аю: 
- 10 мың теңге ғой, қонжықтарым, - деді.
- Неткен көп ақша, - деді қонжықтар таңданыстарын жасырмай. 
- Балалар, бұл ақшалардың жартысын салыққа төлейтінімізді ұмытпаңдар. 
- Салық? Салық деген не нəрсе? – деп сұрады үлкен қонжық.
- Барлық кəсіпкерлер тапқан табысының жартысын салыққа береді. Бал аралардың 
фабрикасы да, Борсықтың құрылыс зауыты да, Түлкінің сақтандыру фирмасы да 
бəріміз – Орманды əкімшілігіне салық төлейміз.
- Не себепті салық төлейміз? Орманды əкімшілігінде ақша бар емес пе? – деді 
қонжықтар таңдана. 
- Өйткені, Орманды əкімшілігі салықтан түскен ақшаға балабақшаларды, Тоқылдақ 
мырза басқаратын емхананы, сендер оқитын мектептерді қамтамасыз етеді. Салықтан 
түскен ақшадан мұғалімдерге, дəрігерлерге, орман күзетшілеріне жалақы беріледі. 
Сосын тағы қарияларға зейнетақы, студенттерге шəкіртақы, көп балалы отбасыларға 
жəрдемақы да салықтан түскен ақшадан беріледі.
Міне, салық дегеніміз осы. Түсіндіңдер ме, балалар? 
- Түсінікті əке. Бірақ сен салық төлесең, анамыздың туған күніне алатын сыйлыққа 
ақшамыз жетпей қалады ғой, - деді қонжықтар мұңайып. 
- Жетеді. Мен де сендер сияқты ақша жинаймын. 
- Əйнек банкада ақшаны қалай сақтайсыз? Сынып қалады ғой, – деді қонжықтар. 
Берке аю күліп жіберді.
- Əйнек банкада емес, жинақ банкасында. Жинақ Банкі туралы келесі жолы айтып 
беремін. Қазір, барыңдар, ойнаңдар! – деді аю жымия.
1. Балақай, сен ақшаны қайда сақтайсың? 
2. Салықты не үшін төлейді екенбіз?


12. Берке аю жəне жинақ банкі 
 
Қалың қарын боратып қыс келді. Қонжықтар алғашқы қарға мəз болысып, 
аулада ойнап жатқанда əкелері шақырып алды.
- Ал қонжықтарым, жинақ банкі туралы білгілерің келе ме?
- Иəə, - деп шулап қоя берді қонжықтар.
- Ендеше, менімен жүріңдер, – деді Берке аю сөзін жұмбақтап.
Сөйтіп Берке аю қонжықтарын ертіп Орманды қаласының ортасында орналасқан үлкен 
ғимаратқа келді.
- Міне, - деді Берке аю. – Жинақ банкі деген осы. Сөйтті де қалтасынан жұқа дəптерді 
алып шықты.
- Мынау біздің жинақ кітапшамыз. Мұнда мен банкаға қай уақытта қанша ақша 
салғаным жазылған. Осы кезде кіші қонжық Берке аюдың сөзін бөліп былай деді:
- Дұрыс істегенсіз. Мынадай үлкен банкада сақтаған жақсы, ешкім ұрлап кетпейді.
- Тек ол үшін емес. Мен жинақ банкасына ақшам өссін деп салдым, – деді Берке аю.
- Өскені қалай? Ақша деген өсе ме? – деді қонжықтар таңқалып.
- Əрине ақша өседі. Саңырауқұлақ немесе сəбіз сияқты емес, бірақ банкада жата берген 
сайын көбейе береді. Біз салымшылар банкаға ақшамызды өткізгенде, ақшалар босқа 
жатпасын деп оларға ақшамызды пайдалануға рұқсат береміз. Тегін емес, пайызға 
əрине. Мысалы, мен 3000 теңгені 3 айға салдым. 3 ай өтті, енді қолыма 3900 теңге 
аламын. Міне, ақша өседі деген осы, – деді Берке аю.
- Міне, керемет! – деді қонжықтар.
- Ал қонжықтар, енді аналарыңа сыйлық таңдаңдар, – деді Берке аю. Қонжықтар мəз-
мейрам болып, сыйлық таңдауға дүкенге аяңдады.
1. Балақай, ақшаны қайда сақтаған тиімді?
2. Егер Берке аю қаражатын 3 айға емес 6 айға сақтауға бергенде қандай табыс табар 
еді?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет